«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет2/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar
!1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі., 64537
Орман мелиоративтік екпе ағаштар

Орман мелиоративтік екпе ағаштар, әсіресе басқа шаралармен бірге, топырақтарды эрозиядан жақсы қорғайды, егіс танаптарының ылғалдығын арттырып, құрғақшылық жылдары ғана емес, қолайлы жылдары да жоғары. Сонымен қатар, орманмелиоративтік алқа ағаштар ауылшаруашылық жерлерді шайылудан, бұзылудан берік қорғайды.

Өзен, көл, су тоғандары, жыралар мен жарлар, темір және автомобиль жолдары бойына оларды кар мен құм басудан саңтайтын алқаағаштар өсіру және құмдарды бекіту үшін орман отырғызу өте маңызды орын алады.

Орманды мелиорация құралы ретінде пайдалану оның өзіндік табиғи қасиеттеріне негізделген. Ол жел жылдамдығын азайтады, орман өскен жерлер топырағы атмосфералық жауын-шашын суларын тез сіңіреді, осының әсерінен судың жер бетімен ағысы болмайды. Орманның осы қасиеттері тек өзі өскен аумаққа ғана емес, кәрші аумақтарға да таралады.

Топырақты жел және су эрозияларынан қорғайтын, микроклиматты жақсартатын орманмелиоративтік шаралар контурлық-мелиоративтік алқаағаштардың берік жүйесін өсіруді қарастырады. Су жиылатын аумақтардың бұл жүйелер жергілікті жер бедерін, топырақ жамылғысының ерекшеліктерін ескере отырып, жер пайдалану аумақтарында тиімді орналастырылады. Аталған жүйе қорғаныш ормандарының келесі түрлерін біріктіреді:

а) егіс танаптарын қорғайтын орман жолақтары, ені 9-12 м; оларды егістіктерді құрғақ желдер, құйындар мен жел эрозияларының зиянды әсерінен қорғау үшін танаптарда, суайрықтарында орналастырады;

б) ені 15 метрге дейінгі су реттейтін орман жолақтары; еңіс бетте орналасқан танаптарда су ағуды реттеу, топырақтың су эрозиясын азайту, микроклиматты жақсарту үшін өсіреді;

в) аңғарлар мен жыралар маңындағы ені 15-21 метрлік аңғар және жыра маңындағы орман жолақтары судың жер бетімен ағысын реттеу, жер эрозиясын тоқтау, өнімсіз жерлерді шаруашылықтық пайдалану, төңірегіндегі танаптардың микроклиматын жақсарту қызметтерін атқарады.

Жоғарыда аталған ауылшаруашылық егістіктер үшін негізгі орманмелиоративтік алқаағаштардан басқа қорғалатын аймақтардың ерекшеліктерін ескеретін басқа түрлер де бар:

а) сулардың булануын азайтатын, жерасты суларының деңгейін түсіретін, егіс танаптарын құрғақ желдер мен шаңды құйындардан қорғайтын суармалы жерлердегі каналдар бойындағы орман жолақтары;

б) жайылымдар өнімділігін арттыратын және жануарларды жел мен ыстықтан қорғайтын жайылымдардағы орман жолақтары мен алқаағаштары;

в) ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын, бұзылған құмды топырақтарда құмдарды бекіту үшін және оларды құнарлы жерлерге айналдыру үшін өсірілетін кулистік және жалпы орман алқаағаштары;

г) қар мен құм басудан қорғау үшін қызмет атқаратын жол бойындағы орман жолақтары;

д) қоршаған ортаны сауықтандыру үшін өсірілетін елді мекендер ішіндегі, оның маңайындағы қорғаныштық және декоративтік алқаағаштар;

е) тау қойнауындағы кен үйінділерін рекультивациялау үшін өсірілетін орман алқаағаштары.

Өсіп жетілген әрі дұрыс өсірілген контурлық-мелиоративтік жүйе ауа райында оларды реттейтін, Топырақты жел және су эрозиясынан қорғайтын, егістіктердің микроклиматын әрі бүкіл агроландшафты жақсартатын өзіндік бір құрылымды бейнеледі. Осылардың барлығы табиғатты қорғау мәселелерін шешуде және ауылшаруашылық өндірісінің табиғи жағдайларын жақсартуда орман мелиорациясына маңызды орын береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет