Орндаған: Бүркітбай Жасмин Нұркен Тохаев Мен неліктен күлмеймін?



Дата26.12.2023
өлшемі15,6 Kb.
#199511
Байланысты:
Нарық Жасмин
Повес Жасмин, СӨЖ

Орндаған: Бүркітбай Жасмин


Нұркен Тохаев
Мен неліктен күлмеймін?

Базар жақта бақ іздеуде бар адам,


Айлық ақсап, бас айналды бағадан.
Бала көрдім қара нанға қараған,
Қозы көрдім қой терісін жалаған.

Мына бізбіз уыз сүтті қан қылған,


Мына бізбіз хан ұлындай мал қырған.
Егеменді ел...Не нәрсе бар аңдыған?!
Елерген ер...Қайыршымыз қаңғырған.

Жұт жылына жасап жатыр елім шеп,


Көсегемді көгертпейді-ау келімсек.
Татар нанға абыройын саудалап,
Атар таңға лағнет айтты келіншек.

Халық аш жүр, қолы жетпей жұмысқа,


Нарық қасқыр шақыруда қылмысқа.
Күні кеше құт сақтаған ырысқа,
Түк таппаған үйге кірді құмырсқа.

Кім кінәлі? Кімді бүгін тілдеймін?


Елдің халқын кім ойлайды, білмеймін,
Күрсіндім бе, күлкі кілті – халықта,
Түсіндің бе, мен сондықтан күлмеймін!
Тақырыбы: нарық
Идеясы: халықтың қалай қиналғанын көрсету
Автордың ұстанымы: осы күнімізге кімді кінәләйміз, кімнен көреміз
Өлеңдегі көңіл-күй: қиналған халық
Жанры: Әлеуметтік

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет