Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясына жатпайтын объектiлер үшiн тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi мен тексеру парақтарын бекiту туралы


Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесiн



бет5/8
Дата19.07.2020
өлшемі366,5 Kb.
#74444
1   2   3   4   5   6   7   8
4. Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесiн
бағалау критерийлерi

      12. Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын (бұдан әрi - Бақылау субъектiлерi) тәуекел дәрежелерiне жатқызу бастапқы және кейiнгi бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезiнде Бақылау субъектiлерi:


      1) жоғары тәуекел тобы:
      өнеркәсiптiң, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдарына;
      тiзбесi «Өндiрiлуi, өңделуi, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануға тиiс улардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 13 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдарына;
      аумағында тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдарға.
      2) орташа тәуекел тобы:
      орталық атқарушы органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына;
      облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына;
      Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына.
      3) төмен тәуекел тобы:
      Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылмаған қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына;
      қалалық және ауылдық аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына;
      бiлiм беру объектiлерiне (Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мектептерi, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары);
      50 адам асатын стационарлық денсаулық сақтау объектiлерiне бөлiнедi.
      13. Азаматтық қорғаныс саласындағы Бақылау субъектiлерiн кейiнгi бөлу кезiнде осы Критерийлердiң қосымшасына сәйкес әр Бақылау субъектiге тиiстi балл берiледi.
      14. Жиынтық қорытындының нәтижелерi Бақылау субъектiлерiн тәуекелдер дәрежесi бойынша саралау үшiн қолданылады.
      15. Тәуекел дәрежелерi бойынша Бақылау субъектiлерiн саралау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      жоғары тәуекел тобына 60-тан жоғары және одан көп балл;
      орташа тәуекел тобына – 30-дан аса 60-қа дейiнгi балл;
      шамалы тәуекел тобына - 0-ден 30-ға дейiнгi балл алған Бақылау субъектiлерi жатады.
      16. Бiр тәуекел топ iшiнде Бақылау субъектiлерiн тексерудi басымды жоспарлау негiздерi:
      1) ең үлкен тексерiлмеген кезең (тексерiлмеген кезеңдi айқындау кезiнде жоспардан тыс тексерулер саналмайды);
      2) ең үлкен баллдың сомасы болып табылады.

Азаматтық қорғаныс саласындағы


тәуекелдер дәрежесiн бағалау
критерийлерiне қосымша 


Каталог: wp-content -> uploads -> doc
doc -> Қазақстан республикасы
doc -> Задача по созданию объединенной, эффективной, но разнообразной «зоны европейского высшего образования»
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар
doc -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 2 3 4
doc -> Мамандығы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
doc -> Проблемы высшей школы
doc -> Бағдарламасы бойынша оқитындар үшін «Қазақ тілі»
doc -> Қар мту жексенбілік кеңес беру тыңдаушылары үшін қазахстан тарихы пәні бойынша оқу сабақтарының 2010-2011 ОҚу жылына арналған тақырыптық жоспары
doc -> 2. Жапарова, Г. Ә. Информатика негіздері: оқуқұралы / Г. Ә. Жапарова. Алматы: Экономика, 2006. 295 с. (Оқуқұралы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет