Осы заманғы тұтықпа механизмдері. Орындаған: Зейнел Жанна



Дата08.02.2022
өлшемі171,56 Kb.
#120351
Байланысты:
бббб
ТЖБ 8 сынып

Осы заманғы тұтықпа механизмдері.

Орындаған: Зейнел Жанна

Тобы: 105-38

Қабылдаған: Бейсенова Б

Шымкент қ. 2021-2022

Жоспары:

  • Жоспары:
  • Кіріспе.
  • 1. Тұтықпа дегеніміз не? Себептері мен түрлері. Этиологиясы мен патогенезі.
  • 2. Тұтықпаның деңгейлері.
  • 3 Тұтықпаны түзетудің тиімді жолдары. 
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

«Баланың тұтықпаны түзетуге деген қызығушылығын ояту үшін, оны өзін еркін ұстап, тұтықпасына немқұрайлы қарайтын және керісінше тұтықпаны түзетуге бар ынтасын салған үлгі тұтарлықтай адамдар ортасымен араластыру қажет»

  • «Баланың тұтықпаны түзетуге деген қызығушылығын ояту үшін, оны өзін еркін ұстап, тұтықпасына немқұрайлы қарайтын және керісінше тұтықпаны түзетуге бар ынтасын салған үлгі тұтарлықтай адамдар ортасымен араластыру қажет»
  • А. Сикорский.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып бөлінеді, көбінесе ол баланың тілін жедел даму кезеңінде пайда болады. Сөз басында сирек жағдайда сөз ортасында пайда болатын артикуляция қимылы мен басқа сөйлеу мүшелерінің тырыспасы салдарынан логопат белгілі бір дыбыста іркілуге мәжбүр. Аталған белгілер клоникалық және тоникалық тұтықпаға жатады. Тоникалық тұтықпада науқасқа бір дыбыстың тежелуінен екінші бір артикуляциялық қимылға ауысу қиынға соғады. Тұтықпа өзінің дамуында кенеттен пайда болатын қысқа мерзімдік мүдірістен бастап, адамның қарым-қатынасқа түсуіне орасан зор қауіп төндіретін тұлғалық проблемаға әкеп соғуы ықтимал. Невротикалық тұтықпа дені сау балаларда стресс пен невроз салдарынан пайда болады. Балаларда туа пайда болатын және жүре пайда болатын жүйке жүйесі ауру салдары неврозды тұтықпаға ұласуы мүмкін.

  • Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып бөлінеді, көбінесе ол баланың тілін жедел даму кезеңінде пайда болады. Сөз басында сирек жағдайда сөз ортасында пайда болатын артикуляция қимылы мен басқа сөйлеу мүшелерінің тырыспасы салдарынан логопат белгілі бір дыбыста іркілуге мәжбүр. Аталған белгілер клоникалық және тоникалық тұтықпаға жатады. Тоникалық тұтықпада науқасқа бір дыбыстың тежелуінен екінші бір артикуляциялық қимылға ауысу қиынға соғады. Тұтықпа өзінің дамуында кенеттен пайда болатын қысқа мерзімдік мүдірістен бастап, адамның қарым-қатынасқа түсуіне орасан зор қауіп төндіретін тұлғалық проблемаға әкеп соғуы ықтимал. Невротикалық тұтықпа дені сау балаларда стресс пен невроз салдарынан пайда болады. Балаларда туа пайда болатын және жүре пайда болатын жүйке жүйесі ауру салдары неврозды тұтықпаға ұласуы мүмкін.

Этиология мен патогенезі. Тұтықпаның пайда болу себептеріне байланысты ешқандай ғылыми теориялар мен жүйелі эксперименталды мәліметтер жоқ. Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін: Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы. Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар. Жоғарыда атап өтілген жағдайлардың бірінің пайда болуы жүйкеге әсер етпей қоймайды, салдарынан тұтықпа пайда болады. Екінші себебі: – кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну) 

  • Этиология мен патогенезі. Тұтықпаның пайда болу себептеріне байланысты ешқандай ғылыми теориялар мен жүйелі эксперименталды мәліметтер жоқ. Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін: Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы. Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар. Жоғарыда атап өтілген жағдайлардың бірінің пайда болуы жүйкеге әсер етпей қоймайды, салдарынан тұтықпа пайда болады. Екінші себебі: – кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну) 

Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу – Шет тілдерін үйрету. – Еліктеу – Тахилалия (өте жылдам сөйлеу) Тұтықпа патогенезі қыртысасты дизартрия механизмімен ұқсас. Оның құрамындағы-дыбыс шығару, артикуляция мен тынысалу үрдісінің координациясы бұзылған. Сондықтан кей жағдайда тұтықпаны дизритмикалық дизартрия ретінде белгілейді. Бас-ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдардың өзара индукциялық іс-әрекеті ажыраса ми қыртысының жұмысын реттеуге кедергі келтіреді. Осыған байланысты қимыл-қозғалысты алдын-ала дайындайтын стриопаллидарлы жүйе жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.

  • Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу – Шет тілдерін үйрету. – Еліктеу – Тахилалия (өте жылдам сөйлеу) Тұтықпа патогенезі қыртысасты дизартрия механизмімен ұқсас. Оның құрамындағы-дыбыс шығару, артикуляция мен тынысалу үрдісінің координациясы бұзылған. Сондықтан кей жағдайда тұтықпаны дизритмикалық дизартрия ретінде белгілейді. Бас-ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдардың өзара индукциялық іс-әрекеті ажыраса ми қыртысының жұмысын реттеуге кедергі келтіреді. Осыған байланысты қимыл-қозғалысты алдын-ала дайындайтын стриопаллидарлы жүйе жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет