Өсімдіктегі су алмасу процесі


Тамырдың сору аймағындағы түкше клеткаларының су қабылдайтын негізгі бөлімі болғандықтан, оған судың қабылдануын толық қарастырайық



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі20,87 Kb.
#100030
1   2   3   4
Байланысты:
Су алмасу
4 лабка МИМ Қайырдинов Еділ

Тамырдың сору аймағындағы түкше клеткаларының су қабылдайтын негізгі бөлімі болғандықтан, оған судың қабылдануын толық қарастырайық: тамыр түкшесінің үшындағы клетканың су сору күші топырақ ерітінділерінің сору күшінен әрқашан артық болып келеді де, алғашқы клеткаға су протопласт арқылы өтеді. Келесі -жоғары жатқан клеткаларына судың өтуі, олардың су сору айырмашылықтарына байланысты. Сору күшінің мүндай айырмашылығын — сору градиенті деп атайды. Оның бағыты су ағынының бағытын айқындайды. Жоғары жатқан клеткалар су сору күштері әр клеткаға артқан сайын 0,1 атм. артып, су бір клеткадан сүзіліп, келесі клеткаларға көше алады.



Проф. Д.А.Сабининнің дәлелдеуі бойынша, судың бір түрі клеткадан келесі клеткаға көшуі олардың су сору айырмашылығына және клеткалардың өткізгіштік қасиетінің айырмашылығына байланысты болып қана қоймай, бір клетканың екі жағындағы зат алмасу айырмашылығына да байланысты болады. Ол төменде Д. А.Сабининнің келтірген нобайынан айқын көрінеді. Бұл нобайда Б клеткасының А клеткасымен жанасқан жағында тургор түзуші қосылыстар көп болып, соған сәйкес клетка шырынының осмос қысымы артып, ал, Б клеткасының В клеткасына жанасқан жағында реакция керісінше өтіп, осмос қысымы төмен болып келеді.

Міне, осыған байланысты бір клетканың сол жағының су сору күші күшті болып, оң жағының су сору күші төмен болып келеді де, соған сәйкес су біржақты ағуға, мәжбүр болады. Мүндай жағдай клеткада зат алмасу айырмашылығы жойылғанша жүре береді. Осылай клетка протопластары арқылы судың біржақты жылжуы өсімдік су сіңіруінің активті түрі болып табылады. Судың мұндай активті жүру жолын — симпласт жолы деп атайды. Симпласт жолы — өсімдік клеткаларында плазмодесмос жіпшелері арқылы жалғасып жатқан тұтас бір система. Судың мүндай активті қабылданып жылжуымен қатар, пассивті қабылданып, жылжитын жолы болады, оны апопласт жолы деп атайды. Бұл кезде су клетка протопластары арқылы өтпей, клеткааралық қуыстар мен клетка қабықшаларындағы бос қуыстар арқылы жылжиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет