Өсімдіктер мен өсімдіктер жамылғысы бойынша топырақ-грунттық жағдайлардың индикациясы



бет2/3
Дата24.09.2023
өлшемі138,7 Kb.
#182283
1   2   3
Байланысты:
фитоиндик

Топырақ қышқылдылығы индикациясы өсімдіктер жамылғысында ацидофильдер, базифилдер, нейтрофилдер болуы мен қалыптасуында жүргізіледі.
Топырақ тұздылығының индикациясы өсімдіктер жамылғысында галофит-өсімдіктер пайда болуымен және олардың басымдылығы, әр түрлі галофит түрлерінің басым және сандық қатынаста мүмкін болатыны анық. Кейбір жағдайларда өсімдіктер жамылғысының сипаты тұздылық деңгейімен қоса, топырақ ерітіндісінде тұз құрамын анықтауға да мүмкіндік береді.


Гидроиндикация құрғақ аймақтарда аса маңызды. Ол өсімдік жамылғысы арқылы жер асты суларының қасиетін анықтауда ықпал етеді Тереңдігі мен сипаты, минералдардың және мерзімді ырғағының деңгейі т.б. Осылайша, бұтақты жыңғыл – жартылай шөлдерде немесе шөлді жерлерде жер асты суларының 1-7 м. дейін тереңдікте өседі, ал оптимум дамуы 1,8-ден 2,4 м. тереңдікте болады. Шөлді өзендер қойнауында тұщы және жер асты суларының индикаторлары болып кейбір бұталар: бұталы ащышөп – salsola arbuscula, галостахис – halostaehys caspica т.б. келеді. Индикаторлардың арнайы топтары бар, олар жер асты суларымен байланыспаған жоғары деңгей суларын көрсететіндер (шұңғылда жоғары ағын сулары су тірегі деңгейіне дейін өтеді). Оңтүстік Қазақстанда дала мен орманды дала осындай тұщы су көзіне гигромезофиттер мен мезофиттер (қой бүлдірген – rupus saxatilis, тобылғы – filipendulaulmaria, құрғақ айрауық т.б.) басым болатын шалғындық шөптері мен қайыңдар жатады. Жер асты сулары индикаторлары болып тамыр жер асты суларына жететін – фреатофиттер тобының тамырларының тереңге кететін түрлері жататыны анық және суды капиллярлы аймақ ылғалымен қолданатын трихогидрофиттер жатады (12 - сурет А, Б). Омброфит өсімдіктер аса тереңге кетпейтін тамыр жүйесімен атмосфералық жауын-шашын көмегімен өмір сүретін өсімдіктер (12 - сурет В) бұл жағдайда индикатор ретінде жарамайды. 


12 – Сурет. Өсімдіктер: А - фреатофиттер, Б – трихогидрофиттер, В – обмроиттер (сызба) І – топырақ беті, ІІ – грунттық су астындағы капиллярлы жолақ; ІІІ – грунттық сулар
Гидроиндикацияның басқа жағы – топырақтың жоғарғы тамыры орналасатын жерінің ылғалдылық жағдайын анықтайтын өсімдіктер. Бұл жағдайда үлкен индикаторлық рөлді өсімдіктердің жамылғысында әртүрлі экологиялық типтегі суға қатысты өсімдіктердің басымдылығы: гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер және де олардың арасындағы өтпелілер жатады. Индикатор өсімдіктердің топырақ ылғалдылығын анықтауға арналған әртүрлі шкалалар бар. Мысалы, У.М. Ахмедсафин бойынша (1959) Оңтүстік Қазақстанның шөлінің грунттық суларының өсімдік-индикаторлары; Л. Г. Раменский және т.б. бойынша (1956); Кейбір өсімдіктер тек деңгейді ғана емес, сонымен қатар ылғалдылық мерзімді ырғағын көрсетеді. Мысалы, Волго-Ахтубинск қоймасында жатаған бидайық ұзақ емес үзілісті ылғалдылығы бар тіршілік ету ортасын дәлелдейді, ал кәдімгі күреңше керісінше ұзақ және тұрақты су басуды көрсетеді.
Торфтардың кейбір қасиеттерінің индикациясын – мықтылық, химиялық құрамы, жасы, ылғалдану ырғағы т.б. өсімдік қасиеттерін қолдану арқылы жүргізуге болады.
Кейбір өсімдік-индикаторлар топырақтың бір ғана ерекшелігімен байланыспай, топырақ факторларының белгілі үйлесуіне байланысты топырақ индикациясын бір мезгілде екі немесе бірнеше белгілеріне мүмкіндік жасайды. Осы принципте кейбір индикациялық деңгейлер құрылады, мысалы, Раменский Л. Г. (1938) бойынша, шалғындық өсімдіктердің құрамына қарай топырақ құнарлығын және ылғалдануын анықтауға мүкіндік береді. Кейде мұндай деңгейліктерді тор тәрізді көрсетеді. Ұзыннан бір фактор қойып, тігінен басқаны қояды немесе координата түрінде ортадан кеткен сызықтар бірнеше факторлар өзгерісін көрсетеді. Ескеру қажет, мұндай сызбалар қатаң мөлшерлік және геометриялық ойды ұстанбайды, бірақ сол не басқа өсімдікпен өсімдік ассоциациясына индикациялық мағыналығын береді. 

Геологиялық индикация өсімдік жамылғысы бойынша тау жыныстарының (мысалы, оның құрамын), мәңгілік мұздықтың жату тереңдігі мен ырғағын және т.б. сипатын көрсетеді. Әсіресе, аса маңызды сала геологиялық индикация дамуының нәтижесінде өсімдік индикаторын пайдалы қазбаларды табуда қолдану болып табылады. Тау жыныстарының минералды құрамы белгілі бір дәрежеде топырақ қабаттарына әсерін тигізеді: топырақтың арнайы минералдану шегі пайда болады. Олар өсімдік жамылғысынан не өсімдік жағдайынан көрінеді. Индикаторлы белгілердің бірі – флора құрамы. Тау жыныстарымен минералданған топыраққа бейім индикаторлы түрлері белгілі. Мұндай индикаторлар басқа жағдайда кездеспейді және белгілі элементтерге мықтылығымен ерекшеленеді (кейде талаптана). Сәйкес «флоралар» белгілі: «галмейлі» (Viola calaminaria және т.б.) - топырақтық цинкқа бай екенін көрсетеді; «Серпентинитті» (немесе серпентинді) серпентинатта магний көп; «даломитті», «мыстылы» (соның ішінде «мысты» мүктер); кобальт, селеннің және т.б. индикатор - өсімдіктері. Тек метанды жерлерге бейімделген өсімдіктер түрлері металлофиттер атауына ие болды.
Геологиялық фитоиндикацияда индикаторлы белгі болып, өсімдіктің сырт пішінің өзгеруі де жатады (мысалы, тау жебіршөбі Балкан серпениттеріне бейім, жерге жақын бойы, жапырақтарының суккулентілігі) және әсіресе гүлдерінің түр түсі. Мысалы, ақ бадам магний әсерінен қызғылт түсті, қызылсары эшольция мыс болғанда – көкшіл, жебіршөптің ақ гүлдері серпениттарда – ашық күлгін түсті болады. Серпениттарда кейбір түрлер формалары морфологиялық расса ретінде сипатталатыны тек емес.
Геологиялық фитоиндикация өсімдіктердің химиялық құрамының өзгеруіне де негізделеді (пайдалы қазбаларды биохимиялық әдіспен анықтау). Көптеген өсімдіктер белгілі бір элементтерді жинақтауға қабілетті екені белгілі. Кейде мұндай жинақтау қасиеті кез-келген жағдайда, қоршаған ортаның элементтері аз болғанда да жүреді де, мұндайда индикатор қасиеттері болмайды. Мысалы, қайың тіршілік ету ортасына қарамай темір мен марганецті жинақтайды, теңіз балдырлары – йод, сушырмауық плауны –алюминийді, су жаңғағы - марганец т.б. жинақтайды. Осындай «өтірік индикаторлар» тізімі геологияда жақсы танымал. Басқа жағдайларда сол не басқа элемент концентрациясы өсімдік бойында тіршілік ету ортасында оның асқан құрамында ғана көтеріліп (геохимиялық жазықта), мықты индикациялық белгі ретінде болады. Егер өсімдіктердің құрамында элементтің осы аймаққа әдеттегіден гөрі 5 немесе оданда көп есе жоғары болса, ізену перспективті болады («биогеохимиялық аномалия»). Мысалы, кейбір аудандарда никельді іздеуде әдеттегі дала селеуі, қой бетегесі, шөлдала сұлыбасы сияқты түрлердегі концентрациясы арқылы табуға болады; вольфрамды оның селеуде, суық жусанда және т.б. түрлерінде жинақталған концентрациясы бойынша іздеудеуге болатыны анық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет