Основы написания и оформления научной статьи



Дата23.02.2023
өлшемі148,57 Kb.
#169916
түріОқулық
Байланысты:
тіл дамыту Бөж2
пед технология 6

Грамматикалық жаттығулар, оларға қойылатын талаптар
Дайындаган: Базарбаева Венера Муратбай қызы
Бөж-2
Грамматикалық жаттығулар, оларға қойылатын талаптар
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен программаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады.
Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардыңдағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс.
Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатарөз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді.
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай,
фонетикалық
синтаксистік
морфологиялық
лексикалық
Фонетикалық жаттығулардың міндеті- балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсібір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе «с» мен «ш», «р» мен «л», «ж» мен «з» сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.
.Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескеріліп отырады.
Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.Морфологиялық жаттығулардың мақсаты- ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет