ОсөЖ-5 Мәнжазба Тақырыбы



Дата06.02.2022
өлшемі17,95 Kb.
#81221
Байланысты:
қф 201 Бекұзаққызы Меруерт ОСӨЖ5


Филология факультеті


Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

ОСӨЖ-5
Мәнжазба
Тақырыбы: Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу


Дайындаған: Бекұзаққызы Меруерт
Тобы: қазақ филологиясы 201
Тексерген: Нұрлан Меруерт
Зияты зақымдалған (ақыл ой кемістігінің жеңіл және орташа түрі) оқушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшелігі
Зияты зақымдалған оқушылар екі бөлім бойынша білім алады:
1 бөлім – ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесіндегі оқушыларға 
арналған; 
2 бөлім – ақыл-ой кемістігінің орташа дәрежесіндегі оқушыларға 
арналған.
Білім беру және еңбекке баулу тәсілдерімен олардың даму ақаулықтарын түзету, сондай-ақ, түлектерді болашақта қоғамға біріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту мақсатымен жүзеге асырылады. 
Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады. Білім беру үдерісі білім беру деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады: дайындық, бастауыш сыныптар (0, 1-4); жоғары сыныптар (5-9). Мектепте сәйкес жағдайдың болуына қарай тереңдетілген кәсіби-еңбекке дайындықпен 10-шы өндірістік сынып ұйымдастырылады. 0, 1-4- сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыруда ақыл ойы кем оқушының тұлғасын жан-жақты психологиялық,медициналық, педагогикалық зерттеу түрлері мен әдістерін әзірлеу мақсатында, оның мүмкіндіктері және жеке ерекшеліктері анықталады. Оқушылардың білім алуға қызығушылығы оянады, оқу әрекетінің дағдылары мен дербестігіқалыптасады және жалпы сөйлеу тілін дамытуға, моторика бұзылыстарын түзетуге, балалардың тәртібіндегі зият және ерік-жігер сферасының ақаулықтарын жоюға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. 5-9-сыныптарда балалар еңбектің түрлі профильдері бойынша 
тәжірибелік бағыттылығы мен психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес 
дағдылығы бар жалпы білім беру пәндері бойынша білім алады. Жалпы білім беру пәндері бойынша білім мазмұнының көлемін меңгере алуына байланысты оқушылардың әлеуметтік бейімдігі мен кәсіби-еңбекке 
дайындығына аса назар аударылады. Мектептің бірінші бөлімінде дайындық (0) және 1-сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқушылардың білім алудағы даму деңгейінің нәтижесі, олардың өнімді әрекеттерінің негізінде, яғни сөйлеу тілінің даму деңгейімен, жазба жұмыстарымен, сурет салуымен, жасаған жұмыстарымен анықталады. 5-9-сыныптарда математика сабағының 1 сағатын геометрия элементтерін оқытуға бөледі.
Кезеңдегі сабақтар:
«Коррекциялық технология»: «Түзету ырғағы», «Сөйлеу тілі  дамуының кемшіліктерін түзету (логопедиялық сабақтар)», «Таным әрекеттерін түзету», «Емдік дене шынықтыру» түске дейін және түстен кейін өткізуге болады. Жеке және шағын топтық түзету сабақтарының ұзақтығы 20–25 минут. Шағын топтар сөйлеу тілі бұзылыстарының және психофизикалық бұзылыстарының ескерілуімен құрылады. Емдік дене шынықтыру сабақтары үшін топтар дәрігерлердің ұсынысымен құрылады.«Түзету ырғағы» топтарға бөлінбестен фронтальді түрде өткізіледі. 
Түзету компоненттерінің пәндері бойынша бағалау жетістіктері баллдық көрсеткіштермен белгіленбейді, сипаттама түрінде беріледі. 
«Жалпы еңбек дайындығы» 4-сыныптан 6-сыныпқа дейін енгізіледі. Мақсаты: кәсіби-еңбекке оқуына және болашақта сәтті әлеуметтік бейімделуіне дайындау. 
Бірінші бөлім 7-сыныптан 9-сыныпқа дейін еңбекке оқытуды кәсіптік бағытта жүзеге асырады. Еңбекке оқыту профилі түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері мен аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, мектеп әкімшілігімен белгіленеді. Осыған орай, еңбекке дайындау профилінің көпқырлығы және жергілікті жағдайдың ерекшелігіне байланысты мектептерге еңбектің жеке түрлері бойынша бағдарламаларды әзірлеуге құқық беріледі. 
Еңбек тәжірибесі:5-6-сыныптарда мектеп базасында; 7-9-сыныптарда мектеп шеберханасында жүзеге асырылады. Еңбек тәжірибесін өту мерзімі мен тәртібі мектеп педагогикалық кеңесімен белгіленеді. Мектепте еңбекке оқыту бойынша білім алуы емтиханмен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіп бойынша қорытынды емтиханнан босатылуы мүмкін.Факультативті сабақтарға бөлінген сағаттар түзету бағытыныңеңбекке оқыту профилі бойынша, сабақтар мектептің шешімімен пайдаланылуы мүмкін.Ақыл ойы орташа зақымдалған оқушылар саны жеткілікті болған жағдайда арнайы сыныптары бар екінші бөлім ұйымдастырылады. Ақыл ойы орташа зақымдалған оқушыларға білім беру осы категориядағы оқушыларға арналған Типтік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу бағдарламалары нұсқаушы сипатта болады. Егер, жеңіл ақыл ой кемістігі бар оқушылар оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламасын игере алмаса, онда оларға мектеп консилиумының қорытындысының негізінде мектептің екінші бөлімінің бағдарламасына бағытталған жеке білім беру бағдарламасы құрылады.
Екінші бөлім
Оқушылар тек жеке бағдарламалар бойынша білім алады, яғни сынып мұғалімінің және мектептің арнайы консилиумының оқушыны кешенді психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жарты жылдан аспайтын мерзімде құрылуымен жүзеге асырылады. Жеке бағдарламаны орындау мерзімі аяқталған кезде оқушының жетістіктерін талдау жүргізіліп, келесі жарты жылға жоспар құрылады.Педагогтар мен мектеп мамандары оқушылардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін, оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбиелік және түзете дамыту жұмыстарының мазмұнын, оқушының тәжірибелік дағдыларын және әлеуметтік құзыреттілігін меңгерудің даму жетістіктерін көрсететін құжаттарды жүргізіп отырады.Педагог әр оқушының жеке мүмкіндіктерін және білімділік пен тұлғалық жетістіктерінің мониторингісін ескере отырып, білім беру мазмұнын, әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын өз бетімен таңдайды.
Сыныптардағы білім беру мазмұны:
- өзі туралы түсінігін;
- өз-өзіне қызмет көрсету және өмірде өзін өзі қамтамасыз етуін;
- ортада бағдарлау және қоршаған орта туралы қолжетімді 
түсініктерін; 
- коммуникативті дағдыларын;
- заттық-тәжірибелік және қолжетімді еңбек әрекеттерін;
- тәжірибелік бағыттағы және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша қолжетімді білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Алғашқы сатыдағы білім беру үдерісі пәнсіз білім беру негізінде, яғни барлық сабақтар оқушыларды жалпы (коммуникативтік, қимыл-қозғалысын, сөйлеу тілін, сенсорлық) дамытуға бағыттала біріктіріліп ұйымдастырылады.
Оқушылардың жеке даму жетістіктері бойынша оқу үдерісінде жағымды динамиканың болуы пәндік білім беруге өтумен жүзеге асырылады. 
Екінші бөлімнің оқушыларының зияттық мүмкіндіктерінің айрықша шектелуіне байланысты, әр оқушының жетістіктерінің баллдық көрсеткіші психологиялық-педагогикалық мониторинг негізінде жүзеге асырылатын сипаттама түрінде бағаланады.Екінші бөлімге арналған оқу бөлмелері оқушылардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жабдықталады. Оқушылардың заттық-тәжірибелік, тұрмыстық-шаруашылық, ойын әрекетін ұйымдастыру және коммуникативті дағдыларын қалыптастыру қажеттілігіне сәйкес бөлмені зоналарға бөлген дұрыс болады. Оқушылар сабақ барысында бөлмеде еркін жайғасып отыруына, сабаққа керек дидактикалық материалдарды өзбетімен таңдап алуына мүмкіндігі болуы тиіс. Екінші бөлімдегі сыныптарда күнделікті өтетін сабақ кестесі оқушылардың күн бойғы әрекеттерінің табиғи ырғағын, физикалық және зияткерлік шаршағыштығын, олардың белсінділігін түрлендіре ауыстыру қажеттілігін ескере отырып әзірленеді.Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектептердің (сыныптардың) екінші бөлімінде оқушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мектеп ресурстары ескеріліп, еңбекке оқытудың қарапайым түрлері ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі оқушының психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің нұсқауын және мектеп мүмкіндігін ескеріп, жеке анықталады. Қажеттілігіне қарай еңбекке оқыту профилі өзгертілуі мүмкін. Екінші бөлім оқушылары еңбекке дайындау пәндері бойынша бітіру емтиханын тапсырмайды.Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектептерде (сыныптарда) білім алатын оқушылар екінші жылға қалдырылмайды. Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектептердің (сыныптардың) екінші бөліміндегі түлектер облыстық (қалалық) білім басқармаларымен келісе отырып, мектеп әзірлеген формадағы мемлекеттік үлгіде куәлік алады.

Пайдаланылған әдебиет:


1. www.kaznmu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет