ӨСӨж орындаған: Қалабай. M тексерген: Балтымова. М



Дата08.02.2022
өлшемі19,51 Kb.
#119285
Байланысты:
Қалабай Мерует ҚТӘ-202 Инклюзив өсөж
Қалабай Мерует ҚТӘ-202 Инклюзив өсөж

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


ӨСӨЖ
Орындаған: Қалабай.M
Тексерген: Балтымова.М

Зиятында ауытқуы бар тұлғаларға арнаулы білім беру жүйесі
Қазіргі таңда арнайы интернат-үйлері медициналық-әлеуметтік, психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға арналған мекемелер болып өзгертілді, яғни бұл жерде медициналық көмекпен бірге түзете-дамыта оқыту, еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру жұмыстарды жүргізу ұйымдастырылған.
Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршылар зиятында ауыр және терең ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлекеттік немесе жеке меншік білім беру мекемелерін таңдауға құқылы. Бұл топтағы балалар бастауыш және кәсіби білім алуға құқылы. Бастауыш білімнің мазмұны – оқу, жазу, есептеудің қарапайым деңгейіндегі білім, икемділік пен дағдыны қамтиды.
Қазақстан Республикасында мүмкіншілігі шектеулі балаларға оңалту мен білім беру көмегінің жаңа ықпалы 2002 жылы 11 шілдеде қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңында көрсетілген. Осы заңда зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балаларға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету бөлімі анық көрсетілген.
Жоғарыда айтылған мәселеге байланысты арнайы оқыту бағдарламасын құру қажеттілігі пайда болды. Біздің елде осы уақытқа дейін зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарлама болған жоқ. Ресейде 1976 жылы А.Р. Маллер мен Г.В. Цикото құрастырған «Программа для воспитания и обучения глубоко умственно отсталых детей», 2003 жылы Е.А. Екжанова мен Е.А. Стребелева құрған «Программа дошкольных образовательных учреждений компенсирующего вида для детей с нарушением интеллекта» сынды бағдарламалар жарық көрді. Осы негізде 2009 жылы Р.А. Сүлейменова және Г.А. Ильмуратова атты ғалымдарымыз «Коррекционно-развивающего обучения детей с тяжелой и глубокой умственной отсталостью» атты арнайы бағдарлама өңделді.
2005 жылы ұлттық-ғылыми тәжірибелік түзету-педагогикалық орталығында аталмыш балаларға арналған күндізгі бөлім ашылды. 1994 жылы бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қабылдаған жіктеуі бойынша зияттың төмендігі төрт негізгі деңгейге бөлінеді: жеңіл – F70, орташа – F71, ауыр – F72, терең – F73.
Зиятында ауыр және терең ауытқуы бар балалардың психикалық және дене дамуының жағдайларын сипаттай келе, келесідей ерекшеліктерді атауға болады: бұл топтағы балалардың қимыл-қозғалыстары баяу, мақсатсыз, жүру немесе жүгіру үрдісі кезінде қиындық танытады, бір әрекеттен екінші әрекетке ауысу қимылдары шектелген, сөздік нұсқауларды қимыл-қозғалыспен сәйкестендіре алмайды. Ал, кейбір балалардың қимылдары керісінше, өте жылдам және мақсатқа сай бағытталмаған.
Егер зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балалардың жалпы моторикасын сипаттайтын болсақ, онда бірінші орынға қимылдың ұғымдық құрылымының дамымағандығы алға шығады, яғни баланың тірек-қимыл қозғалыс аппаратының жағдайымен кейбір қимылдарды немесе қимылдардың элементтерін орындай алады, бірақ та тапсырманы түсіне алмауының себебінен қимыл- қозғалыстарды толығымен орындай алмайды. Сондықтан да, бала бөлмеде мақсатсыз ары-бері жүреді немесе бір орында отыра береді. Екі жағдайда да баланың кеңістікте бағдарлай алмайтындығын байқауға болады. Олар кеңістіктің шекараларын қабылдамайды, сонымен қатар өзінің бөлмеде тұрғанын түсінбейді.
Зиятында ауыр және терең ауытқуы бар балалар қоршаған орта болмыстарын үстіртін қабылдайды. Мысалы, бала пирамиданы жинау барысында оның сақиналарын таяқшаға кигізу қимылдарын меңгереді, ал егер басқа материалдан жасалған, көлемі, түсі басқа пирамиданы ұсынып, дәл сондай тапсырма берілсе, бала бұл тапсырманы орындай алмайды.
Түзету жұмысының нәтижесінде балаларда қарапайым елес пен түсініктер пайда болады. Мысалы, олар қабылдаған объектілерді біріктіре алады (киім, аяқ киім, ыдыс).
Зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балалардың көңіл-күйлері әр уақытта көтеріңкі болады, бірақ оның сол жағдайда қарапайым қажеттілігінің болмауынан (қарнының ашуы, шөлдеу, таныс емес бөлме) көңіл-күйлері кенеттен өзгереді. Мұндай балалар тез шаршағыш келеді, зейінін жинақтай алмайды. Эмоционалды реакциялары кедей, мысалы, қолындағы затты тартып алса, ол ренжігенін көрсетпейді, бірден жылап қалады.
Бұл топтағы балалардың зейіні тұрақсыз, бір әрекетте тоқталып қалумен шектеледі. Бір әрекетті меңгеріп алған соң, сол әрекетті мақсатсыз қайталаудан жалықпайды. Зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балалар ересектерге және де басқа адамдарға еліктей алмайды. Кей жағдайда ғана күнделікті кездесетін тұрмыстық үрдістерді қайталайды. Мысалы, сыпыру, үстелдің үстін сүрту, телефонмен сөйлесу және т.б. Аталмыш балалардың сөйлеу тілінің барлық жағы дамымаған болып келеді. Зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балалар нұсқауды түсінбегендіктен, олардың артикуляциялық аппараттарының қозғалысын тексеру оңайға соқпайды. Бұлшықет қозғалмалылығы өте төмен, еріндері әлсіз және толық жымқыру мүмкіндігі жоқ. Тілдерінің ұшы болмайды, әдетте тілдері өте үлкен және балалардың көпшілігінде сілекей бөліну үрдісі қарқынды жүреді.
Артикуляциялық аппараттың бұзылыстарынан тыныс алу жетіспеушілігіне алып келеді. Ал, балалардың көпшілігі қарым – қатынаста сөйлеу тілінің қажеттілігін түсінбейді. Нұсқауды белгілі бір әдеттегі жағдайда еліктеу арқылы, не болмаса дауыс ырғағына қарай қабылдайды. Лексикалық сөздіктің кеңеюі мен белсенді сөйлеу тілінің дамуының арасында тікелей тәуелділік жоқ, яғни бұл артикуляциялық аппараттың кемістігі, фонематикалық қабылдаудың бұзылысы және ақпарат алмасу қажеттілігінің төмендігімен байланысты.
Зиятында терең бұзылыстары бар балалардың ойлауы жүйесіз. Көп жағдайда ойлау операциялары мүлдем болмайды, болған жағдайда – ұғымдық байланыстары әлсіз келеді. Кей жағдайда балалар қарапайым жалпылауды орындауға қол жеткізеді ( мысалы, егер ыдысты алып беру ұсынылса, онда ол кесе немесе тәрелкені көрсетеді ). Өзіндік тәжірибені іс жүзінде өңдей алмайды, бірақ тұрмыстық жағдайда белгілі бір деңгейде бақылау мүмкіндігіне ие. Басқа балалармен қарым – қатынасқа түспейді және оларға зейін салуы эпизодтық тұрғыда болады. Ереже бойынша, бала өзінің орындаған әрекетіне көңілі толмайды.
Ойыншықтарға деген қызығушылығы төмен. Ойыншықтармен әрекет барысында тұрпайы қимыл – қозғалыстар жасайды, бала өзінің әрекетінің нәтижесінде бағытталмайды. Балалардың кейбірі қарапайым белгілер негізінде заттардың айырмашылықтарын ажырата алады ( доп домалайды, кубик домалайды ).
Жалпы моторикаларының дамымауынан еліктеу қабілеті, заттық әрекеттің дамуы, өз – өзіне қызмет көрсетуі баяу және кеш қалыптасады. Мұндай балалар талапты түсініп, орындау қабілетінен қатты шектелген. Ой – өрісінің жетілуіне жағдай жасайтын таным үрдістері – зейіні, қабылдауы, есте сақтауы дамымаған. Балалар дыбыстық тітіркендіргіштерге назар аудармайды. Зиятында ауыр бұзылыстары бар балалардың көпшілігі баяу қозғалады немесе қозғалу мүмкіндігінен айырылған. Бала өз дене жағдайын түсінбегендіктен, ол ыңғайсыз отырғанын түсінбеуі де мүмкін, сондықтан орындыққа ыңғайлап отыра
алмайды немесе қолын созып қажетті затты ала алмайды. Бас миы органикалық түрде қатты зақымдану себебінен, балалардың біршамасы тұра алмайды.
Сөйлеу тілі жоқтың қасы, жеке дыбыстар ғана шығарады. Кейбір жағдайда қоршаған ортадағы адамдардың назарын аудару мақсатында дыбыстық реакцияларды пайдаланады. Балалардың өздерінің негізгі қажеттіліктеріне жағдай жасауды түсінбейді. Көпшілігінде шайнау және жұту актілері болмайды. Сондықтан да, олар басқа адамдарға тәуелді болады.
Кемістіктері өте терең балалар қарапайым эмоцияларын көрсете алмайды (күлу, жылау). Балалардың көпшілігінде аутоагрессиялы талмалары болады (өзіне зақым келтіруге талпыну). Эмоциялары қарапайым, яғни қанағаттану немесе қанағаттанбау сезімімен анықталады. Сонымен қатар, зиятында терең ауытқуы бар балалар ересектер тарапынан берілетін эмоционалды қарым – қатынас белгілеріне немқұрайлы қарайды.
Көптеген бұзылыстар екіншілік болуы мүмкін екенін айта кеткен жөн: таным әрекетінің бұзылысы баланың дамуына себеп болатын барлық үрдістердің ауытқуына алып келеді. Бұл бұзылыстардың жиынтығы ерте балалық шақта анықталып, ағзаның ары қарай дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан да зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балалардың психикалық үрдістерін дамыту түзету жұмыстарының негізінде жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет