Отбасындағы тұЛҒааралық Қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері


Отбасылық қарым -қатынастың жеткіншек тұлғасының дамуына психологиялық әсері



бет6/17
Дата19.12.2021
өлшемі103,29 Kb.
#103280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Айдана СГТК
Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті, әдебиет толық
1.2 Отбасылық қарым -қатынастың жеткіншек тұлғасының дамуына психологиялық әсері
Хронологиялық тұрғыдан жеткіншек жас 10-12- жастан 14-15 жасқа дейін анықталады. Бұл жеткіншек жастың негізгі ерекшелігі жан-жақты дамудың жылдам, тез сапалы өзгеруі. Яғни, анатомо-физиологиялық жағынан қайта өзгерулер кезінде, психологиялық дағдарыс (кризис) жүріп жатады. Бұл жас әртүрлі қайғырулармен (переживания), қиындықтармен және ауыр дағдарыстармен бай. Бұл кезеңде жүріс-тұрыстың тұрақты формалары, мінез-құлықтың қырлары, эмоционалды әсер етудің тәсілдері қалыптасады.

Жеткіншек жастың тағы бір ерекшелігі, білімін одан әрі өсіруге деген талпынысы, әлеуметтік позицияны қабылдау, сонымен қатар өзінің «Менінің» қалыптасуы болып келеді. Жеткіншек жасты, жиі дамудың диспропорция кезеңі деп атайды. Жеткіншек жас кезеңінде өзіне деген көңіл аудару өседі, өзінің физикалық ерекшелігіне де, қоршаған орта пікірлеріне қайшыласу (обостряться) реакциясы да пайда болады, және өзіндік абыройлық сезімі жоғарылайды сонымен қатар тез ренжігіш те болып келеді. Жеткіншектің психофизиологиялық дамуындағы ең маңызды жағдай, ол жыныстық жетілу болып келеді.

Психофизиологиялық деңгейде жеткіншектер ыңғайсыздық сезімін бастан кшіруі мүмкін:


  • Эмоционалды сферасының тұрақсыздығы

  • Жүйке жүйесі іс-әрекетінің жоғарғы ерекшелігі

  • Қобалжушылық ахуалының жоғарғы деңгейі

Жеткіншектердің танымдық даму қабілетінің ерекшелігі, мектепте білім алуындағы қиындық жағдайы болып келеді, яғни үлгермеушілік, мінез-құлқына сәйкес емес іс-әрекеті. Жеткіншектің психикалық даму маңызы, өзіндік сана сезімнің орнауында. Ең бір жеткіншек тұлғасының маңызды сипаттама қыры, ол өзінің «менімен» өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жеткіншектің өзіндік санасының маңызы-өзінің физикалық «мен » кейпі, бейнесі, яғни денелік кейпі, ер азаматтық және әйелдік эталонмен өзіне баға беру, салыстыру көзқараста болады.

Физикалық ерекшелігінің дамуының төмендеуі өзін-өзі бағалаумен өзін сыйлау қасиетінің төмендеуі, және де қоршаған ортадан төмен баға аламынба деп қорқады, яғни тек сыртқы келбет жағынан.

Жеткіншектер көбінесе құрдастарының ой-пікіріне сүйенеді. Егер де кіші мектеп жасындағы оқушыларда үлкен танымайтын адамдармен қарым-қатынаста қобалжуды сезінсе, ал жеткіншектер өз құрдастары мен ата-аналарының алдында қобалжиды екен [8].

Өзінің идеалымен өмір сүруге талпынса, жеткіншек мінез-құлқының өзгеруінен ата-ана мен құрбы-құрдастары арасында конфликт жағдайы пайда болуы мүмкін. Жеткіншектің қарқынды биологиялық дамуы мен байланысты және дербестік талпынуы өз құрдастары арасында өзара қатынас кезінде қиындық туғызуы мүмкін.

Өжеттілік, келеңсіздік, ренжігіштік және агрессиялық жеткіншектер үшін, сенімсіздігіне эмоционалды реакция әсер етеді.

Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтармен тиісті әдебиеттерде көп әңгіме болып жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келеді. Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы ( жыныс т.б. жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал, жалпы алғанда, жеткіншек тым өзгеше сипатта келеді. Мысалы: жеткіншек төменгі сыныптарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жеткіншек жастағылар осы кезеңде бұрынға қалпынан үлкен адамдармен қарым – қатынаста болғанда, мейірімді, сыпайы келсе,енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді.

Л.С. Выготскийдің пікірінше жеткіншек жас екі процесс қатарын көрсетеді:


  • Табиғи – ағзаның биологиялық жетілу процесі, сонымен қатар жыныстық даму.

  • әлеуеметтік – кең түрде қарым – қатынас, тәрбие, әлеуметтену процестерінің дамуы жатады.

Бұл процестер әрқашан бір – бірімен байланысты, бірақ синхронды емес:

  • Әртүрлі балада физикалық және психикалық дамудың жолы ( мысалы бір бала 14-15 жаста ересек болып көрінсе, ал бір бала керісінше әлі жас бала болып көрінеді.)

  • Іштей биологиялық жүйе мен психика дамуының сәйкессіздігі де кездеседі.

  • Физикалық дамудың әлеуметтік дамудан ертерек болуы. ( физикалық жетілу ерте іске асады, әлеуметтікке қарағанда. Яғни әлеуметтік ол – мектеп бітіруі, мамандықты таңдауы, экономикалық жағынан еркін болуы т.б.) [16].

Жеткіншектік жас биологиялық мағынада өтпелі кезең болып саналады. Жеткіншектің әлеуметтік статусы жас баладан айырмашылығы жоқ деуге болады. Жеткіншек – әлі мектеп оқушысы және ата-ана қарамағында болады. Олардың негізгі іс - әрекеті – оқу болып табылады.

Биологиялық факторға жыныстық жетілуді жатқызады. Сонымен қатар, қарқынды даму мен барлық ағзаларының қайта жетілулері, терімен ағза жүйесінің де өзгеруі кіреді. Жыныстық жетілу басты биологиялық фактор ретінде мінез – құлыққа тікелей емес, жанама әсер етеді.

Жеткіншектердің мінез – құлқының лезде өзгеруі, ол жыныстық жетілудің басталуымен, қанда жаңа гормондардың пайда болуымен, және олардың орталық нерв жүйесіне әсер етуі болып табылады.

Жеткіншек жаc – бұл талапты ақыл, бір нәрсені тануға деген тойымсыз ұмтылу, энергияның тасып қайнап тұрған кезі, сонымен қатар іс - әрекетке деген қарқынды белсенділікпен ұмтылу жасы болып келеді. Бұл жаста әрбір бала – мақсатқа жету жолында табандылық, өжеттілік танытады, сонымен қатар алдынан шыққан кедергі қиыншылықтарды жеңуге деген ынтаның болуы, яғни еркін іс - әрекетке деген қабілеттілік. Жеткіншек іс - әрекеттің бір түрінде табандылық көрсетсе, ал екінші бір іс - әрекетінде дәл сол табандылықты қолдана алмауы мүмкін.

Жеткіншек жас өзінің албырттығымен танымал. Эмоционалды жағы өте қарқынды және оны басқару қиынға соғуы мүмкін. Жеткіншектердің танымдық іс – әрекеті өте қарқынды дамиды. Олардың зейін аударулары тек үлкен көлеммен тұрақтылықпен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, ерекше талғампаз болып келеді. Бұл кезеңде зейін ниетті болып келед. Сонымен қатар осы жаста жеткіншектің қабылдауы да ерекше, мақсатқа бағытталған болып келеді. Есте сақтау көлемі де үлкейеді, яғни тек бір затты есте сақтауы ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлауы да өте жақсы дамиды. Жеткіншектердің интеллектуалды іс - әрекетінде нақты өзгерулер пайда болады. Оның негізгі ерекшелігі 10-15 жаста абстрактілі ойлау қабілеті әрбір жылда үдейі өсіп отырады. Бұл жастың маңызды ерекшелігі – белсенді, өз бетінше творчестволық ойлауының қалыптасуы.

Жеткіншек пен ата – ана қарым – қатынасының өзекті мәселесі тәрбие болып келеді. Қазақ халқының ата тәрбиесі, ана, әже, ене тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Әсіресе, әже деп құрметтеп атап, қарт шешесін сыйлайтын дәстүр бар. Әжесінен тәрбие алған бала ертегі, әңгіме, өлең – тақпақты көп біледі. Бауырмал, сезімтал болып өседі, үлкенді сыйлағыш келеді. Өйткені әже әлдиі олардың құлағына жас кезеңнен сіңіп қалады [17].

Ана әкелік сезімнің жедел қалыптасуына себепші болады. Ол баланы «Әкең айтты» деп сендіреді. Шыныменен бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жонғыш бар тәрізді.

Отбасылық тәрбие стратегиясының көптеген классификациялары бар. Олардың бірі Санкт – Петербургтегі Т.М. Трапезникованың кешендік зерттеулер институтында (әлеуметтік) дамыған. Ол отбасылық тәрбиенің келесі стратегияларын бөліп көрсетеді:



  • Қатаң қадағалау, жазалау (жазғыру, талап ету, сөгіс айту және т.б.). Ата – ананың ойынша, бала ең алдымен тәртіпті болуы керек, бұл жағдайда ата – ана мен баланың қарым – қатынасы бастық – бағынушы стилінде;

  • Немқұрайдылық. Кейбір көп балалы отбасына, ата – анасы ішімдікке салынған немесе жұбайлар отбасынан тыс құндылықтарға көңіл аударатын, қайталама некеде тұрған отбасына тән;

  • Өзара қамқоршы. «Назар балаға аударылған». Бала отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы, әйел мен еркектің түйісетінортақ нүктесін табу құралы;

  • Қарама – қайшы талаптар. Ата – ананың бірі қатал, талап қойғыш, қадағалауды, жазалауды ұнатады; екінші – жұмсақ, либералды, «баланы басына шығарады». Жұбайлар келіспеушілігі туындайды;

  • Достық стилі. Бала көмек алады, оның қызықты қабілеттері ескеріледі.

Бұл стратегиялар баланың туа біткен белгілі бір қасиеттерін басады. Бұл қасиеттер түпкі қасиеттер болып табылады, олардың отбасылық тәрбие стратегияларымен әрекеттесуі салдарынан басқа қасиеттер қалыптасады. Түпкі қасиеттер қатарына жүйке жүйесінің қасиеттері (темперамент), жалпы зияткерлік қабілеттерінің ұшқындары жатады.

Отбасылық тәрбие стратегиялары осы қасиеттерге әсер етеді деген нәтижесінде жаңа қасиет пайда болады. Қатаң қадағалау стратегиясының жүйке жүйесінің әр түріне (мықты немесе әлсіз жүйкеге) әр түрлі әсер етеді, нәтижесі де әр түрлі болады. Мықты жүйке жүйесіне қатысты алсақ, баланы үнемі басу, тыйым салу, жазалау, қатаң қадағалау, бала тек қана шабуылдаушылық қасиеттің қалыптасуына әкеп соғады. Керісінше әлсіз, нәзік, эмоционалдық жүйке жүйесі тән балаға қатыстықатаң қадағалау және жазалау стратегиясы әлсіздік, сенімсіздік, тұйықтық, адамдармен байланыс жасаудан қорқу сезімін, байланысқа түсуден қашқақтауды қалыптастырады, әлеуметтік қорқақ адамның пайда болуына, яғни өз мүмкіндіктеріне сенбейтін тұлғаның қалыптасуына әкеп соғады.

Әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан. Халқымыз тәрбиесі кем балаға жаны ашып: «Әдепсіз бала – сорлы бала», деген ебедейсіз балалардың келешегінен күдіктенеді де, ата-анасының айтқанын екі етпейтін, тіл алғыш зерек, әр нәрсені танып, білуге құмар, елгезек, ықыласты, тәртіпті балаларды басқаларға үлгі етеді.

Бала біткеннің бәрі де ес білгеннен бастап білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам деп әрекет етуге ұмтылады. Ол өзін қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуді қалайды. Бұл баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге табиғи құштарлығы. Олар үшін жай нәрсенің өзі жаңалық. Бұлар әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Көптеген мақал-мәтелдердің мән-мазмұны осы айтылған идеяны да бейнелейді. Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен, жеке басының үлгісімен тәрбиелейді. Оның баласында үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік басым.

Халық ұғымында адамның негізгі өмір кезеңінің бірі – жасты кезең – бозбала шақ. Жастық шақтың басты белгісі – адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да елеулі өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, оның сана – сезімі өседі, психикасы шыңдала қатая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, зін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, жеке басындағы ойлар, адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды. Халық даналығы жастарға мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де таптырмайтын адам өміріндегі ең қызықты кезеңді бос өткізсең – оның орнын еш уақытта толтыра алмайсың деп бұл кезде адамда ғылым-білімді, өнердің сан алуан түрлерін меңгере алуға мүмкіндік мол болатынын, сол себепті көп оқып, үйреніп, біле берудің керектігін әдейілеп ескертеді, оларды еңбек сүйгіш, көпшіл, белсенді, өнегелі болуға шақырады. Жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жайында да небір сындарлы пікірлер айтқан. «Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй». Жас бөбектерге шынайы тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас өзгешелігін, мінез-құлқының өзіндік ерекшелігін айрықша ескерту қажет – дейді мақалдар.

Бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі рөл атқаратындығын аңғарған. Ойынның маңызы жөнінде мақал-мәтелдердің түйетіні мыналар: ойында бөьектің ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсе, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де, мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулынады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелігі. Халық даналығы адамның психологиясы негізінен іс-әрекет үстінде қалыптасатынына ерекше мән бере келіп, тәлім-тәрбие процесі үшін баланың кейбір туыстан берілетін қасиеттерімен де санасып отырудың қажеттілігін ескертеді .

Тәрбие ісі – «ой шұңқыры», қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бір жағына ғана, яғни тәрбие негізгілерінің бірі – тәрбиеленушілерге талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалап отыру мәселесіне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай кезінен бастап шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскінді жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне білуге машықтандыру қиын. Талап қою, міндет жүктеу, бала мектепке барғаннан кейін ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзі мүмкін емес. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға біртіндеп машықтануы қажет, ұстаздың талап-тілектерін орындау оқушы үшін – заң. Оқушыға міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу үлкен жауапты әрі жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ салып, оның психологиясын біртіндеп өзгертуге себепші болады өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәніндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі.

Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса, бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырыпта қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейдк оқушылардың теріс қылықтарын көре-тұра оны жазаламаудың да кесірі аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды кейде әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бір бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде, осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі, өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.

Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеуден басталуы қажет, өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, кісінің теріс қылықтарын айыптап, тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұлардың кейбір мына төмендегілер: біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет. Екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын. Үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет. Төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез-құлқы, т.б.) ескеріліп отырылсын. Бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін түрде ұйымдастырылғаны абзал. Тәрбие тәсілдері мен тетіктерінің осы айтылғаннан басқа да сан алуан түрлері болатыны әркез ұстаз бен шәкірттің есінде болуы тиіс.

ІІІ. Жеткіншек дамудағы психикалық дағдарыстар табиғатын жеке түсіну жеткіншектің өзіндік табиғатымен ерекшеліктерімен санаспау.



  • Жеткіншек мен қарым-қатынастағы қабылдамаушылық. Әдетте бұл жеткіншек арақатынастағы қабылдамаушылық. Әдетте бұл жеткіншек ата-ана үшін күтпеген келелі мәселе туындатушы және кәсіби өсуге кедергі ретінде саналған жағдайларда кездеседі.

  • Тәрбиелеу стиліндегі икемсіздік, стандартты көзқарас.

  • Жеткіншек тәрбиесіндегі қызбалықық қатынастың теңсіздігі.

  • Тәрбие мен қарым-қатынас стилінің тұрақсыздығы мен жүйесіздігі. Бұл жеткіншек бойына өзіндік “мен” образы өзіне сенімділікті қалыптастыруға кедергі келтіреді.

ІV. Ата-ана тұлғасындағы жағымсыз саналардың басымдылығымен сипатталады.

а) Отбасылық қарым-қатынастағы қызбалық жан күйзелісі, жақтырмау және қанағаттанбаушылық әдетте бұл айқай - ұрыс, болжау, қорқыту болып табылады.

б) Жеткіншектің қарым-қатынастағы басынушылық билікшілдік сапалықлық және пікірдің нұсқау беру, жеткіншекті өзіне бағындыру мен үнемі тыңдатуға тырысу.

в) Жеткіншекмен қарым- қатынаста өмірдің мүмкіндігі мен қабілеттеріне сенбеу дербес әрекеттері мен ойларына күмән келтіру.

V. Тәрбиелеу мен қарым-қатынастың негізгі сипатттары жатады.

а) Қайырымдылық . Мұнда жеткіншекке ата-ананың біреуі тарапынан шектен тыс қайырымдылық көрсетіледі.

ә) Әсіресе қамқорлық. Бұл жеткіншек болашағы өміріне қауіп жалғыздықты мойындауға деген мазасыздықтың көрінісі.

б) Жеткіншекке деген сүйіспеншілік. Ана өз жеткіншексының табиғатын толығымен емес, оның идеалды образдарымен қылықтарына деген ерекше сүйіспеншілігі.

в) Отбасының қарым-қатынас пен тәрбие барысындағы бақылау қадағалау. Бұл жағдай жеткіншекті өз бетінше ойлап шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен жүзеге асыруы, ойлау икемділігі жолындағы басты кедергі болып табылады. Жеткіншек әрекетінің барлығы дерлік ата-ана бақылауынан өтіп қадағалағандықтан жеткіншек бойында дербесшілдікпен өзінің шығармасын жүзеге асыру мүмкін болмайды.

г) Оқыту. Жеткіншек дамуы мүмкіншіліктеріне сай немесе жеткіншекті ерте жастан оқыту біден-бір іскерліктерге үйрету жеткіншекке кейде жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Танымның даму табиғи дамуымен астарласа жүргенде ғана оң нәтиже беретіні назардан тыс қалады. Жеткіншек мектепке барғаннан кейінде отбасылық қарым-қатынастың әсерінің күші кемімейді. қайта түрлене түседі [28].

Тұжырымдай келгенде дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас жеткіншектің тұлғалық психологиялық дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет