Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары. Африканың жер бедері, пайдалы қазбалары. Орындаған: Даурен Ақниет Тексерген: Кулбекова Айман Абдижаппаровна Жоспар



бет4/5
Дата10.02.2023
өлшемі1,36 Mb.
#168305
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оңтүстік Америка
Срс 1 Бақтай Азамат, МКБ емтихан сұрақтары (1)

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі, мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

  • Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі, мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.
  • Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы льянос және Бразилия саваннасы кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақтан қызыл қоңыр топыраққа ауысады. Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады: құрғақ кезенде шөптер құрғап, ағаштар жапырағын түсіреді, ал жаздың басында жаңбырдан соң шөптер шапшаң қаулап өсіп, ағаштардың жапырағы қалпына келеді.

Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2).

Жер бедері

Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.


Пайдалы қазбалары Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет