Оңтүстік Қазақстан көпсалалы



бет3/5
Дата12.09.2023
өлшемі27,74 Kb.
#180866
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
11.09.2023
стрептококктар
6. Үй тапсырмасы
 Лекцияны оқып,қосымша әдебиеттер оқып,10 сұрақ құрастыру.


Педагогикалық коррекция (дефектология) пəнінің бөлімдері
Сонымен, коррекциялық-педагогикалық қызмет – бұл бүкіл білім беру үрдісін (оқыту, тəрбие беру жəне дамыту) қамтитын, құрамына педагогикалық іс-əрекеттің объектісі мен субъектісі жəне мақсаттық, мазмұндық, бағалау, нəтиже сынды компоненттері кіретін күрделі психофизиологиялық жəне əлеуметтік-педагогикалық құбылыс. Психофизикалық ауытқулары бар балаларды оқыту жəне тəрбиелеу күрделі əлеуметтік-педагогикалық проблема. Дамуы мен мінез-құлқында кемістіктері бар балалардың дамуында кездесетін күрделі тұрмыстық, педагогикалық, əлеуметтік, т.б. қиындықтарды ескере отырып коррекциялық іс-əрекет мынадай бағыттарда жүргізілуі қажет:  Балалардың дамуы мен мінез-құлқындағы кемістіктердің шығу себептері мен алғышарттарын, табиғатын анықтау;  Коррекциялық педагогиканың шығу жəне даму тарихын зерттеу;  Дамуы мен мінез-құлқында жетіспеушіліктері бар балалардың жеке тұлғасына коррекциялық-педагогикалық əсер етудің технологияларын, əдіс-тəсілдері мен құралдарын жасау;  Дамуы мен мінез-құлқында кемістіктері бар балаларға жалпы білім беретін мектеп жағдайында жалпы жəне арнайы білім беру мəселелерін жан-жақты талдау;  Балаларды əлеуметтік қорғау жəне реабилитациялау орталықтары мен арнайы коррекциялық дамытушы мекемелердің мақсаттарын, міндеттерін, қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;  Нормадан тыс (аномалды) балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізетін оқытушы мамандарды даярлауға қажетті оқу-əдістемелік база құру. Біртұтас педагогикалық үрдіс аясында педагогикалық коррекция коррекциялық тəрбиелеу жəне коррекциялық дамыту ісəрекеттерінің жиынтығы ретінде көрініс береді. Коррекциялық-тəрбиелік іс-əрекет – баланың танымдық мүмкіндіктерін өзгертуге, яғни сезімдік-еріктік сферасын, жеке басының 10 қасиеттерін жақсартуға, сондай-ақ, еңбек, эстетикалық, көркемдік жəне т.б. қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Коррекциялық-дамытушы іс-əрекеттер – мектепке үйренуде қиыншылықтар көретін балаларға өз уақытында көрсетілетін көмек мəселелерін шешетін дифференциалдық оқыту шараларыныңжүйесі (Дифференциация – оқушыларды топқа бөліп оқыту негіздері. Əр топқа оқушылар кейбір жекебастық немесе психологиялық ерекшеліктерінің ұқсастықтарына сай біріктіріледі).

Баланың қалыпты дамуына қажет, Г. М. Дульнев пен А. Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.


«Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған, патологиялық күйлер болса – тітіркендіргіш және тежелгіш үдерістердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты талау және жинақтаудың күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін, ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады.
Екінші шарт – «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке үдерістерінің дұрыс сақталуы».
Үшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым- қатынасын қамтамасыз ететін, сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».
Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.
Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, әлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде, арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.
«Баланың психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын, алғаш рет В. И. Лубовский тұжырымдады. Ол ауытқулы дамудың үш иерархиялық деңгейін көрсетеді.
Бірінші деңгейге дизонтогенетикалық дамудың барлық түрлеріне тән заңдылықтар жатады.
Ақпараттарды қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану үдерісінің бұзылуы. Кез-келген патологияда, қоршаған ортаны қабылдау бұзылады. Даму ауытқуының түріне қарай, қоршаған орта туралы мағлұматтар бұрмаланады, мысалы, сенсорлы патологияда зақымданған анализаторлар арқылы алынған сенсорлы ақпараттар бұрмаланады, эмоцианалды–ерікті саласының патологиясында (психопатия, ерте жастағы балалар аутизмі), әлеуметтік ақпараттарды пайдалану бұзылады. Ересектер тарапынан көрсетілген кезкелген қарым-қатынас талпыныстары, агрессиялық реакциямен қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет