ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану»



бет13/35
Дата20.06.2018
өлшемі266,37 Kb.
#43875
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Баспалар
Ұлы Петрдің Ресейде мерзімдік басылымдарды жолға қоюы — халықты ағартудағы басты қадамдардың бірі болды. Халық ара- сына кеңінен тарай бастаған «Ведомости» ғазеті — Ресейдің ең бірінші ресми газеті болды. Кітап басып шығару ісінің қолға алынуына байланысты кітап саудасы да жолға қойылды. 1714 жылы кейіннен Ғылым Академиясының кітапханасының қорына негіз болған, түңғыш мемлекеттік Кітапхана ашылды. Ал 1719 жылы орыстың бірінші музейі өз жүмысын бастады, кейіннен бүл музей, I Петрдің кезінде-ақ Ресей империясының тарихын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Үлы Петрдің ғылым жөне ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. Бірақ, өкінішке орай, Академия ресми түрде 1725 ж., яғни Петр қайтыс болғаннан кейін ғана ашылды.Ұлы Петр жүргізген реформалар Ресейдің қоғамдық саяси, мәдени өнерінің сан-саласын қамтыды, бұл шаралар Ресейдің мәдени даму қарқынын тездетіп, мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мөдениетінің тарихында XIX ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бүл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға толық хақымыз бар. Басқаны былай қойғанда, орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. XIX ғасыр адамзат баласының ынтымақтастығы мен тендігі, бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық — адамгершілік ізденістерге толы болды. XIX ғасыр — XX ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мөдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталып, ақылдылығы, ғүламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дөл «Алтын ғасырдай» Ресейді «құтқаруға», жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.Дәл XIX ғасырдағыдай еш уақытта да сансыз қоғамдық қозғалыстар (анархистер, атеистер, халықшылдар, марксистер, нигилистер және т.б.) белең алған емес. XIX ғасыр — Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев, Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский мен Толстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, «Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді», Батыс-Шығыс дилемасындағы өзінің тарихи рөлін анықтай білді. Олай болса, XIX ғасыр мәдениеті дүниежүзілік мәдениет тарихындағы асқарлы белестердің бірі болды, өйткені дәл осы бір тарихи кезеңде орыстың ұлттық мәдениетінің нақты қалыптасуы жүзеге асырылады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі славяндардың мәдениеті қандай болды?
2.Ежелгі славяндардың дүниетанымы жайлы не айтасың?
3.Ежелгі Русь мәдениетінің ерекшелігі неде?
4.XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениеті қандай дәрежеде болды?
5.Mәскеулік кезең мәдениеті туралы
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Славян мәдениеті,монастыр,ежелгі Русь,капитализм.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттермен өркениеттер,қазақ мәдениетінің бастауы.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№8- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттермен өркениеттер,қазақ мәдениетінің бастауы.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақтың қазақ болып қалыптасуы саналы түрде өзіне дейінгі әлеуметтік – тарихи тәжірибені тұрмыс тіршіліктеріне жарата білуінің арқасында іске асты. Қазақстан мәдениеті көне елдер өркениеті қатарына жатады.Тәжірибені іске асыра білгеннің нәтижесінен қазақ мәдениеті адамдық қоғам болып қалыптасқан кезеңінен бастап іргетасы ерте қаланады.
*оқыту: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру;
*тәрбиелік: Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білетін, шығармашылық қабілетін дамыту;
*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Ежелгі славяндардың мәдениеті қандай болды?
2.Ежелгі славяндардың дүниетанымы жайлы не айтасың?
3.Ежелгі Русь мәдениетінің ерекшелігі неде?
4.XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениеті қандай дәрежеде болды?
5.Mәскеулік кезең мәдениеті туралы айтып бер?
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы:Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер, қазақ мәдениетінің бастауы.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1.Қазақ мәдениетінің түп негізі.
2. Ежелгі көшпелілер мәдениетіндегі мифология және космогония.
3.Ежелгі сақ өнері.Сақтардың дүниетанымы.
4.Ұлы Жібек жолы.Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениетінің дамуы.
5.Қазақ жеріндегі петроглифтер сыры.
Көне түркілердің көрші елдермен мәдени және экономикалық тығыз байланыста болғаны тарихтан белгілі. Ол туралы Альфред Вебер: “Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтар Қытай, Үнді және Батыс елдеріне баса көктеп еніп (жылқымен) жоғарыдағы үш атырапқа да ықпал етті. Ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Қиын-қыстау тіршілікпен қауіп-қатерлі мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді. Ол үстем нәсіл ретінде дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті” дейді. Орта Азия мәдениеті мен Үндістанды байланыстырған ертедегі жол туралы ғалым Т.Алмас: “... 8 мың жыл бұрын Тарим оазисінен «Ладак жолымен» көшкен ертедегі түркілер Солтүстік Үндістанға келіп, дравидий мәдениеті тұрғындарымен қарым-қатынасқа түсті” дейді. Оның дәлелі ретінде XX ғасырдың 20-жылдары Пакистанның Пенджаб және Синди штаттарында археологиялық қазба жүргізгенде табылған басындағы шашын лентамен байлаған ортаазиялық түркі типінің мүсінін келтіреді . Ертедегі Орта Азия мен Үнді мәдениеті арасындағы байланысқа жататын құшанның синкретикалық мәдениеті туралы Б.А.Литвинский былай дейді: “...көне тохар миграциясының характері мен бағытының түпкілікті қорытындысы әртүрлі ғылымдар саласындағы деректерге сүйеніп шешілетін болғандықтан, оның шешімін айтпай тұрып, көнетохар-фин-угор және жалпытохар-көнетүркі байланыстары Орта Азияның солтүстігі және оған іргелес жатқан солтүстік және шығыс облыстары арқылы жүргенін көреміз. Бұл аймақтарда б.д.д. I мыңжылдықтағы “скиф-еуропа” байланыстарына – оның ішінде “жануарлар стиліне” таралу жолдарына анықтама беретін “скифтердің” көптеген археологиялық іздерін көреміз. Ол көнетүркі тайпалары мәдениетінің таралу ареалының айғағы. Көне түркі тайпалары мен Солтүстік Үндістан тайпаларының арасындағы мәдени байланыстарды Пакистанның Қарақорым аймағынан табылған жартастағы суреттерден байқауға болады. Қарақорым жартастарындағы суреттер цивилизациялар мәдениеті және діни дәстүрлермен қатар, Азияның ұлан байтақ аймағындағы саяси және тарихи өзгерістердің айналымына (калейдоскопичность) дәлел. Ондағы Күнге табынуға арналған көптеген петроглифтер Тамғалыдағы, Жетісудағы, Ферғана даласындағы, Шығыс Түркістандағы жартастағы суреттерге ұқсас. Еуразия даласы б.д.д. II мыңжылдықта “дала қоласы мәдениетінің” дәуірі болды. Қарғалы рудниктерін зерттеген археолог Е.Черных: “Қола дәуірі Қарғалыдан басталады” дейді. Онда екі мың жыл бойы үздіксіз мыс өндірілген. Жезқазған аймағында 100 мың тоннадай мыс өндірілген. Орталық Қазақстанда 15 мың тонна таза қола өндіруге жететін 130 тонна қалайы өндіріліп, Орталық Қазақстан тау-кен металлургиясының орталығына айналды95. “Б.д.д. ІІ мыңжылдығында Қазақстан Еуразиядағы дала қоласының негізгі мәдениеті орталықтарының біріне айналып, онда өндірістегі құрал ретінде қола алуға қажетті, құрамында мыс, қорғасын, қалайы бар полиметалдық рудаларды пайдаланды”. Ол кездегі малшаруашылығы мен жер өңдеу мәдениетінің арақатынасы әр жерде әртүрлі, кейбір жерлерде аралас болды. Бірақ, жалпы көшпенділік болған жоқ. Сонымен қатар, көптеген дала мәдениеттерінде малшаруашылығы экстенсивтік формаға ерте ауысты. Қола, тіпті энеолит дәуірінің кезінде дала тұрғындары әртүрлі жайылымдарды меңгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, далаға тереңдеп кірді. Жайық пен Еділдің арасында, өзендерден 15-90 шақырымға дейінгі қашықтықта сол кездегі табылған молаларда ерлермен бірге әйелдер, балалар да жерленген. Өгізге немесе атқа жегетін арбаның пайда болуы қола дәуіріндегі малшылардың даланы меңгеруіне себеп болып, осы көліктер б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда олардың көшіп-қонуын жеңілдетті. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді 65. Шығыс Еуропада малшаруашылығының іздері б. д. д. III мыңжылдықта тек кельтиминар мәдениетінің жоғарғы қабатында ғана көрінеді. Орта Азияның солтүстігіндегі далада өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында пайда болды. Одан шығысқа қарай, Оңтүстік Сібірде өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында афанасьев мәдениеті кезінде пайда болды. Өндіріс шаруашылығының әртүрлі нұсқалары (варианттары) Еуразия даласында тек қола дәуірінде, яғни б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысы мен II мыңжылдықта түгел қалыптасып болды. Б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Шығыс еуропаның оңтүстігінде мүйізді ірі қара, қой-ешкі мен жылқы қолға үйретілген. Еуропа даласының кейбір аймақтары, Жайық пен Еділдің арасында б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда малшаруашылығының үлесі жер өңдеуден басым болды. Неолит пен қола дәуірінде малшаруашылығы Орталық және Батыс Еуропаның әртүрлі облыстарына тарады, бірақ олар әлі нағыз көшпенділер емес еді. Остеологиялық материалдар бойынша неолит, энеолит және қола дәуірінде Еуразия даласындағы мал түрі құрамының өзгерісі және соңынан осы аймақта көшпенділерге тән болған әр түрдің процестік арақатынасындағы өзгеру бағыты байқалмайды. Археологиялық қазбаларда табылған, ұзақ уақыт тұрақ болған мекендер де сол кезде көшпенді малшаруашылығы болмағанының дәлелі. Сонымен қатар, салт атсыз еуразияның көшпенділерін елестету мүмкін емес. Үй жылқысы Қара теңіз бен Донның аралығында б.д.д. IV мыңжылдықта пайда болды. Орманды даладағы Дереивка мекені мен Төменгі Дон даласындағы үй жануарларының остеологиялық қалдықтарының ішіндегі жылқы сүйегінің үлесі 80 пайызға жетеді. Ол туралы академик В.И.Цалкин, “мал тарихындағы, ең алғашқы жылқылар” деп жазды. Ең алғаш жылқыны жегуге, содан кейін ғана салт мінуге үйреткен болуы керек. Бірақ көптеген ғалымдар оған қарсы пікір айтады. Шығыс еуропа даласында жылқыны арбаға жегуді б.д.д. III мыңжылдықтан бұрын білмесе де, оған салт мінуді білген. Ол кезде жылқының ер-тұрман әбзелі болған жоқ, болса да өте қарапайым, өте жұпыны болар. Таяу Азияда б.д.д. III мыңжылдықта аттың үстінде адам жүген мен ерсіз, жайдақ отырған суреттер бар. Қалай болғанда да ол кездегі салтаттының мүмкіндігі мал бағудан аспады. Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды. Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы (линвистикалық материалдар үндіеуропалықтардың о дүние туралы көзқарасын жайылым – жайлау мағынасына реконструкциялай алады) немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу. Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі, сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз (Strabo, XVI, 4, 2; XVI, 4, 26).
Көк бөрі Ертедегі гректердің жазбаларында турлар немесе тұрандар мен массагеттер бір ұғымды білдірген. Сол кездегі парсы жазбаларында оларды сақтар (ауд. “ит” немесе “бөрі”, “көк бөрі”) деген. Ол иран, грек-латын және қытай жазбаларында да дәлелденген. Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді. Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен . “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды. Әр кездегі түркі мемлекеттерінің туларында көк бөрі бейнеленген. “Көк Тәңірі”, “Көк аспан”, “Көк бөрі” - осының бәрі түркілер үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан олар бөріні өздерінің пірі санайды. Ол туралы Сүйінбай Аронұлының: Бөрі басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, – деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған.
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғ. қалыптасқан Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өтуі түркі тілдес халықтарының мәдениетінің дамуына қосқан үлесі, тіршілігіне әкелген жаңалығы да мол болды.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (Ф. вон Ріцһтһофен) бен А. Һерман (А Һерман) 19 ғасырда ұсынған. Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Жава-Индонезия, және Виетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді.Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. Х ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы ХХ ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ мәдениетінің түпкі негізі.
2. Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
3. Қазақстан мәдениеті тарихындағы жазу мен әдебиеттің дамуы.
4. «Аңдық стиль» өнері.
5. Қазақтардың тұрмысы, салт-дәстүрі, рухани өмірі.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Мифология, тотемизм, анимизм,фетишизм, семиотика,синкретизм,
Тәңірі,номадизм,шамандық,Андроновтық мәдениет, «аң стилі», түркі,фольклор,петроглифтер,
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№9- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақстан мәдениеті көне елдер өркениеті қатарына жатады.Б.з.д. І мж. орт. Қазақстанның кең байтақ даласына, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуына және шаруашылықтың прогрессивті түріне көшуіне байланысты алғашқы қауымдық тайпалардың орнына темір дәуірінің сақ тайпалары келді.
*оқыту: Білімді қалыптастыру;
*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі,,мамандыққа бағдарлау;
*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
.https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/tx.html#People CIA World Factbook Turkmenistan
2. CIA World Factbook Afghanistan
3. Results / General results of the census / National composition of population. All-Ukrainian Census, 2001 (December 5 2001). Тексерілді, 5 тамыз 2007.
4. UNHCR: Census of Afghans in Pakistan
5.Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. НысанбаевАлматыҚазақ энциклопедиясыБас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Қазақ мәдениетінің түпкі негізі.
2. Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
3. Қазақстан мәдениеті тарихындағы жазу мен әдебиеттің дамуы.
4. «Аңдық стиль» өнері.
5. Қазақтардың тұрмысы, салт-дәстүрі, рухани өмірі.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшелігі.
2. Орхон Енисеи ескерткіші көне түркі жазбасы.
3. Түркі дүниетанымы мен қазақ дүниетанымындағы сабақтастық.
4.Күлтегін,Тоныкөк,Білге қаған жыры.Куле чор,Мойын чор ескерткіштері.Ертіс;талас жазбалары.
Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге30 табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.Түркі тілдері ресми болып табылатын Елдер мен автономиялық аймақтар.Ертедегі тұрандардың (түркілер, хиондар) Тәңір немесе табиғат діні б.д.д. VIII - V мыңжылдықтар арасында аңшылық дәуірде пайда болды. Ол қазіргі белгілі діндердің ішіндегі ең көнелерінің бірі болып саналады. Тәңір діні пайда болған кезде адам зұлымдық пен қайырымдылықты ажыратып бөлген жоқ, тіпті зұлымдықты білмеуі де мүмкін. Ол кезде адамның барлық дүниетанымы олардың арасындағы қарым-қатынастарға емес, табиғатқа бағынышты болғандықтан ол табиғат діні. Бұл дінді ұстанған түркілер аспанға, күнге, жұлдыздарға – яғни Тәңірге, сонымен бірге жер мен суға немесе Ұмайға табынды. Бұл дінде адамдарды қасиеттеріне қарай бөліп тұратын қайырымдылық және зұлымдық деген атымен жоқ. Яғни, бұл діннің негізгі мақсаты соңынан пайда болған зороастризм дініндегі немесе одан кейінгі жалпы философияның негізгі мақсатына айналған «зұлымдықпен күресу» кездеспейді. Көшпенділік дәуірде яғни б.д.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған зороастризм діні, оның пайғамбары Заратуштраның (санскриттан ауд. – “Түйесі кәрі”) атынан шыққан. Сол заманда тұрандықтар Тәңір дініне сенсе, үндіирандықтар және олардың ішіндегі көшпенді арийлер (ауд. – малдың иесі, малшы) зороастризм дініне сенді. Оларды күнге табынушылар деп атайды. Зороастризмге дейін осы тайпалардың барлығы Тәңірге сенуі мүмкін. Себебі Ұлы далаға б.д.д. IV-III ғғ. үндіеуропалықтар келгенге дейін оны мекендеген байырғы тұрғындар – тұран тайпалары, оның ішінде ғұндар күнге табынғаны тарихтан мәлім. “Ғұндар өздерін Күннің ұлдарымыз деп санаған” дейді Сымь-Цянь. Басқа тарихшылар да осыны айтады. Ғұндар өздерінің хандарын шаньюй, сосын тяньжу деп атаған. Олар қытайдың басшыларына жазған хаттарына: “Ғұндардың тағына Аспан, Күн және Айдың ұлықсатымен отырған Ұлы тяньжу” деп қол қойған.АреалыКөне түркілердің атамекені Алтай мен Орта Азия. Осы аймаққа үндіеуропалықтар келгенге дейінгі петроглифтерден Күн бейнеленген әртүрлі суреттердің табылуына және үндіеуропалықтардың осы аймаққа келгенге дейінгі тұрған жерінен күнге табынудың іздерінің кездеспеуіне қарап Күнге алғашында ғұндар табынған деуге болады. Демек, Күннің мәңгі қозғалысын білдіретін “свастика” мен “крестің” пайда болу бастауы сол көне дәуірде жатыр. Сондықтан, проф. С.Г.Кляшторныйдың осы тайпалар бір дінге сенді деген пікірін қабылдауға болмайды.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет