Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері [ қалыптасқан мерзімі: 1 Наурыз 1932 г. ]



бет4/4
Дата02.07.2018
өлшемі2,95 Mb.
#45499
1   2   3   4

Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: « Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған» Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: « Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін» Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы) - Ибрагим-ата мазары - Қожа Ахмет Яссауидің әкесі (Сайрам) - Қарашаш-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің анасы (Сайрам) - Гаухар-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің қызы ( Түркістан) - Али Қажы мазары - Қожа Ахмет Яссауидің күйеу баласы (Түркістан) - Баб-Араб мешіті – мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге бару Кіші қажылық деп санайды. - Домалақ-ана – Анар-ана – бұл қасиетті екі тас арасынан тек сенімі бар адам ғана өте алады. - Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін тексеріледі. - Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады. - Райымбек атаның жерленген орны – бұл жерге барып келген адамның жолы болып, жұмыстарында сәттілік болады. - Скит және 1921 жылы атлыған Серафим мен Феогнаст әулие монахтардың жерленген жерлері бар. Бұл жерде еркектер монастырі орналасқан. Оларға сыйыну денсаулық, сәттілік әкеледі, бәле-жаладан сақтайды. - Монахово ойпатында үңгір ішінде монахтар әдейі қамалып, қызыл әскерлермен қуылған кезде өздерін жарып жібереді. - Ребе Леви Ицхок Шнеерсон мазары, яғни қазақ жеріне жер аударылып, иудаизм дінін таратып, Тораны жақсы білетін Любавичский ребе Менахем Мендл Шнеерсон әкесі болып келеді. Мазарға әр жерден еврей ұлтынан адамдар келіп, сыйынады. - Қозы –Көрпеш және Баян – Сұлу кесенесінде ғашықтар бақыт тілеп, жалғыз адамдар - өмір серігін сұрайды. - Иса пайғамбардың суреті жақында христиан ұлтын таң қалдырған еді.(Қаратау) - Қоманқожа-баба және оның екі шәкірттері жерленген жер – « Кімде ұлы жоқ болса ұл беріп, кімде қыз болмаса қыз береді» Күзететін сақтаушы адам арнайы жерлерге кітаптар салып, ашық түсті матадан тұмар жасайды. (Қарағандының шығысында Айдарлы ауылы) - Құлболды –баба әулиенің мазары қабырғасының шаңы ем болады деп есептеледі.Топырағын суға араластырып ішсе ем болады, әсіресе бала ауруларына көмек болады. ( Шіркейлі ауылы) - Жар ішіндегі Бекет –ата мазары. Бұл жерге баратын адамдар сол үңгірдің манында қонса, түстерінде қиын мәселелеріне жауап таба алады. (Бейнеу, Маңғыстау облысы) - Астанадағы әйелдер монастырінде атаусыз жоғалып кеткен адамдарға іздеу салатын жер

- Оптина шөлінің әулиесі Севатиан әкейдің мазары орналасқан. Ол Карлагқа жер аударылып, Қарағандыда алғаш рет Рождество Богородицаға арнап шіркеу салады. - Белуха тауы – Рерих артынан еретіндер жиналатын жер. - Аркаим – көне зороастра қала мешіті, ол жерде 12 Аспан жұлдыздары салынған.Жазда бұл жерде зороастраға сенушілер жиналып сыйынады. Арыстан Баб кесенесі Арыстан баб ерекше адам болған. Оны аңыздар бойынша Қ.А Яссаудің ұстазы мен жол бастаушысы болып саналады. Арыстан баб XII ғасырда жерленген. Жуықтап сол кезде кесене де салынған. Бұл сақталған кесене XX ғасырдың басында салынған. Бірінші бөлмеде Арыстан баб орналасқан, екіншісінде – шәкірттері Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген.


Ибрагим-ата кесенесі

Бұл кесене Сайрамның солтүстік-шығысында орналасқан шейх Ибрагим- Ахмет Яссауидің әкесі мазарының үстіне салынған. Басындағы құрылысы (XII- XIVғғ.) көп уақыт шыдамай, құлап қалды. Кесене XIX ғасырда қайта салынды. Бұл кісі көріпкел, әулие кісі болған. Сайрам мұражайында жазбалар сақталған.


Қарашаш-ана кесенесі
Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескерткіш XIX ғасырға жатады. Алғашқы кезде кесене XIII ғасырда салынған болатын. Қарашаш-ананың шын аты- Айша-бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. Ол өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен ерекше адам болған. Қарашаш-ананы әлемнің барлық түріктері аса құрметтейді. Оны аналық қасиеті белгісімен құрмет тұтады.

Қарашаш ана, Айша Xатун — Қожа Ахмет Ясауидің анасы. Қарашаш ананың әкесі мұса шейх Ибраһим ата (Ибараһим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Қарашаш ана туралы деректер аз кездеседі. Содан бізге жеткені 13—14 ғ-ларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі. Ясауидің шешесінен жастай айырылғанына қарағанда Қарашаш ана 1099-1100 жыл шамасы қай тыс болған.


Сауран

Сауран қаласы туралы алғашқы ақпарат Х ғасырға жатады. В X IV ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болды. Авторлар барлығына тоқталып, Түркістан қорғандарының ішінде Сауран қаласы климаты жағынан, қорғану қамалдарымен, қаланың орнығуымен, жерімен артық екендігін ескертеді. Қазіргі қалашық солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550 м созылған қабырғамен қоршалған, қабырғадан асып түсетін 4 дөңгелек 2 төбеден тұратын елді мекен. Көлемі қоршаған ортаның үстінен 2-2.5 м созылған. Сақталған қабырғаның ұзындығы шашамен 1400 метрді құрайды. Қаланың ішіне екі қақпаны орналастырған. Қабырғаның айналасы іші тереңдігі 1-3 м., қалыңдығы 15-20 м. Қалашықтың сақталуына байланыстыоңтүстік қазақстандық ежелгі ортағасыр дәуіріндегі өнердің ерекшеліктерін тануға мүмкіндік береді.

Қалашықта табылған тиындар және керамика Қазақ Орталық Мемлекеттік музейінде сақталған.

Ақсу-Жабағалы петроглифтері және шыңды суреттер



1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағалы қорығы, Қазақстан және Орта Азияда алғашқылардың бірі болды. Археологиялық табылулардың орны болатын, Қазақстанның сұлу жерлерінің бірі. Қарабастау жерінде 140 миллион жыл – Юр кезеңінде бұрын өмір сүрген өсімдіктер және жануарлар қалдықтары бар.
Каталог: wp-content -> files
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Ілияс жансүгіров
files -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Мерекелер мен атаулы күндер Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
files -> Өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады
files -> Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар
files -> Мәдениеттану
files -> Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет