ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет3/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,19 Mb.
#10547
1   2   3   4

Жаңа сөздер (неологизм)-ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер.

Қазіргі атауы (неологизм)

Ескі атауы (архаизм)

Кеден

Ұшақ


Жарнама

Делдал


Зейнетақы

Саябақ


Кешен

Құжат



Таможня

Самолет


Реклама

Посредник

Пенсия

Парк


Комплекс

Документ





Көнерген сөз

Көнерген сөз-қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөздер. Оның екі түрі бар: архаизм және историзм.
Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.


Хайуанаттарға арналған «мейманхана»

Хабаровскіде Қиыр Шығыстағы ең үлкен хайуанаттар бағы бар. Хайуанаттарға арналған бұл «мейманхананың» аумағы төрт гектардан астам жерді қамтиды. Мұнда көршілес елдер және шетелдердің хайуанаттар бақтары мен цирктеріне жіберілетін жолбарыс, сілеусін, қабылан, қасқыр, аю, кабандар бағылады. Әуесқойларға арналған әдемі балықтар ұсталатын аквариумдар жасалады, ал жабайы құстар – қаз, үйрек, аққулар төбесі жабық бассейнде жүзіп жүреді.



Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Мәтіннің ішінен терминдерді көшіріп жазыңдар. Олардың қайсысы қай пәнге тән терминдер екенін айтыңдар.

1. Микроскоппен өсімдіктің ішкі құрылысын қарау үшін ең әуелі олардан препарат даярлайды. Пияз қабығының препаратын микроскоппен қарағанда, қабықтың біріне-бірі тығыз жанасып жатқан клеткалардан құрылғанын көреміз. Клетканың ішінде, қабықшаның астында кілегейлі тірі зат — протоплазма болады. Протоплазмада тығызырақ заттан құралған және өзі жұмырлау келген ядро болады. Клетканың протоплазмадан қалған бос орнын клетка шырыны толтырып тұрады. Ол вакуоля деп аталады. Әрбір клеткада мына бөліктер бар: протоплазма, ядро, клетка шырыны бар вакуоля, кабықша. 2. Жазық бұрыштың жартысына тең бұрыш тік бұрыш деп аталады. Бір-бірмен тік бұрыш жасайтын түзу сызықтар өзара перпендикуляр деп аталады. Тік төртбұрыштарды сызу үшін чертёждік үшбұрыш қолданылады. 3. Вулкандардың кейбіреулері сөнбеген. Олар оқтын-оқтын күл мен лава атқылайды.


БЕСІНШІ САБАҚ

Тұрақты тіркес. Мақал мен Мәтел


  • Тұрақты тіркес- сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.

  • Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертүге,басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.

Мысалы:


Тұрақты тіркес

Мағынасы

Ит өлген жер

Тайға таңба басқандай

тепсе темір үзеді

өгіз аяң


жел аяқ

тілді үйіреді

көз шырымын алу

су татиды




Алыс

Анық


Мықты

Жай басар

Жүйірік

Тәтті


Ұйықтау

Дәмсіз





  • Тұрақты тіркес сөйлемде бір сұраққа жауап беріп,бір сөйлем мүшесі болады.


Мақал мен Мәтел
Мақал- өмір құбылысын жинақтай отырып,түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі


Оның мәтелден ерекшелігі:

1.Құрылысы жағынан екі,үш бөлімді болады.

2Ой нақты айтылады.

3.Ақыл-кеңес, лгі-өнеге түрінде айтылады.


Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді,жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді

Жері байдың елі бай.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан болған артық.

Еменнің иілгені – сынғаны,ер жігіттіңекі сөйлегені - өлгені.
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтып, астарлап,жұмбақтап айту мен басымдау болатын халық мұғасы.


Оның мақалдан ерешелігі:

1. Көбіне бір бөлімді болады.



2. Ой ишара, тұстал түрінде айтылады.

3. Көбіне эмоциялық мағына басым болады.


Көппен көрген – ұл той.

Әлін білмеген әлек. Кемедегінің жаны бар.

Ел құлағы – елу.

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Тіл өнеріне қатысты төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз және бір-екі мақалдың мәнін мысалдармен дәлелдеп көріңіз.
Өнер алды – қызыл тіл.
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Басқа пәле – тілден.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

Жақсы сөз – жарым ырыс.


Тіл – қылыштан да өткір.
Тіл тәуелсіз болмай,

Ел тәуелсіз болмайды.


Сөз қадірін білмеген,

Өз қадірін білмейді.


Жүйелі сөз жүйесін табар,

Жүйесіз сөз иесін табар.


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2-жаттығу. Төменде берілген фразеологиялық тіркестердің антонимдік жұптарын табыңыз.

Бағы тайды, есіне түсті, су жүрек, тас бауыр, ант ішті, ит өлген жер, күдер үзбеу, бауырына тарту, тілі байланды, қабырғасы қайысу, тіс жармау, шөп басын сындырмау, көз ілмеді.


3-жаттығу. Текстен тұрақты тіркестерді тауып, олардың еркін сөз тіркестеріне ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын түсіндіріңіздер.
- Балам, ағалық билікті саған бердім, - дейді.

Бала Төле жұлып алғандай:

- «Сары табақтан сарқыт қайтады» деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын Үйсін, сол жағын Арғын жайласын, - деп билік айтады.

Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді.

Сонда төрдегі би:

Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің.

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Мандайдағы бағы бол!-

деп, бала Төлеге бата берген екен.

Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.
Мәтін тапсырмалары

Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.

Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.

Мәтінді әңгімелеп беріңіз.
ЖАНУАРЛАР АНАТОМИЯСЫ
Жануарлар анатомиясының ғылым ретінде қалыптасуына көптеген ғылымдар өз еңбектерін сіңірді. Үй жануарларының анатомиясы туралы бірінші оқу құралы 1645 жылы итальян ғылымы М.Северино жазған.

Мал дәрігерлік мамандығының ғылыми негізін француз ғалымы К.Буржель /1712-1779/ қалаған еді. Ол жылқы анатомиясы туралы алғашқы оқу құралын жазып шыққан.

Россияда үй жануарлары анатомиясы жеке пән ретінде 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап Мәскеу университетінде оқытыла бастады. Бұл пәннен бірінші болып дәріс берген де және оның алғашқы оқу құралы 1804 жылы жазған да И.С. Андреевский /1759-1809/ еді.

Қазақстанда жануарлар анатомиясы ғылымдарының даму тарихи 1929 жылдың, яғни Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бірі – Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында бірінші ашылған жеті кафедраның қатарындағы анатомия мен гистология және эмбриология кафедраларынан басталады.

Анатомия ғылымы организмді жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Оларға сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды, динамикалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар жатады.

Жануарлар анатомиясы – организмнің құрылысын, оның даму сатылары мен қызметің байланыстыра зерттейді. Бұл ілім зоология, физиология, генетика және тағы басқа да биологиялық пәндерді өтеуге керек ғылыми негізді жасауға қатысады.



Есте сақтайтын сөздер
Акромион- жауырынның төменгі өсінідісі

Аксон- жүйке жасушасының ұзын өсіндісі

Анастомоз- қан тамырларының өзара қатысуы

Ангиология- тамырлар туралы ілім

Афферентный- әкелгіш, сезгіш

Бифуркация- кенірдектің екі бронхтарға бөлінуі

Бурса- қапшық

Вагус- кезеген

Васкуляризация- қанмен қоректену

Волярный- алақан беті

Ганглий- түйін

АЛТЫНШЫ САБАҚ

Сөздің тура мағынасы. Сөздің ауыспалы мағынасы. Сөздің көп мағыналығы. Омоним. Антоним. Синоним.
Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы. Мысалы: терең көл, ашық терезе, өткір қайшы, домбыра шерту, майлы төстік.

Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады. Мысалы:терең ой, ашық мінез, өткір көз, сыр шерту, майлы дастархан.

Сөздің көп мағыналығы (полисемия) - әр сөдің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болу. Мысалы: таудың басы (шын), судың басы (бұлақ), адамның басы.

Омоним – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер. Мысалы: адамның жағы, от жақ, оң жақ, маған жақ бол, қара бояу жақ.

Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер. Мысалы: аласа – биік, ұзын – қысқа, суық – ыстық, ақ – қара, жақын – алыс, су жүрек – жүрек жұтқан.

Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты, байыпты.

Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.
МАЛ ШАРУШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығын жедел дамытып, оның өнімділігін шұғыл арттырып, алынатын өнімнің сапалылығына қол жеткізу қажет. Мал басын көбейту үшін де, оның өнімділігін және алынған өнімнің сапасын арттыруда да індеттану ғылымы мен індетке қарсы шаралардың маңызы аса зор. Мал шаруашылығындағы осы заманғы жеделдетілген технология тек қана мал басы жұқпалы аурулардан толық және тұрақты ада болғанда ғана нәтижелі болады. Экологиялық жағынан таза, санитарлық сапасы жоғары мал өнімдері ғана халықтың талабын қанағаттандыра алады. Осы заманғы жеңіл өнеркәсіп технологиясы малдан алынатын шикізаттың сапасына өте жоғары талаптар қояды. Ол талаптарға дені сау малдан алынған өнім ғана сай келеді. Қазіргі уақытта меншіктің барлық түрлері қатар дамып, жеке меншіктегі мал саны шұғыл артуына байланысты мал шаруашылығына ветеринариялық қызмет көрсету, оның ішінде індетке қарсы шараларды іске асыру қиындай түседі. Сондықтан ғылыми және практикалық ветеринарияның ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территорияның жұқпалы аурулардан ада болуын қамтамасыз ету.
Есте сақтайтын сөздер

Азық-түлік

Шикізат

Жеделдетілген технология

Санитарлық сапасы

Ветеринариялық қызмет көрсету
Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу. Қолайлы, мезгiл, әдiс, ақ, жылдам- сөздерiнiң синонимдiк қатарларын төмендегi сөйлемдерден тауып жазыңыз.

Шаруашылық жағынан алып қарағанда ең маңыздысы — алынған төлді күтіп-бағуға ыңғайлы уақытты таңдай білу, қой қоздатуға еңбек пен қаржыны аз жұмсап, барлық төлді аман сақтау болып табылады.

Саулықты көктемде қоздату. Бұл тәсілдің, мынадай артықшылығы, ұтымды жақтары бар: қозы алу мейлінше жылы уақытта өткізіледі, саулықтар қоздағаннан кейін, көп кешікпей жақсы жайылымға шығарылады, бұның өзі олардың сүтін молайтып, қозылардың жетілуін жеңілдетеді, әрі саулықтардық өздері де тез қоңданады.
2-жаттығу. Қарамен жазылған сөздердің синонимдік қатарын атаңыз.

Малды көктемде қоздатудың қолайсыз жақтары да бар: біріншіден, алынған төлдің шығыны көбірек болады. Себебі енесімен бірге жайылымға айдап шыққанда қозылар сызды жерге жатып қалып, салқын етіп өкпесі қабынады, көк шөпті көбірек жеп іші өтеді және әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін; екіншіден, қозылардың өсу мерзімі жаздың ыстық, жайылым шөбінің күйіп кеткен кезіне дөп келеді, сөйтіп, организмге қажетті қоректік заттардың жетіспеуінен олардың жетілу қарқыны төмендейді, қайсыбіреулері шығынға ұшырайды; үшіншіден, саулықтарды тауға (жайлауға) айдаған кезде олардың басым көпшілігі әлі жас (1,5—2,0 айлық), әлсіз болғандықтан отарға жақсы ілесе алмайды, қалып койып енесінен адасады, аш қалады; ал мұның өзі олардың өсіп-жетілуін тежеп, шығынға ұшырауына себеп болады.


ЖЕТІНШІ САБАҚ

Аралық бақылау жұмысы

$$$ 1 D


Негізінен сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылатын әріптерді көрсетіңіз:

А. Я,ю,э,е,и

В. Я,ю,а,е,і

С. А,ю,я,і,ү

D. Ә,о,ө,ұ,ү

Е. Ы,і,у,э,и

$$$ 2 D

Ы,І әріптерінің емлесіне байланысты дұрыс жазылған сөздердің қатарын көрсетіңіз:

А. Ылашын, ырух, ірет, ірең

В. Ілеген, ылашын, іреңк, ірің

С. Ылаж, ірең, ырас, ылақ

D. Ырым, ырық, іріту, ілігу

Е. Ілеп, ылақап, ырақым, ыласайық

$$$ 3 B

Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз:

А. Сыяды

В. Сияды

С. Сыйады

D. Сиады

Е. Сыйяды

$$$ 4 B

Қазақтың байырғы сөздерінде қай дыбыс сөздің соңында келмейді?

А. Ы


В. О

С. А


D. Е

Е. І


$$$ 5 A

Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз

A. Бүгінгі

B. Бұрұңғұ

C. Жұмұшшұ

D. Көмөсү

E. Бұрұу

$$$ 6 C

Қай буынға екпін түседі?

A. Ортаңғы буын

B. Бірінші буын

C. Соңғы буын

D. Ортаңғы ашық буын

E. Ешбір буын

$$$ 7 B

Сөздің соңындағы қосарлы дыбыстарға қосымшаның дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз:

А. Публицистке

В. Публициске

С. Публицистқе

D. Публицистқа

Е. Публицисқа

$$$ 8 A

«И» - дыбысына тән қасиет

А. Қысаң, езулік

В. Ашық, еріндік

С. Ашық, езулік

D. Қысаң, еріндік

E. Еріндік, қысаң

$$$ 9 D

Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

А. 3


В. 4

С. 5


D. 2

Е. 6


$$$ 10 B

Дауыстылар еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді?

А. Буын үндестігі бойынша

В. Еріндік, езулік

С. Ашық,қысаң

D. Жартылай ашық, еріндік

Е. Жуан, жіңішке

$$$ 11 C

Дауыстылар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?

А. Еріндік, езулік

В. Жуан, жіңішке

С. Ашық, қысаң

D. Шұғыл, ызың

Е. Көмей, форингаль

$$$ 12 E

Екпін түспейтін қосымшаны табыныз

A. Септік жалғауы

B. Жіктік жалғауы

C. Тәуелдік жалғауы

D. Көптік жалғауы

E. Жұрнақ

$$$ 13 D

Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?

A. Тасымал

B. Әріп

C. Дыбыс


D. Буын

E. Екпін


$$$ 14 A

Қай буын тасымалданбайды ?

A. Бір дауыстыдан тұрған ашық буын

B. Екі дыбыстан тұрған ашық буын

C. Үш дыбыстан тұрған ашық буын

D. Соңғы буындағы тұйық буын

E. Бірінші буындағы бітеу буын

$$$ 15 C

Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

А. 12


В. 10

С. 11


D. 9

Е. 15


$$$ 16 C

Жуан дауыстыларды тап:

А. А,ы,і,у

В. А,ө,ұ,у

С. А,о,ұ,ы

D. А,у,ұ,і,й

Е. А,о,ү,у

$$$ 17 B

Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:

А. Қы-зғал-дақ

В. Ба-ла-лар-дың

С. Бал-а-лардың

D. Жұд-ыр-ық

Е. Балап-ан

$$$ 18 B

Буынның неше түрі бар?

А. 4


В. 3

С. 2


D. 5

Е. жоқ


$$$ 19 B

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз:

А. –Лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер

В. –Қор,-кеш,-нікі,-мен,-қой,-паз

С. –Ға,-та,-да,-қа,-па,-ба

D. –Сыз,-сіз,-шы,-ші,-ша,-шя

Е. –Дай,-лай,-тай,-сай,-қай,-ғай

$$$ 20 А

-ог, -уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша қалай жалғанады?

А. Жіңішке

В. Жуан

С. Естілуіне қарай

D. Буын үндестіігне қарай

Е. Айтылуына қарай



СЕГІЗІНШІ САБАҚ

Морфология. Сөз таптары. Сөз құрамы. Қосымша: жұрнақ, жалғау.
Морфология
Сөз құрамы Қосымша Сөз табы
оның 2 түрі бар оның 2 түрі бар оның 9 түрі бар

1.Дара сөз: 1.Жалғау: 1.Зат есім

а)түбір сөз а)көптік 2.Сын есім

ә)туынды сөз ә)септік 3.Сан есім

2.Күрделі сөз: б)жіктік 4.Есімдік

а)қос сөз в)тәуелдік 5.Етістік

ә)біріккен сөз 2.Жұрнақ: 6.Үстеу

б)қысқарған сөз а)сөз тудырушы 7.Шылау



в)тіркескен сөз б)сөз түрлендіруші 8.Еліктеу сөз

9.Одағай


Мәтін тапсырмалары

Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.

Мәтінде кездесетін сын есімдерді көрсетіңіз.

«Судың адам өміріндегі ролі» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУҒАРУ ГИГИЕНАСЫ
Ірі қара өнімділігін және организмнің қарсыласу қабілетін арттыру тек азықтандыру мен бағып күту жағдайына қажетті емес. Су да маңызды роль атқарады. Су организм тканьдерінің құрамдас бөлімі болып табылады және онда жүріп жататын биохимиялық процестер үшін қызмет атқарады.

Организмдегі су мөлшері малдың жасына байланысты. Жаңа туған бұзауда: 72% , бір жарым жастағы төлде 61% , ересек малда 52%.

Организмде су жеткіліксіз болса, жалпы зат алмасу, атап айтқанда қорексіз заттарды сіңіру және алмасу өнімдерін шығару қызметі бұзылады. Организмдегі судың 8-10% азаюы тәбеттің кемуіне, жүрек қызметінің бұзылуына, нерв жүйесінің қозуына, мал өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Мысалы, азық рационы нормада болған жағдайда малдың суды жеткілкті ішпеуі сүттілігін 8-40 %,салмақ қосуын 12-20% кемітеді.

Су сапасының маңызы өте зор. Ол лептоспироз, бруцеллез, туберкулез қараталақ т.б. аурулардың таралуына себепкер болуы мүмкін. Бұл аталған және басқа аурулардың қоздырғыштары суда уытты күшін жоғалтпай ұзақ сақталады.

Суда йод, қорғасын, әсіресе фтор болуына зор көңіл бөлініп келеді. Суда фтор шамадан тыс көп болса, флюороз ауруын, жеткіліксіз болса, кориес ауруын туғызады.
Есте сақтайтын сөздер

Организмнің қарсыласу қабілеті

Азықтандыру

Құрамдас бөлігі

Су мөлшері

Судың жеткіліксіздігі

Зат алмасу

Заттарды сіңіру

Сүттілігі

Салмақ қосуы

Аурудың қоздырғыштары
Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Текстегі туынды сөздерді теріп жазыңыз.

Сары топырақ, қара көмір үйінділері, қалқайған жер барақ, қараша ауылдар көлемін кеңейте, қоюлана түскен. Бұрынғыдай бейсауыт жүрге ат, түйе, өгіз көрінбейді. Бәрі жұмыста. Шоқайдан құрылыс жабдықтарын тасушы арбакештер үлкен керуен болып, жол үстінде жылып келеді. Мәдени тілектері қанағаттанбаған соң, қайсібірі оқуын тастап кетіп қалған. Түні бойы тынымсыз, үнсіз жапалақтаған қою сұр бұлттар тараған аспан – көк жалтыр. Жаз аяқтап, қыс жақындаған сайын қараша ауылдар қоршаған Қарағандының орталығы өзгере түсті. Басқа амал жоқ, қысқа дейін қалған санаулы күндер бәрінен қымбат. Гүлі өнсе, өзінен бақытты жоқ. Ардақ та сол баладай бақытты қазір. Сондықтан бастығы Сейтқали болып, өрт сөндіргендей не күшті тасқынмен күрескендей қауырт, өжет қимылдап жүр.


2-жаттығу. Төмендегі мысалдардан түбір сөздерді, туынды сөздерді, жалғаулы сөздерді тауып, үлгі бойынша оларды қосымшаларынан дефис арқылы ажыратып жазыңыздар.
Үлгі: түбір сөз: түн

туынды сөз: түн-дік

жалғаулы сөз: қала-да

Түн. Түндік. Қалада. Бұрғы. Әтір. Әңгіме. Сана. Сезім. Ауылдан. Қос. Ондық. Балапан. Балажан. Баламыз. Бақ. Әңгімеқұмар. Бақтан. Оқу. Әкесі. Өнерпаз. Көпшіл. Азшылық. Сепкіш. Анасы. Көкесі. Ойыншық. Көл. Суға. Кемелер. Кенші. Құлыншақ. Сүзеген. Басыңқы. Билетте. Әке. Арамен. Оқуыңыз. Шешең. Атадан. Кешкі.


3-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді құрамына қарай талдап, қосымшаларды жалғау, жұрнақ түріне ажыратыңдар.

1.Көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады. 2.Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. 3.Қайратыңа әдісіңді, әдісіңе ақылыңды жолдас ет. 4.Міндеттеме қабылдау – бір ерлік, оны орындау – мың ерлік. 5.Не істесең де ойлап істе, ойламай істесең, қор боласың. 6.Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге.


ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ

Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Көмекші есімдер.


Зат есім

(Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?)








Тұлғасына қарай:




Құрамына қарай:


Негізгі з.е.

Туынды з.е.

Дара з.е.

Күрделі з.е.

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.
Мысалы:

у, ат, ант, бата, құдық, жапырақ т.б.



Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім.

Мысалы:

Біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл, жаман-шылық т.б.



Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.
Мысалы:

от, ара, қант, оқушы, баспалдақ т.б.



Кемінде екі сөзден (біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен) тұрады.

Мысалы:


кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ мәдениет үйі т.б.




Жалпылай немесе жекелей атауына қарай:




Мағынасына қарай:

Жалпы есім

Жалқы есім

Деректі з.е.

Дерексіз з.е.

Біртектес заттардың жалпы атауы.
Мысалы:

қала

өзен


тау

кісі


кітап

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары.
Мысалы:

Алматы

Ертіс


Алатау

Абылай


Абай жолы романы

Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атауы.
Мысалы:

Ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия т.б.



Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы.

Мысалы:


Қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық, реніш т.б.

Зат есім жасайтын жұрнақтар

1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары

2. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:

3. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

  1. й: атай, әкей, шешей, жездей.

  2. еке, -ке, -қа, -а,-е: атеке (атке), ағеке (ағке), әпеке (әпке), Мұқа (Мұқан, Мұхтар), Исеке (Иса), Жәке (Жамбыл), Нүке (Нұрпейіс).

  3. тай: ағатай, апатай, әкетай, шешетай.

  4. жан: ағажан, атажан, апажан, Абайжан.

  5. қан, -кен, -қай, -кей, -ан, -ң: балақан, бұзауқан, шешекей, Дәкен (Дәріқұл).

  6. шақ, -шек: құлыншақ, інішек.

  7. шық,-шік: қапшық, төбешік.

  8. ша, -ше: сандықша, күрекше.

  9. ш, -ыш,-іш: қалқаш, Нұрыш (Нұртай).

  10. сымақ: қорасымақ, таусымақ.

  11. екеш: Тас екеш тас та өзгереді.




  1. шы, -ші: қойшы, күйші.

  2. шылық, -шілік: шаруашылық, кеңшілік.

  3. лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: балалық, кісілік, адалдық, жеңілдік, жолдастық, биіктік.

  4. кер, -гер: айлакер, саудагер.

  5. кеш, -хана, -паз, -қой, -стан, -қор: шайхана, кітапхана, арбакеш, жемқор.

  1. м, -ым, -ім:байлам, күзем, қысым, түсім.

  2. ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе:ұрма, көрме, сүзбе, кеспе.

  3. қы, -кі, -ғы, -гі:алғы, тепкі, бұрғы.

  4. с, -ыс, -іс:талас, айтыс, жүріс.

  5. қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек:тарақ, күрек, қызық, түкірік.

  6. ыш,-іш:қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.

  7. н, -ын, -ін:боран, жуын, түйін.

  8. у:сабау, жамау, көсеу.

  9. ынды,-інді:шайынды, үйінді, үгінді.

  10. ғыш, -гіш, -қыш,- кіш:сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.

  11. уыш, -уіш:өлшеуіш, бастауыш.

  12. ыр, -ір,-р,-ар,-ер:үңгір, шұқыр.

Мәтін тапсырмасы

1.Мәтінді оқып шығып әңгімелеп беріңіз.

2.Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп,әрқайсысына тақырып ойластырып,алған тақырыптарыңызды негіздеңіз.

3.Орыс тіліне еркін аударма түрінде аударыңыз.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ҚЫЗЫЛ КІТАБЫНА» ТІРКЕЛГЕН ЖАНУАРЛАР

Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген, жойылып кету қаупі бар І санатты жануарларға еуропа қара күзені, балжегі (итаю), қабылан, қарақал, алтай арқары, қызылқұм арқары, қаратау арқары және т.б. жатады.

Еуропа қара күзені Қазақстанда жойылған түр, негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген, ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Балжегі сирек кездеседі. Таралу аймағы – Қазақстанның солтүстігі. Үстіртте таралған, сексеуіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді, сол сияқты боялғыш, қараған, түйесіңір өскен жерлерде де кездеседі.

Қабылан өте сирек, Қазақстанда жойылып бара жатқан түр. Үстіртте таралған: ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен. Бұл аң шөлді тау бөктерлері мен құз жартастарды мекендейді. Таралу аймағының таралып, санының кемуінің себептері – шарушылықты дұрыс жүргізбеу, басты қоректік обьектілерінің санының азаюы және қаскерлік. Қабыландар Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.

Қарақал сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған. Сексеуіл, бұталар өскен құмдар мен құз-жартастарды мекендейді. Алтай арқары таралу аймағы тарылып, саны азаюда.

Қызылқұм арқары Қазақстанда жойылып кеткен. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің сағаларының аралығында мекендеген. Көршілес Өзбекстанда Нұрата қорығында қорғалады. Қаратау арқары өте сирек кездеседі, жойылуға жақын. Сырдария Қаратауында ғана таралған, таудың жазықтау жоталарын мекендейді. Жалпы саны – 100 бас, саныңың азаюының негізгі себептері – қаскерлік және ол мекендейтін жерлерде малды шектен тыс жою. Қаратау арқарларын қорғайтын арнайы орындар жоқ. Сондықтан Қаратау қорығын ұйымдастыруды тездету қажет.



Есте сақтайтын сөздер

Қызыл кітап

Қара күзені

Балжегі (итаю)

Қабылан

Қарақал


Алтай арқары

Қызылқұм арқары

Қаратау арқары

Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Зат есімдерді теріп жазыңыз.

Жыныстық көбею жануарлар мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі. Жыныстық көбею жолында жаңа организм аналық және аталық жыныс жасушалары - гаметалардың қосылуынан пайда болған зиготадан дамиды. Жыныс жасушаларының даму жолдары мен ұрықтану процестері әртүрлі. Бірақ жыныс жасушаларының даму негізінде бір жалпы процессбар- ол ұрық жасушаларының бөлшектенуі және осы жасушалардың хромосомалар санының азаю механизмі. Бұл механизмді басқаратын мейоз- жыныс жасушаларының бөліну әдісі. Жасушадағы хромосомалардың саны екі есе азайып диплоидты жасушаға, бұдан тағы екі рет бөлініп төрт гаплоидты жасушаға айналады.



2-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, жалқы есімдерді тауып, оларды бас әріппен көшіріп жазыңыздар.

Генетиканың негізгі заңдарын чех табиғат зерттеушәісі Г. Мендель 1865 жылы ашқан.Сырт пішіні бір-бірінен бір ғана белгіден өзгешілігі бар аталық-аналық жұптарын қосуды моногибридтік будандастыру деп атайды. Белгілердің сыр көрінісін фенотип, ал гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Қарама-қарсы жұп белгілерді 1902 жылы В.Бэтсон аллеломорфтық жұп деп, ал белгінің жұптығын аллеломорфизм деп атауды ұсынған. 1926 жылы Иоганнсен аллеломорфизм атауын қысқаша –аллелизм, ал бір жұптағы жеке бірлікті аллель деп атауды ұсынды.



3-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, зат есімдерді теріп жазыңыз.

Балапан


Қараторғайдың қоп-қоңыр балапаны есін білгенде, өзінің асты жұп-жұмсақ, жан-жағы қап-қатты тақтай үйшікте жатқанын аңғарады. Бір ұяда өзінен басқа да тыпырлаған бес «домалақ» бар екен. Кішігірімдеу тесік арқылы үйшіктеріне жарық сәуле түсіп тұр. Бір мезгіл тастай қараңғы болады да қалады. Біраздан қайтадан жарық боп кетеді, содан соң қайтадан қараңғы түседі. Кішкентай балапан күн мен түннің ауысуын түсінбейді. Жаңағы тесік арқылы таң атқаннан күн батқанша, бірі шықса, бірі кіріп, өздеріне жем тасумен жүргеннің біреуі — енесі, екіншісі әкесі екенін іші сезеді.

4-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, зат есімдерді теріп жазыңыз.

Әрбір жасуша негізінде ядро мен цитоплазмадан және пішіні, көлемі, химиялық қасиеті, атқаратын қызметі әр түрлі заттардан тұрады. Цитоплазма - өсімдік және жануар жасушасы протоплазмасының ядро мен қабықшадан басқа барлық элементтері болатын клетка құрамы. Цитоплазма гиалоплазмадан, органоидтардан, уақытша құрамдардан тұрады. Онда белок синтезі және клеткаға тән басқа зат алмасу процестері жүреді. Ядро мен

органоидтардың өзара әсерін және қатынасын қамтамасыз етеді. Клетка қабығы- сыртқы ортадан биологиялық мембрана қабатымен қорғалған.

ОНЫНШЫ САБАҚ

Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдер Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есімдер көбінесе анықтауыш болып келеді.

Дүниеде әр алуан зат болса, сол заттардың бірін екіншісінен айыратын ортақ сыны, сапасы болады. Лексика-грамматикалық мағынасы немесе білдіретін ұғымы жағынан зат бойындағы алуан түрлі сапалық қасиеттерді немесе қатыстыққа байланысты белгілі қасиеттерді білдіреді.

Мысалы: жақсы, әдемі, сұлу – затың пішініне; үлкен, кіші, кең, тар – заттың көлеміне; жұмыр, дөңгелек, қырлы – формасына; ыстық, суық, жылы – ауа райына байланысты қасиеттерін т.б. сын-сипаттарын білдіреді.



Түрі мен түсін /цвет/

Ақ жирен /рыжий/, сары, жасыл, қоңыр т.б.

Көлемі мен аумағын /обхем и величина/

Үлкен, кіші, кең, ұзын, ауыр, жеңіл, биік, аласа, шолақ, алыс, жақын т.б.

Мекенін /места/

Қырдағы, ойдағы, қаладағы, төргі, баладағы т.б.

Мезгілін /времени/

Кешкі, қысқы, жазғы, ертеңгі, былтырғы, қазіргі т.б.

Мінезін, қасиетін, сапасын / характер или свойство/

Нашар, өңді, жұмсақ, жуас, момын, тентек

/шаловливый, озорной/, ақылды, жалқау т.б.



Дәмін, иісін /вкус/

Дәмді, тұзды, ашты /кислый/, ащы /горький/, жылы, сасық /тәтті қауын, ащы сорпа, қышқыл жеміс/ т.б.

Формасын

Жұмыр /плотно круглый/, дөңгелек /круглый/, домалақ /шарообразный/, жалпақ /плоский/.



Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
Есім жасайтын сын есім жасайтын

Жұрнақтар Мысалдар

1.–лы,-лі,-ды,-ді, 1.далалы, орманды

-ты,-ті:

2.-сыз,-сіз 2.баласыз,үйсіз

3.-ғы,-гі,-қы,-кі: 3.жазғы,ішкі

4.-лық,-лік,-дық, 4. жастық(шақ),

-дік,-тық,-тік: жылдық

5.-шыл,-шіл: 5.ұйқышыл,кекшіл

6.-шаң,-шең: 6.сөзшең,бойшаң

7.-дай,-дей,-тай, 7.тастай,судай

-тей:

8.-қой,-қор,-паз, 8.сәнқой,әуесқой



-кер,гер:

9.-и,-ы,-і: 9.тарихи,қазақы.



Жұрнақтар Мысалдар
1.–лы,-лі,-ды,-ді, 1.далалы, орманды

-ты,-ті:

2.-сыз,-сіз 2.баласыз,үйсіз

3.-ғы,-гі,-қы,-кі: 3.жазғы,ішкі

4.-лық,-лік,-дық, 4. жастық(шақ),

-дік,-тық,-тік: жылдық

5.-швл,-шіл: 5.ұйқышыл,кекшіл

6.-шаң,-шең: 6.сөзшең,бойшаң

7.-дай,-дей,-тай, 7.тастай,судай

-тей:


8.-қой,-қор,-паз, 8.сәнқой,әуесқой

-кер,гер:

9.-и,-ы,-і: 9.тарихи,қазақы.

Үстеуден сын есімін жасайтын

Жұрнақ Мысал

-қы, кешегі

-кі, бұрынғы

-ғы, -гі:



Сын есімнің шырайлары

1

2

3

4

Жай шырай

Заттың жай қа-лыпты тү-рін,түсін,сапа-сын көлемін білдіретін сын есімдер жай шырай болады.




Салыстырмалы шырай
Бір заттың сындық белгісін екінші зат-пен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.


Күшейтпелі шырай
Белгілі бір сындық белгінің бір нәрсе өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі.


Асырмалы

шырай
Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі.


Ешбір қосым-шасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады

1.-ірек,-рақ,-рек, -ырақ:

2.-лау,-леу,-дау,-деу,

-тау,-теу:

3.-қыл,-ғыл,-қылт,

-ғылт,-ғылтым,-тым,

-шыл,-шіл,-аң,-қай,

-шылтым,-шілтім,

-ғыш,-ілдір,-ша,-ше,

-қай.


Негізгі сын есім-дердің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы

арқылы жасалады



Сын есімнің алдынан күшейткіш үстеулердің

(тым,өте,нағыз,аса,нақ, т.б.) тіркесіп келуі арқылы жасалады





Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сөйлем мүшесі

Анықтауыш



Баяндауыш



Толықтауыш



Бастауыш



Пысықтауыш



Ереже


Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады.


Сын есім

сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады



Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады.



Заттанған сын есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады



Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады.


Мысалдар


Қырдағы қызыл-сары гүлдер көздің жауын алады. Ол кең бөлмеде жалғыз отыр. Саматтың жүйрік тазысы бар.

Сен менен өткен ақылдысың. Оның жақсы көретін түсі-жасыл.


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаманға сырыңды айтпа.


Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.

Олардың кішілеуі ойынға кірді.




Ол домбырада шебер ойнады. Ол футболды керемет ойнайды. Ол әнді жақсы айтады. Ол


Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.
ҚОЙ ҚЫРҚУ
Қой қырқудың және жүнді өткізуге дайындаудың технологиялық процестері мынадай операциялардан тұрады: қойды қырқу, жүнді тасымалдау, жүнді сұрыптау, жүнді престеу және теңді маркировкалау, теңді автотранспортқа тиеу, пункттің ішін және жұмыс орындарын тазалау, қырықтық машинкасының пышақтарын қайрау, қырықтық техникаларын ретке келтіру және жөндеу, таза жүн шығымын анықтау.

Бұрынғы әдіс бойынша қойдың аяғын байлап, сөреде қырқатын. Бұған уақыт көп жүмсалып, еңбек өнімділігі төмен болатын. Осы жайды ескеріп, біздің елімізде, әсіресе, соңғы жылдарда, қой қырқудың шапшаңдатылған орынборлық әдісі кеңінен тарап, шаруашылық практикасында қолданылып жүр. Бұл әдіс жаңа зеландиялық әдіске сүйене отырып, Орынбор облысында тұңғыш рет қолданылды, сондықтан да орынбор әдісі деп аталады.

Қойды бұл әдіспен қырқудың бір ерекшелігі — қырықтықшының іс-әрекеті бір бағытта, белгілі бір қатаң тәртіппен жүргізіледі, күш аз жұмсалады, әрі машинка өнімді жұмыс істейді. Қой тез қырқылады, сапасы да жақсы болады. мұның өзі жабағы жүнді бөлектемей, бір тұтас шығаруға мүмкіндік береді.

Е. Т. Сатқановтың мәліметі бойынша байырғы әдіспен қырыққанда қырықтықшылар күніне 25 қой, ал шапшаңдатылған әдісті қолданғанда 50—54 қой қырыққан. Сонымен қатар әрбір центнер жүнге жұмсалған еңбек шығыны 1,8 адам-күннен 0,8 адам-күнге дейін, әрбір қойды қырқуға шыққан ақшалай шығын 40,8 тиыннан 25,8 тиынға кемітілген.


Есте сақтайтын сөздер

Қой қырқу

Қырықтық

Еңбек өнімділігі

Жабағы жүн

Еңбек шығыны


Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу: Берілген сөйлемдерден сын есімдерді табыңыз, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Олар: саба, торсық, сүйретпе, көнек, қауға, аяққап. Осылардың ең үлкені- саба. Саба халықтың молшылығының , байлығының белгісі болған. Жылқысы көп байлар сабаны бәстесіп, бәсекелесіп жасаған. Осылардың ішіндегі ең үлкенін « тай жүзген» деп атаған. Оның көлемі 5-6 жылқының терісінен жасалатын көрінеді.


2-жаттығу: Берілген сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Ең үлкен көл, тым биік тау, ақылдырақ, биігірек.


3-жаттығу: «Өте жақын», «Өте алыс» мағынасында қолданылған қашықтық өлшемдерді естеріңізде сақтап, жаттап алыңыз.

«Өте жақын» мағынасында қолданылатын сөздер:

Аттам жер.

Бөрік тастам жер.

Таяқ тастам жер.

«Өте алыс» мағынасында қолданылатын сөздер:

Айшылық жер.

Қырық күншілік жер.

Ит өлген жер.
4-жаттығу: Сөйлемдерді аударыңыз.

Ол менен биіктеу. Мынау көйлектен анау көйлек әдемірек. Мына аяқ киімнен ана аяқ киім арзанырақ. Бүгін кешегіден жылырақ.


5-жаттығу: Күшейткіш буындар арқылы асырмалы шырай жасаңыз:

Жақсы- жап-жақсы.

Қызыл, жұмсақ, қатты, әдемі, сұлу, таза.
6-жаттығу: Берілген тұрақты тіркестерді аударыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

Аузына құм құйылғандай.

Қайғыдан қан жұту.

Жер ортасына келген адам.



Салы суға кеткендей.
ОН БІРІНШІ САБАҚ

Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сан есім заттың, ретін, білдіреді. Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.

Сан есім мағынасына қарай , 6 түрге бөлінеді. Олар төмендегіше:

Есептік сан есім

Реттік сан есім

Жинақтық сан есім

Болжалдық сан есім

Топтау сан есім

Бөлшектік сан есім

Заттың нақты сан есім білдіреді.

Заттың реттік қатарын білдіреді.

Заттың жинақталған санын білдіреді.

Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді.

Заттың санын топтап көрсетеді.

Заттың бөлшектік санын білдіреді.

Қанша? неше?

Нешінші?

Нешеу?

Қанша? неше? қай шамалы?

Нешеден?

Қанша? Неше?

Түбір сан есімнің өзінен болады.

Сан есімдерге ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еу, жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

даған, -деген, -таған, -теген, -дай, -тай, -тей, т.б.

Шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады.

1/2 – екіден бір екінің бірі екіден бірі.

Бес, он екі, жиырма үш, екі мың төрт.

Бірінші, екінші, үшінші, төртеу, бесінші, алтыншы, жетінші.

Біреу,екееу,үшеу, төртеу, бесеу, алтау.

Жүздеген, отыздарда, елулерге, қырықтай, тоқсандай, он шақты, екі-үш.

Үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден.

2,5 – екі жарым, 1/2 - екіден бір.

Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Он бес, жұз жиырма үш, екі мың төрт, т.б.

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші, жұрнағының орнына дефис қойылады. (8-сынып, 25-пәтер)


Екі, алты, жеті сандарына –ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы,і дыбыстары түсіп қалады. Екі+еу – екеу, алты+ау – алтау, жеті+еу – жетеу.

Болжалдық сан есім цифрымен берілгенде, қосымша дефис арқылы жазылады. 10-даған, 5-терде т.б.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты т.б.



Қосарланып айтылған топтау сан есімдер сөзбен берілсе де, цифрымен берілсе де дефис арқылы жазылады. Екі-екіден, 10-10-нан, 30-30-дан т.б.

Цифрымен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.

15 – тен, 20 – дан, 25 – ке т.б.




Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Сан есімдерді мағыналық топтарына қарай ажыратыңыз.

Егер әр шағылыстырудан төрт ұрпақ туса, алғашқы үшеуінен дені сау, ал төртіншісінде үшеуінің дені сау, біреуі кемтар болады, ол летальды ген жөнінен гомозиготалы. Демек, 16 ұрпақтың 15-сі дені сау, 1 кемтар, яғни 6,25% болады. Қазіргі кезде ірі қара мал – 24, қойда – 10, шошқада – 7, жылқыда - 4, иттерде – 6, тауықта – 31 летальды гендер табылған. Гендер хромасомаларда бір сызықтың бойымен орналасып, бір-бірінен белгілі бір қашықтықта болады. (76, С.Ж.Стамбеков «Генетика» 2002.4000б.)


2-жаттығу. Төмендегі сан есімдерге тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар.

18 ге, 100 ден, 15 үй, 2 лерде, 2 қатар, 2 мектеп, 20 том, ХХ том, 3 желтоқсан, 15 маусым, ХІҮ тарау.


3-жаттығу. Төмендегі сан есімдердің санмен жазылғанын әріпппен, әріппен жазылғанын санмен жазыңыз.

35, 150, 565, 4795, 1970, он бесінші үй, алтыншы сынып, он бестерде, қырық жетіде, бір мың сегіз жүз жетпісінші жыл, жүздеген адам, алпыстарда.


4-жаттығу. Төмендегі сан есімдерге оқытушының талабы бойынша талдау жасаңыз.

Құрттардың арасында өте көп тарағаны – нематодалар көбінесе асқорыту және дененің басқа жүйелерінде тоғышарлық етеді. Мөлшерлері 1-2 мм ден 20-30 см-ге дейін жетеді, аналық және аталық нематодаларға бөлінеді. Цестодтардың мөлшері 6-10 мм-ден 10 метрге дейін жетеді. Қарапайым паразиттер бір клеткалы денелерге жатады.


5-жаттығу. Төмендегі санмен жазылған сан есімдерді жақшаның ішіне әріппен жазыңыздар.

5685, 16, 19, 2, 6, 3, 87, 123, 956, 10585, 10,7 1970, ХІҮ, 1975.


6-жаттығу. Төмендегі сан есімдердің бір-бірінен тұлғалық айырмашылықтарын ажыратыңыз.

5-6 жылдың ішінде әкесі өз шаруасын аяққа бастырып, жап-жақсы, қара-құра малды болып қалды. (С.С.) Аттарды жортқызбай, жігіттерді дабырлатпай, Жабайға әлсін-әлсін сусын бергізіп отырды. (Ғ.М.) Компания үлесінің жүз пайызының елу пайызын маған беріңіз.


ОН ЕКІНШІ САБАҚ

Есімдік. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.

Есімдік сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады.



Мағынасына қарай (по значению)

1 жіктеу (личные)

Мен (я), сен (ты), сіз (вы), ло (он,она,оно,) біз,біздер(мы), сендер,сіздер(вы), олар (они).

2. сілтеу (указательные)

Бұл,осы,мына,мынау, (этот,эта,это), сол,ана,анау(тот,та,то).

3. сұрау (вопросительные)

Кім?(кто?), не?(что?), неше?(сколько?), қай(который?)

4. өздік (возвратные)

өз (свой), өзім ( я сам), өзің (ты сам), өзіңіө (вы сами)

5. белгісіздік (неопределенные)

Біреу (кто-то, некто,кто-либо,), кей, кейбір(некоторый,некоторая,некоторое)

6 болымсыздық (отрицательные)

Ешкім (никто), ешбір (ничто), ешқашан (никогда), дәнеме (ничего), ешқайда (никуда).

7. жалпылау (определительные)

Бәрі,барлық,бүкіл,барша,(весь,вся,все) әр, әрбір (каждый, каждая,каждое).


Мәтін тапсырмалары

Мәтіндегі 1,2 сөйлемдерге әртүрлі сұрақтар қойыңыз.

Мәтіндегі соңғы екі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

Мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.
ІРІ ҚАРАНЫ БАҒЫП-КҮТУ
Малды жыл тәулігі бойында қорада ұстап бағу олардың организміне теріс әсер етеді: ауруларға төзімділігі азаяды, өсіп-өнгіштік қабілеті сондай-ақ тұқымның өміршеңдігі нашарлайды.

Әр түрлі ауа-райының алма-кезек әсері, күн сәулесі, көп жүріп-тұру, таза ауа зат алмасуына қолайлы әсер етеді. Организмді шынықтырады. Витамин-минерал алмасуы қалыпқа келеді. Организм қоректік және минералдық заттармен байиды.

Негізгі табынды бағып-күтудің қандай жүйесі қолданылып жүргеніне қарамастан , шаруашылықтардың бәрінде де сиыр бұзаулайтын бөлімдер, бұзау қоралар болуы тиіс.

Бұзаулайтын бөлімге сиырларды бұзаулауға 8-15 күн қалғанда апарады. Бұзаулағаннан кейін мұнда оларды 20-35 күн ұстайды.


Есте сақтайтын сөздер

Жыл тәулігі бойында

Қорада ұстап бағу

Теріс әсер

Төзімділігі азаяды

Өсіп-өнгіштік қасиет

Тұқымның өміршеңдігі

Зат алмасуы

Бұзаулайтын бөлім

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу. Текстен жіктеу есімдіктерін тауып, олардың қай септікте тұрғанын айтыңдар.

- Ағат айтсам, айып етпе, шырақ. «Мен оқты да дарытпаймын» дегендегі албырт күйде екенсің сен. Қорғасындай салмақты сөзім қайта серпіліп, менің өз маңдайыма тие ме деп қорқып та отырмын. Дегенмен кінә сенде қалсын, менде кетпесін, әдейі келген соң сен тыңдамасаң да, ойымдағыны айтып кетейін, - деп, ол қатуланып алды.

- Мен сенің құлың емеспін, шалқайсаң, шалқаюға әзірмін! Сен менің құлым емессің, еңкейсең, еңкеюге әзірмін. Жау көруші елшімін, ел көрсең, кеңесшімін. Елшімін деп айтарым: қолыңдағы он бес солдатты менімен бірге қайтарасың.
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, құрамынан жіктеу есімдіктерін тауып, олардың қай жақта, қандай қосымшада, қай сөзбен байланысып тұрғанын түсіндіріңдер.

1. Мен түнімен түс көріп шығамын. 2. Біз осы мәселенің бәріне келістік. 3. Менің әкем де сол қоспен кеткен еді. 4. Олар айырларын маяға бойлата қадап, екі-үш бауды бірден лақтырды. 5. Оның үзіп-үзіп айтқан өкінішті пікірін мен түсіне алмадым. 6. Сенің маған ғана емес, досқа деген жүрегіңнің кіршіксіз екенін білемін. 7. Сен мен үшін ешкімді жазғырма. Мені ғана жазғыр. Мен қате басқан адаммын. 8. Олар үшін сіз не көрмедіңіз. Сізді отқа да, суға да айдады. 9. Сені тәңірі алдында, адам алдында күнәлі ете алмаймын. 10. Оның көз жанарындағы әлсіз сәуле дәл осы жолы сәл молая түскендей.


3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жалпылау есімдіктерін атаңдар. Олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңдар.

1. Ол ақырында бәрін де жеңіп, еңбек зейнетін көріп отыр. 2. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды, бәрі де көңілді. 3. Ел басына төнген қиыншылықтардың бәрінің артта қалғанына шүкіршілік айтып қояды. 4. Жұмыс тоқталып, бас көтерер ер-азамат тегіс үйде отырған. 5. Барша жұрт ұйқысын қандырып, жаңа ғана тұрған кез екен, оны халық түгел көріпті.


4-жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, жалпылау есімдіктерін тауып, оларды тұлғасына, сөйлемдегі қызметіне қарай талдаңдар.

1. Оның барлық іске сабырмен, ақылмен, адалдықпен қарағаны көрініп тұр. 2. Осылардың бәрін өзіңнен артық көріп, сүйе біл, туған еліңнің даңқын арттырып оқи бер, еңбек етебер! 3. Жоспарланған бүкіл тыңды игеру көп техниканың, көп адамның күш-қуатын тілейді. 4. Осынша көп жерде отырған Балқаш ауданының үй саны мың жарымдай ғана, оның күллі егісі —5-ақ мың гектар.



ОН ҮШІНШІ САБАҚ

Етістік. Есімше мен көсемше. Етіс категориясы. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Етістік заттың қимылын, іс-әректін білдіріп, не істеді?не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.

Глагол обозначает действие предмета и отвечает на вопросы что делать? что сделать?.

Лексикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне орай етістік екі топқа бөлінеді: негізгі етістіктер және көмекші етістіктер. Негізгі лексикалық мағынасына ие болып, сөйлем ішінде белгілі бір мүше бола алатын жеке етістікті негізгі етістік дейді.

Мысалы: айт, қадірле, бағала.

Негізгі етістікке тіркесу арқылы толық мағына бере алатын , өзіндік лексикалық мағынасы жоқ етістікті көмекші етістік дейді. Көмекші етістіктерге е,де,ет етістіктері жатады.

Етістікке тән қимыл-әрекеттің себебін, белгісін, сын-сипатын көрсетіп тұратын категория көсемше деп аталады.

Деепричастие- это форма глагола , обозначающая добавочное действие по отношению к основному действию.

Жұрнақтары:

-а,-е,-й: күле, жаза,сөйлей.

-п,-ып,-іп: алып ,іліп,санап.

-қалы,-келі,-ғалы,-гелі: ұсынғалы,бергелі, жапқалы,кеткелі.

Есімге де , етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің категориясы есімше деп аталады.

Причастие-это форма глагола, обозначающая принадлежность предмета к действию и имеющая признаки глагола и прилагательного.

Жұрнақтары:

-қан,-кен,-ған,-ген: отырған, терген,,сатқан,жеткен.

-шы,-ші: тасушы,-тиеуші

-ар,-ер,-р: алар,сезер,сөйлер.

-атын,- етін,-йтын: қарайтын, беретін, сермейтін. 46-бет ( Серғалиев .Қазақ тілі Атамұра 80-бет).


Іс-әрекет , қимыл мен субьект және обьект арасындағы қатынастарды білдіретін етістіктің категориясы етіс деп аталады.

Залоги глагола выражают возможные отношения между действующим лицом и обьектом действия.

Етістің төрт түрі болады: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.

Іс-әрекеттің сол іс-әрекетті орындаушының өзіне жұмсалғанын білдіретін етісті өздік етіс дейді. Жұрнақтары: -ын,-ін,-н.Мысалы: жуын,киін т.б.

Іс-қимылдың басқа біреу арқылы орындалатынын білдіретін етістің түрін өзгелік етіс дейді. Жұрнақтары: -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз,-ыр,-ір,-т. Мысалы:ойландыр, астыр, бергіз,босат, кетір т.б.

Іс-қимылдың орындаушысы айтылмай жүзеге асқанын білдіретін етістің түрін ырықсыз етіс дейді. Жұрнақтары: ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н . Мысалы: есептел, салын, кесіл, көрін т.б.

Іс-қимылдың орындаушысының біреу ғана емес, бірнешеу екенін білдіретін етістің түрін ортақ етіс дейді. Жұрнақтары: -ыс,-іс,-с .Мысалы: беріс, алыс, ұшырас т.б. (47-бет М.Серғалиев. Қазақ тілі)
Етістіктің іс-әрекетті орындаушымен ,уақытпен байланысты жаққа, шаққа түрленуін етістіктің райы деп атайды. Рай төрт түрлі болады: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.

Іс-қимылды орындауға міндеттейтін райдың түрін бұйрық рай дейді.

Бұйрық рай көбінесе екінші жақта қолданылады: сал,бар,тап т.б.

Повелительное наклонение выражает волю говорящего, побуждения к действию направленное на одно лицо.

Іс-қимылдың үш жаққа да, үш шаққа да байланысты орындалатынын білдіретін райдың түрін ашық рай дейді. Ашық райдағы сөздер жекеше де, көпше де қолданыла береді: сеземін,сезесің, сезесіздер т.б.

Іс-қимылдың орындалатынының немесе орындалмайтынының шартын білдіретін райдың түрін шартты рай дейді. Жұрнақтары: -са,се .Мысалы: ұсынсам, ұсынсаңыз т.б.

Условное наклонение обозначает действие, являющееся условием для совершения другого действия.

Іс-қимылды орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіретін райдың түрін қалау рай дейді.

Желательное налонение выражает желание, намерение говорящего.

Етістіктің түбіріне –қы,-кі,-ғы,-гі жұрнақтары жалғанып оған кел көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалады: сұрағым келеді, қайтқым келеді т.б.(50-бет М.Серғалиев: Қазақ тілі)

Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.

Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, келер шақ,осы шақ.

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын білдіретін етістіктің шағын өткен шақ дейді. Өткен шақтың төрт түрі болады: жедел өткен шақ, ежелгі өкен шақ, бұрынғы өткен шақ , ауыспалы өткен шақ..

Іс-қимылдың сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіретін етістіктің шақтарының бірін келер шақ дейді.

Келер шақ мағынасы мен тұлғасына байланысты үш түрлі болады: болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ.

Болжалды келер шақ алдағы уақытта болатын іс-әрекетті жүзеге асу-аспауын болжалды түрде аңғартады.

Будещее предположительное время озночает вероятное действие, причем степень вероятности является неопредленным.

Іс-қимылдың сөз болып жатқан уақытта орындалып жатқанын білдіретін етістіктің шағын осы шақ дейді .

Нақ осы шақ сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіреді.

Собственное-настоящее время обозначает действие которое происходит в момент речи.

Мағынасына қарай осы шақтың екі түрі болады: нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ. (49-бет М.Серғалиев. Қазақ тілі)

Мәтін тапсырмалары

Қазақы жылқының қандай тұқымдарын білесіңдер?

Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөліктің атауын қойыңдар.

Жылқы жасына қарай қалай атайды?
«ЖЫЛҚЫ — МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ»
Қазақтың көшпелі тұрмысындағы жылқының орны ерекше. Шексіз-шетсіз далада жаяу адам ұзаққа бара алмайды, шаруасын да мезгілінде бітіре алмайды, ал астында аты болса, қашқанда құтылып, қуса жетіп деген-дей тіршілік ете алады. Сол себептен қазақтың «Жылқы — ердің қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын дұрыс көрсетеді. Қазіргі автомобиль, мотоцикл, теміржол, авиация, сумен жүзетін кеме — бәрінің қызметін жылқы жалғыз атқарған. Соңдықтан қазақ жылқыны өте жоғары бағалайтын, оның үстіне жылқының қымызы — өте құнды, шипалы табиғи сусын; қылы — арқан, жіп, желі, көген ескенде, олардың мықтылығын сан есе асыратын. Жылқының еті — өте жоғары сапалы тамақ, қазысы тағамдық та, емдік те қасиеттері мол дүние. Жылқының терісінен түрлі қасиетті бұйымдар жасалады (құлын жарғақ, етік, жүген, айылтартпа, құйысқан, саба, өмілдірік, үзеңгі бау, қанжыға бау, ноқта, шідер, қамшы т.б.)

Қазақтың өмірі қаншама ғасыр жаугершілікпен өтті. Солардың барысында халқымыздың басына сан рет өлім хаупі төнген жерден оны құрып кетуден жылқы аман алып қалған, ата-бабаларымыз, әже-аналарымыз сан рет төніп келген ажалдан атқа мініп қашып құтылған. Жаумен айқасып, жеңіп, қуғанда да атпен қуған. Қазақстан деген ұлан байтақ жерді азғана қазақ иемденуіне себеп болған бірінші қазақтың өзі болса, екінші — жылқысы. Жылқысыз жаяу халықтың қолынан бұл келмес еді. Соңдықтан қазақ жылқыны ер қанаты деп есептеп, жанындай жақсы көреді.

Қазақтың халық жырларыңдағы батырларының қайсысын алсаң да ішінде жаяуы жоқ және олардың аттары құр көлік емес, батырлардың жан серігі, қиын кезеңде тіпті тілдесетін, «ақыл айтатын» кеңесшісі де. Тайбурыл мен Байшұбар, Тарлан ат қандай қасиетті пырақтар, оларды мал санатына қосуға аузың да бармайды.

Жылқы туралы қазақтың мақал-мәтелі де көп: «Жылқының сүті шекер, еті бал». «Жүзден — жүйрік»; мыңнан — тұлпар», «Адам жылқы мінезді» Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше», «Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ», «Алуан-алуан жүйрік бар, бабына қарай шабады», «Жылқы — малдың патшасы», «Ат тұяғын тай басар», «Жортар аттың тоғы игі» «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас», «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса ас көп», «Қасқа айғырдың баласы қасқа болмаса да төбел болар», «Алып анадан туады, тұлпар биеден туады», «Кедей болайын деген жігіт биесін сатып ат қылар, жалғыз болайын деген жігіт туысын ұрсып жат қылар», «Бие көп болса, құлын көп», «Құлындаған биеден құдықтағы су қалмас», «Тай тулап үйірінен кетпес», «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп», «Енесі тепкен құлынның еті ауырмас», «Жылқы құлын-нан көбейер, ақша тиыннан көбейер», «Ат аунаған жерде түк қалар», «Жорғадан туған жортақ бар, батырдан туған қоркақ бар», «Ат баспаймын деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш көреді», «Атының сыры иесіне мәлім», «Арық атқа қамшы ауыр», «Сауын саусаң бие сау — боз қырау түспей суалмас», «Ат мінбей атаңды мақтама», «Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер», «Ат айналып қазығын табады, ер айналып елін табады», «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме», «Тай мінген — балаға жарасар», «Қу байтал екі айғырды аш қалдырар», «Тұлпар болар құлынның мүшесінен белгілі», «Жақсы ат жанға серік, жақсы ит малға серік», «Ат сүрінбей жер танымас», «Құрық тимес құлын жоқ» т.б. жылқы туралы мақалдардың бұл бір бөлшегі ғана. Басқа мал туралы мақал-мәтел мүншалықты көп емес. Көп мақалдарда жылқы мен адам қатар айтылады. Ал мақал өзінің тура мағынасымен ғана қолданылмай, көп жағдайда астарлы мағына берерін ескерсек, қазақтың жылқыны жақсы көретіндігінің шегі жоқтығы осыдан-ақ байқалады.

Жылқының тұқымдары көп — 200-ден астам. Қазақ жылқысы тұқымға бөлініп, терең зерттелген жоқ деп те айтуға болады. Алайда төрт топ жылқы тұқымы жеке аталып жүр. Бұлар — жабы, адай, көшім жылқылары және Қостанай жылқысы.

Бие құлынды 10 ай көтереді, күн жылынып, от молыққан кезде отжақпас айының аяғында — көкектің басыңда құлындайды. Құлын қыс түскенше жетіліп, өсіп қалады. Бие үйірден ұзап, оңаша жерге барып құлындайды. Құлын туғаннан кейін 5—10 минутта басын көтеріп алады да, тұруға әрекет жасай бастайды. Бір-екі сағатта сан рет құлап-жығылып ақырында түрегеледі, аяғын әлтек-тәлтек басып, анасын тауып еме бастайды. Жылқының ең бір осал болатын мезгілі осы кез, құлындап жатқанда биені де жарып, құлынын да жалғыз-ақ қасқыр жеп кетуі мүмкін. Ертеңіне-ақ бие құлынымен үйірге қосылады. Жаңа туған құлын сағат сайын емес, минут сайын өседі. Бір тәулік болған құлын анасын танып, еміп соңынан қалмайды. Бір жетілік құлын емін-еркін, кұламай шауып жүреді. Бір айлық құлын ұзақ шабысқа жарамаса да, үйірден қара үзіп қалмайды, көктемгі көшке кедергісі жоқ. Алты айдан асқан құлынды жабағы дейді, күзгі үдере көшіп-қонуға да еш кедергісі жоқ. Бір жасқа келгеңде еркек құлынды тай, ұрғашысын ұрғашы тай немесе байтал дейді. Екіден асып үшке дейін құнан, үштен төртке дейін дөнен дейді, одан кейін бесті дейді, еркегін айғыр немесе ат, ұрғашысын бие дейді. Құнажын, дөнежіндер де байтал делінеді, айғырдан шығып кетіп құлындаса бие делінеді. Жылқының жасына, түсіне, жынысына, мінезіне, жүрісіне қарай сан-алуан аттары болады, оларды білгісі келген адам Ш. Жанғабіловтың «Қазақша мал атаулары» (Алматы, «Қайнар», 1982) деген кітабынан табады.


Жаттығу жұмыстары
1-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңыз.

Көргенім, келетіні, жазатының, көмектесетініңіз, барғаныңыз, тыңдағаныңыз.


2-жаттығу. Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасаңыз.

Үлгі: жүгіре жөнелді, жүгіріп келеді, жүгіргелі тұр.


Айтып, тауып, күрескелі, қарап, санай, алып, көргелі.


3-жаттығу. Етістіктің осы шақ формасын өткен шаққа айналдырыңыз.
4-жаттығу. Мәтіннен етістіктің өткен шақ формаларының жұрнақтарын анықтаңыз.
5-жаттығу. Жедел өткен шақ формасын бұрынғы өткен шаққа айналдырыңыз.
6-жаттығу. Мәтіннен етістіктерді тауып, тұлғасына қарай талдау жасаңыз.

Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді. Жүк жиналған бөлігі төр деп аталады. Төрдің есік жақ шеті ошаққа тіреледі. Төрге үлкен адамдар және қонақтар отырады. Төрдің оң жақ босаға жағы үйленбеген ұлдың , не ұзатылмаған қыздың орны болып есептеледі.

Оң босаға мен сол босаға үйдің оң және сол қанаты деп аталады.

Есіктен кіргенде оң қол жақтағы бұрышта адалбақан, ыдыс-аяқ, саба, кебеже, торсықтар тұрады. Бұлардың бәрі өреше деп аталатын арнаулы шимен қоршаулы болады. Үйдің сол жақ босағасында ер-тұрмандар жиналады, аяқ-киімдер жатады. Жауын-шашын кезінде отқа жағатын отынды кіргізіп қояды.


7-жаттығу. Сөйлемдерден рай формасында қолданылған етістіктерді табыңыз және қай түріне жататынын анықтаңыз.

Маужырап атқан май айының шапағы ал қызыл тудай шайқала қалған екен. Қызыл шапақ астынан күн төбесі көріне бастады. Мөлдір айдың бетінде құбылып, күрең сәуле ойнайды. Көз ұшында шағаладай шаңқан ақ желкен де көрінеді. Аршын мойындарын құрықтай иіп, жұп – жұбымен аққулар жүр. Кейбіреулер арқасына қайыра салыпты. Теңіз толқыны оларды ақырын ғана тербеп қояды. Көгілдір кеңістікке шоршып сары сазандар ойнайды.


8- жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдердің шарт мәнін енгізіп жауап беріңіз.

Үлгі: - Менің басым ауырып отыр.



- Дәрі ішсең жазылады.

1. Кітапханаға барасың ба?

2. Мен қатты шаршап отырмын

3. Мақсат бүгін тағы келмеді

4. Емтиханнан нашар баға алдым

5. Сен кетіп барасың ба


9-жаттығу. Бұйрық райдағы етістіктің болымды, болымсыз түрін ажыратыңыз, жасалу жолын анықтаңыз.

- Қара, қара, тілінің ащысын қарашы! – Тоқта, тыңдайық. – Ау, су әкеліңдер! Өрт салушыны іздеңдер. – Бермеңдер, лақтырыңдар өзін. – Шегін кері! – дейді автоматчик көпірге көтеріле берген машинаны кері кеудесімен тіреп.

- Шегіне алмаймын, бөгеме жолымды. Бірақ сабағыңнан кешігіп қалушы болма, - деді.
ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ

Үстеу. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеудің емлесі.

Әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретің лексика-грамматикалық топ үстеу деп аталады.



Наречие — часть речи, обозначающая признак действия или признак качества предмета.

Мысалдар (Примеры)

1. Мезгіл (Времени) қашан? кашаннан? (Когда? с каких пор?) кеше, бүгін, ертең, қазір, кешке, ертемен, ертесіне, таңертең, түнеу-гүні, бүрсігүні, жаздыгүні, қыстыгүні, биыл, күні-түні

2. Мекен (Места) қайда? қайдан? (где? куда? откуда?) әрі, бері, жоғары, томен, алға, артқа, ішке, іште, ішкері, ілгері, мүңда, сонда

3. Мөлшер (Количества и меры) канша? қаншалық? қаншадан? нешелеп? (сколько? до какой степени?) сонша, онша, оншалық, соншалық, мұндайлық, мұнша, сондайлык, біраз, бірталай, недәуір, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті



4. Сын-бейне (Образа и способа; действия) қалай?қалайша? қайтіп?(как? каким образом? каким способом?) әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, қүр, түгел, ауызша, өзгеше, осылай,көйлекшең, тікелей, бірге, зорға, аздап

5. Күшейту (Усилительные) қалай? қайтіп?қандай? (как? каким? образом? какой?) аса, нағыз, ең, өте, тым, тіпті, айрықша, барынша, кілең, небір, өңкей, әбден

6. Мақсат (Цели) не үшін? неге? не? мақсатпен? (зачем? для чего? с какой целью?) әдейі, жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра, әдейілеп

7. Себеп-салдар (Причины и следствия) неліктен? не себепті? қалай? (почему? отчего? как? по какой причине?) бекерге, амалсыздан, боска, текке,

лажсыздан, шарасыздан, қүр босқа, амалсыздан, әншейін

8. Топтау (Разделительное) қалай? қаншалап? (как?) екеулеп, үшеулеп,

бір-бірлеп, рет-ретімен, он-ондап, аз-аздан, көп-көп-тен, бас-басына, жұп-жұбымен


Мәтінге жоспар құрыңыз.

Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық таблица құрыңыз.

Мәтінді ауызша мазмұндаңыз.
ИНФЕКЦИЯ, ЖҰҚПАЛЫ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ ҰҒЫМДАРЫ
Адам баласына көптеген жұқпалы аурулары (шешек, құтыру, оба, сіреспе, мерез және т.б.) ерте замандардан белгілі болған, бірақ олардың қозғыштарының бар екендігі 19 ғасырдың екінші жартысында ғана белгілі бола бастады.

Инфекция латынның infection – жұқтырамын деген сөзінен шыққан (термин 1842 жылы Хуфеланд деген ғалым ұсынған болатын). Бұл терминді бастапқы кезде мерез (сифилис) ауруына ғана қатысты пайдаланады. Ал «жұқпалы аурулар» деген атауды және оларды жеке топқа бөлуді Р. Вирхов ұсынды. Ол аурудың торшалардан (клеткалардан) басталатынын дәлелдеді.

Ертедегі Греция мен Рим ойшылдары (Гиппократ, б.э.д. 460-377 ж; Вергилий б.э.д. 70-19 ж.; Д. Фракастро, 1478-1553 ж.) адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының табиғатын зерттеп, олардың қозғыштарының болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Д. Фракастро жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының бір организмнен екінші организмге әртүрлі жолдармен (жанасу арқылы, бөгде заттар арқылы және арақашықтық – аралық арқылы) берілуін болжады.

Қазіргі кезде инфекцияға мынандай анықтама берілген. Инфекция зардапты микробтардың организмге енгенінен соң, олардың өсіп-өнуінің әсерінен организмде пайда болатын биологиялық, химиялық және патологиялық құбылыстардың жиынтығы болып табылады.

Жалпы биологиялық тұрғыдан алғанда инфекция – микро және макроорганизмдердің тіршілік үшін өзара күресінің белгісі болып табылады. Инфекцияның негізгі заңы микробсыз инфекция жоқ, микроб инфекцияның негізгі себебі. Инфекцияның дамуы мен соңы недәуір мөлшерде микроорганизмнің қорғаныс күштерінің күйіне әрекеттесулерінің барысы қоршаған ортаның жағдайларына да бағынышты. Осы тұрғыдан алғанда инфекция үш фактордың микробтың – микроорганизмнің – қоршаған ортаның бір-бірімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын күрделі биологиялық процесс.

Инфекция кезінде макро және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынастарының өзгеріске ұшарауы жұқпалы процесс деп аталады. Жұқпалы процесс макроорганизмнің бұзылған гомеостазын және оның сыртқы ортамен тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Ол негізінде үш түрде байқалады: 1) Жұқпалы ауру, 2) Микроб алып жүру, 3) Иммундеуші субинфекция.

Жұқпалы ауру – инфекциялық процестің ең айқын көрінісі. Алайда кейбір жұқпалы аурулар атиптік түрінде, ал кейде тіпті клиникалық белгілерсіз өтеді (бруцеллез, туберкулез, жылқының жұқпалы анемиясы және т.б.).

Микроб алып жүру деп макроорганизмнің денесіндегі микроб өніп - өссе де, оның ауруға шалдықпауын айтады. Айта кететін мәселе аурудан айыққан адам мен жануарлардың организмінде белгілі бір уақыт аралығында микробтың сақталуы мүмкін. Мұндай организмді микроб тасмалдаушы деп атайды. Бұл екі ұғымды шатастырмау керек. Микроб алып жүру жағдайында аурудың клиникалық белгілері байқалмайды және мұндай жануарларды тіпті иммунологиялық тәсілдермен де анықтау оңайға түспейді. Сондықтан микроб алып жүруші малды тек қана бактериологиялық немесе вирусологиялық зерттеулердің көмегімен тауып алуға болады.

иммундеуші субинфекция дегеніміз микробтың өсіп-өнбей, көбеймей өзі тудыратын ауруға қарсы организмнің иммунитетін қалыптастыруы.
Есте сақтайтын сөздер

Індет


Шешек

Сіреспе


Зардапты

Құрбылыс

Қорғаныс күші
Жаттығу жұмыстары
1 – жаттығу. Төмендегі үстеулерді екі топқа (түбір, туымды) бөліңіз.

Төмен, кейін, дұрыс, әдейі, қазақша, орысша, сеніңше, жылдам, алға, артқа, осында, жауында, адамша, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтар, тым, аса, жылдам, бүгін, ертең, жазда, көктемде, таяуда, дұрыс.


2 – жаттығу. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, антонимдер табыңыз.

Низкий, нижний, горожане, приехать.


3 – жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті үстеуді қойып жазыңыз.

1.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба,

Құморланып шаттанба, ойнап ... бүлуге. 2.Жаңбыр

... жауған жоқ, тек ... аздап сіркірейді. 3.... Абайдың жасы он үшке толған еді.

4.Дәурен ... қарулы жігіт. 5.Жүгіріп келе жатқан бала ... құлап, аяғын жаралап алды.
Малда кездесетін ауру атаулары



Малдың түрлері

Ауру атаулары

I

Жылқы

1. Айналма (делбе)

2. Боғмала

3. Бөген

4. Жамандат

5. Жаталақ

6. Желтоқым

7. Жемтүсу


II

Сиыр

1. Ақбайпақ

2. Алаөкпе

3. Аусыл

4. Бауырқұрт

5. Боғмала

6. Бөгу


7. Бұзаутас

III

Түйе

1. Ақбас

2. Ақшелек

3. Алагүлік

4. Жалпаққұрт

5. Қарабез

6. Қараөкпе

7. Құмыр


IV

Қой

1. Айырма (құлық, сарып)

2. Алаң


3. Ашбаспақ

4. Алаөкпе

5. Бақайқұрт

6. Басқақ

7. Бауырқұрт


V

Ешкі

1. Алаөкпе

2. Бауырқұрт

3. Боғмала

4. Жалпаққұрт

5. Кебенек

6. Қуқұмалақ

7. Құмыр


4-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулердің астын сызыңыз, қандай үстеу екенін ажыратыңыз.

Батыста тасыған қазандай кемерінен асып, төгіліп Ақ Еділ жатыр, Шығыста, көз ұшыңда, шоқ-шоқ тоғайлар қылаңытады, арттарында дөңбек жолдардың басында бұлардың жолдарына көзін сатып Уфа қарап тұр. Күлтайдың бірге туысқан ағасы бар еді. Ескі қыстаудан әрі ұзамай, қалың ағаш сиреп, дала көріне бастады. Әлі қар бекіген жоқ. Осылайша Дәрменнің ойы жартымсыз жора-малдарға малтықты. Бастапқыда Қанқажыны маңайлатпай; кейін тіл тартпастан көне қалған ата-ананың бұл асығыстығына әлі ешкімнің көзі жетпеді. Кенет арт жақтан ат дүбірі естілді. Омбыға келгені кеше ғана. Ол ішке кірді. Онда татар саудагерінше киініп, керуенге ілесіп баратын болды. Бұқарашыл ғалым қолдан келгенше жәрдемін тигізгенше асықты.



5-жаттығу. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз.

Бүгінгі, көктемде, жаздыгүні, әрқашан, енді, кейде, кеш, кешке, күнде.


6-жаттығу. Сөйлемдерді жазып, үстеулердің астын сызыңыз.

Ол әрең келді. Сен осылайша отыр. Олар кенеттен тұрды. Сонша адам отыр. Қыруар уақыт кетті. Ол үнемі келеді. Бірталай адам жиналды. Қыруар мал бар. Бірқыдыру уақыт өтті. Ол тез келсін.



7-жаттығу. Мына үстеулерді пайдалаынп үсту құраңы

Сонша, аз, көптеген, көп, бір-бірден, қаншама, кеше, талай, осынша.


8-жаттығу. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз.

Осында, ілгері, артқа, мұнда, төлен, жоғары, кейін, онда, қазақша, әдейі, оларда.


ОН БЕСІНШІ САБАҚ

Шылау. Еліктеуіш сөз. Одағай.

Өзара тең тұрған сөздерді (бірыңғай мүшелерді), сөйлемдерді (салалас сөйлемдер) байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынасты білдіріп тұрған шылаулар жалғаулықтар деп аталады.



Союзы служат для соединения однородных членов предложения.

Жалғаулықтар (Союзы) мен (бен, пен, менен), да (де, та, те), және, әрі, әм әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, қүй, мейлі, яки, бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, әйткенде, дегенмен, оңца да, сонда да, сөйтсе де, себебі, өйткені, неге десең, не үшін десең, сондықтан, сол себепті, сол үшін, соның үшін, егер, егер де, алда-жалда, яғни, демек, ал еңдеше, ендеше, олай болса, онда

Септеулік шылаулар

(Послелоги)

Атаушы сөздер арасындағы мезгіддік, мекендік, мақсаттық, себептік қатынастарды білдіріп, байланыстырушылық қызметте жүмсалатын көмекші сөздер септеулік шылаулар деп аталады.

Септеуліктер белгілі бір септік жалғаудағы сөзбен тіркесіп, оның граммат икалық мағынасын нақтылап, толықтыра түседі.

Послелоги выражают отношения между предметами и управляют каким-либо падежом именных частей речи.

гөрі, әрі, бөлек, езге қатар, бірге, қабат, қоса

Септеуліктер (Послелоги)

1.Арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді

2. бойы, бойда, бойынша, үшін, бойымен,

3. сайын, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы

4.бері, кейін, соң, бүрын, бетер
Демеулік шылаулар

(Частицы)

Өздері тіркесетін сөздерге қосымша реңк үстейтін, мағыналарьш күшейте түсетін көмекші сөздер демеулік шылаулар деп аталады.



Частицы вносят дополнительные смысловые, эмоциональные, мо­дальные оттенки в значения отдельных слов и предложений.

Демеуліктер (Частицы)

1) ма (ме, ба, бе, па, пе), ше

тау ма? барасың ба? жоқ па? сен ше?

2) -ақ, -ay, -ай, да (де, та, те), шы (ші) сен-ақ, солай-ау

3) қой (той), ды (ді, ты, ті) қойған-ды, екен ғой

4) қана (ғана), -ақ, тек жақсы-ак, сонда ғана, тек кана

5) түгіл, түрсын, түрмақ ол түгіл, былай тұрсын

6) мыс (-міс), екеш болыпты-мыс, айтты-мыс



ОДАҒАЙ

Түрлері (типы)

Одағай (междометия)

Мысалдар (примеры)



Мағынасына

қарай (по значению)



1 Көңіл-күй (эмоциональные)

Бәрекелді! (браво)

Бәрекелді, өлеңді жақсы айтасың!

(Браво, хорошо поешь!)

Алақай! (Ура)

Алақай қар жауып тұр!

(ура, снег идет)

Аһа! (Ага)

Аһа, келдің бе?

(Ага пришел)

Әттеген-ай! Қап! (Надо же)

Әттеген-ай, кешігіп қалдым-ау!

(Надо же опоздал)

Ойбай! (Ой)

Обай, ауырттың!

(Ой, больно)

Құдай-ай (Боже мой)

Құдай-ай,бұл недеген!

(Боже мой что он говорит)

2 Жекіру (императивные)

Ал! (ну)

Мә! (На)

Әй (Эй)

А,тұр! (ну, вставай)

Жә! (полно, хватит)

Жә, күңкілдеме! (Хватит не ворчи)

3Сыпайгершілік

(формы вежливости)

Кешіріңіз! (извините)

Кешіріңіз,сізге не керек еді!

(извините, чт Вы хотели)

Рақмет! (спасибо)

Рақмет,Санжар! (Спасибл,

Санжар)

Кеш жарық! (Добрый вечер)

«Кеш жарық!» - деді ол кіре бере.

(«Добрый вечер!»-сказал он, входя)


Мәтін тапсырмалары

Қазақтың қандай ұлттық емін білесіздер.

Мәтінге жоспар құрыңыз

Мәтінді мағынасына қарай болімге боліп, ондары негізі ойды білдіретін сойлемдерді дәптеріне жазындар.
ҚАЗАҚТЫҢ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ
Қой – төрт түлік малдың бірі, қазақтың халық елшілері қойдың әрбір ішкі және сыртқы мүшелерін сырқаттарды емдеуге кең көлемде пайдаланып келеді. Бағлан, тоқты, ісек, құнан қой, дөнен қой, ту қойлардың ішкі сыртқы мүшелерін және кәрі саулықтың сорпасын дәрі үшін пайдаланады. Қойдың еті, сорпасы сіңімді, қан толтырып, семіртеді. Денеге жылу береді, жеуге жағымды. Қара кесек етінің құрамында 68% су, 17,3% белок, 13,6% май және кальций, фосфор, темір бар.
ЕМ БОЛАТЫН АУРУЛАРЫ
1.Ауыр науқастан кейін арықтағанда, босанғаннан кейін әйелдердің денсаулығын қалпына келтіреді таптырмайтын ем. Мұны сорпалану деп атайды. Дені сау жас қойды сойғаннан кейін, науқас-адамның қуатына қарай аз аздан көбейте отырып сорпасының бір рет ішкізіп, жегізеді.

2.Жаңа сойылаған қойдың етінен жұқалап тіліп алып, соғылып, ісініп жараланған жерге жақса, ісікті қайтарады, іріңдеудің алдын алады. Ішінен іріңдеп шықпаған жараларға (сыздық, ширап) тақса, жараның аузы ашылады.

3.Қойдың етін күйдіріп, көмірін сірке суына езіп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанды басады.

4.Сыныққа, мешел балаларға еттен салынып алынған сүйектері балтамен шауып, ұзағырақ қайнатып, сорпасынан күніне бір-екі реттен ұзақ ішкізсе, ауру тез жазылуға себепші болар.


Есте сақтайтын сөздер

Тоқты


Ісек

Сорпалану

Салынып алыну

Дөнен қой

Ту қой

Уытты қайтару



Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу. Сөйлемдерден шылауларды табыңыз.

Қазақстан үшін - мал шаруашылығы, қазба байлықтарынан кейінгі басты байлықтың бірі болып табылады. Кеңес дәуірі кезінде мал шаруашылығындағы жетістіктерімен әлемге әйгілі болған еліміз, қазіргі таңда әлемдік рынокта, үлкен бәсекелес бола алатын мемлекеттердің бірі.

Мал шаруашылығының кез-келген саласының тағдыры, өнім көрсеткіштерінің үлкен рыноктағы бәсекеге төзімділігіне байланысты. Алынған өнім бәсекеге төзімді болу үшін көрсеткіштері жоғары және сапалы болуы шарт.
2-жаттығу. Мәтіндегі шылауларды теріп жазыңыз.
3-жаттығу. Мәтіндегі шылауларды табыңыз.

4-жаттығу. Демеулік шылауларды тауып, емлесіне сай тыныс белгілерін қойыңыз.

«Шырағым ай, бұл қайдан ойыңа түсе қалды, аталы сөз болды ғой өзі» десіп, қарттар орындарынан бір қозғалып алды.

- Япыр ай енді аяқтары лас, үйдің ішін былғайды ау. Бекетке жақындадық па Шешей ау есіттің бе Қалай жығылмайсың, Поддубныйдан күштімісің? – палуан, мал-басың аман ба? Жарықтық ай

өзі де шаршаған шығар? – Қой, бұл сыпырғыш та көтере алмайтын сорлы ғой (Қ. Әбдіқадыров).



5-жаттығу. Шылауларды тауып, олардың түрлерін бөліп көрсетіңіз.

Үлгі: септеулік жалғаулық демеулік

шылаулар шылаулар шылаулар

Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде, әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы.

(Ш. Аймауытов). –Байқаймысың, Костя...? Заводтың ар жағында әрі қаратып тізіп қойған топ-топ ... жақпар тастар көрінетін еді. Одан әрі күнгей беттің күрең қия тастары ... едәуір биік тауға айналып кеткен (Ғ.Мүсірепов). Бай мен кедей арасындағы бітімсіз аңдысқандық айтылды. – Жамандауға келіп пе ең? –деп, Тәкежан бастады. – Сөз-ақ-ау! Мәкеннің кедейлеу ауылында жалғыз шешесі мен өзі тірлік еткен қоңырқай үйі бар-ды. Сол жиырма күн бойында не күндіз, не түнде не үйде, не түзде, кейде жиын ішінде, кейде оңаша екі жүрек арасында жібек талдай, майда лептей тағы бір ғажайып тілсіз сыр жалғасты ( М. Әуезов).

6-жаттығу. Талғаулық жалғаулықтарды пайдаланып 7 сөйлем құраңыз, тыныс белгісіне, жазылуына көңіл аударыңыз.
ЖЕТІНШІ САБАҚ

Аралық бақылау жұмысы

$$$ 1С


Буын дегеніміз не ?

А. тілдегі сөздердің бір-біріне мағыналары жағынан ерекшеленуі

В. тілімізде дыбыстардың сырын ашады

С. дауыс құбылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқыны

D. белгілі бір тілге ғана тән бір келкі, бір дыбысты дыбыс құбылыстарын сипаттап беру

Е. дұрыс жауабы жоқ

$$$ 2 D

Тұйық буын дегеніміз не?



А. дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын

В. дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын

С. дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын

D. дауыстыдан басталып дауыссыз дыбысқа бітетін буын

Е. дұрыс жауап жоқ

$$$ 3 В


Үнді дауыссыздарды тап:

А. п, қ, т, с, к, ш

В. м, н, р, л, ң

С. в, б, г, д, з, ж

D. б, с, ғ, ж, з, л

Е. м, д, к , л, с, т

$$$ 4 А

Кль, брь, бль тәрізді дыбыс тіркестеріне және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге қосымшалар қалай жалғанады?



А. жіңішке

В. жуан


С. естілуіне қарай

D. буын үндестігіне қарай

Е. дұрыс жауабы жоқ

$$$ 5 А


Қай сөйлемдегі септік жалғауы түсіріліп қолданылған?

А. Баласы шешесі берген құртын ұнатты.

В. Ыждағаттылықпен тыңдамауы қынжылтарлық.

С. Ықыласқа разы болмауы кумәнданарлық.

D. Ынтызарлықпен ысырапшылдықты мәселе етіп көтергенбісіңдер?

Е. Даудың басы- Дайрабайдың көк сиыры.

$$$ 6 D

Үстеуді көрсетіңіз



А. кермек, орама, ораза

В. кербез, кертпек, орағыт

С. кертартпа, кереғарлық

D. керемет, орасан

Е. орашолақ, кертік

$$$ 7 D


Еліктеуішті көрсетіңіз.

А. қалтқы осы, саф алтын кілт

В. қатқыл дауыс, қалтарыс жер

С. қалтыр етпегендігі, кілт доғал

D. қалт тоқтамандығы, кілт доғарушы

Е. сыршыл жан, жан дауыс

$$$ 8D

Етістікке берілген анықтаманың қайсы қате?



А. Етістіктің түбірі бұйрық райдың ІІ жағы

В. Етістіктер есімше, көсемше формаларын түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа енеді.

С. Сөйлем мүшесінде баяндауыш болады.

D. Сөйлем мүшесінде пысықтауыш болады.

Е. Етістіктің қалау райы “игі еді”сөзінің тіркесуі арқылы жасалады.

$$$ 9 В


Жіктік жалғауы түсіріліп қалған сөйлем қайсысы?

А. Мен келем өзіңе тәй-тәй басып.

В. Сіз дария болғанда мен қоңыр қаз.

С. Жапандағы бір гүлмін жеке біткен.

D. Айтпасқа болмас.

Е. Елім деп еңіреп өткен.

$$$ 10 А

Үстеуді көрсетіңіз.

А. Жоғары қарай

В. қызметсіз адам

С. сіз табасыз

D. айсыз аспанымыз

Е. Айшықты

$$$ 11 С


Сын есімді көрсетіңіз.

А. кесеге, кежеге

В. томп-томп, ирең

С. алғыр, зерек

D. қаңғыр, дүңгір

Е. кесінді, кескін

$$$ 12 С

Септік жалғаулы сөз қайсысы?

А. қауғадай

В. қанжығасы

С. баруға

D. ұнжырғаларың

Е. ұңғысы

$$$ 13 А


Мезгіл-мекен мағынасындағы септеулікті көрсетіңіз?

А. салым, таман

В. бірге, қабат

С. сияқты, тәрізді

D. сайын, үшін

Е. туралы, жайында

$$$ 14 D

Әлгінде, мана үстеудің қай түрі болады?

А. себеп

В. бейне


С. күшейту

D. мезгіл

Е. мақсат

$$$ 15 В


Барыс септеулік жалғаулы сөзді көрсетіңіз?

А. тамғалы, қарғалы, қабырғалы

В. құрсаулауға, шаужаулауға

С. қабырғалық, сырғалық, бұғалық

D. сауға, қауға, доға

Е. қонақасы, қансонарда

$$$ 16 С

Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауды көрсетіңіз.

А. тарта, салым

В. арқылы, жайында

С. гөрі, бұрын


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет