Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, ф м.ғ. к., Д. Т. Бердалиев


Дипломдық жұмысты дайындау және қорғау



бет5/7
Дата07.05.2020
өлшемі54,71 Kb.
#66437
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
-436757664
6.2. Дипломдық жұмысты дайындау және қорғау
6.2.1. Дипломдық жұмысқа дайындық ғылыми жетекшінің басшылығымен онлайн режимінде қол жетімді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы іске асырылады.
6.2.2. Дипломдық жұмыс жазылып болған соң антиплагиатқа тексеруге жіберіледі.
6.2.3. Дипломдық жұмыстың қорғалуына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей АК-қа электрондық түрде ұсынылады:

1) дипломдық жұмыс ғылыми жетекшісінің "қорғауға жіберіледі" немесе "қорғауға жіберілмейді" деген дәлелді қорытындысы берілген пікірі;

2) қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың жан-жақты мінездемесі және білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы көрсетілген дәлелді қорытындысы және «бакалавр» дәрежесін немесе біліктілігін беру мүмкіндігі туралы рецензия;

3) шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);

4) дипломдық жұмысты плагиаттық мәніне қатысты тексеруден өткізу туралы анықтама.
6.2.4. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда білім алушы диплом жұмысын қорғауға шыға алады.

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушының дипломдық жұмысы қорғауға жіберілмейді.

Білім алушының рецензенттің оң қорытындысы болғанда, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда дипломдық жұмысы қорғауға жіберіледі.

6.2.5. Дипломдық жұмысты қорғау онлайн форматында кафедарның таңдауы бойынша Zoom, Cisco Webex Meetings, WhatssApp, Telegram платформаларының бірінде жүргізіледі.


6.2.6. Дипломдық жұмысты қорғау кезінде білім алушылар онлайн режимінде презентациялар көрсете отырып баяндама жасайды. Дипломдық жұмысты қорғау барысында техникалық проблемаларға қатысты байланыс үзіліп кеткен жағдайда білім алушы хатшыға хабарласады. Білім алушыға сұрақтарды жазбаша жібереді. Білім алушы сұрақтарға байланыстың түріне қарай ауызша немесе жазбаша жауап береді.
6.2.7. АК отырыстарының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды. Дипломдық жұмысты қорғау уақыты әр студентке 15 минуттан аспауы керек, ал дипломдық жұмысты қорғауға 7-10 адам жіберіледі.

Дипломдық жұмысты қорғау үшiн бiлiм алушы аттестаттау комиссиясының алдында уақыты 7-10 минуттан аспайтын баяндама жасайды.


6.2.8. Дипломдық жұмысты қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні АК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет