Академиялық тәртіп пен этика саясаты: Өзгенің пікірін құрметтеңіз. Қарсы пікіріңіз болса дұрыс жеткізе біліңіз. Академиялық адалдық ережелерін қатаң сақтаңыз: плагиат немесе басқа да адал емес жұмыс түрлерін ұсынуға болмайды. Емтихан кезінде бір-біріне көмектесуге, көшіріп алуға жұмыстануға немесе басқа адамның орнына емтихан тапсыруға болмайды. Сабаққа кешікпеңіз.
Көмек: өздігінен жұмысты орындау, оны тапсыру және қорғау барысында, сонымен қатар өткен тақырыптар бойынша қосымша мәліметтер қажет болған жағдайда оқытушыдан оның жұмыс істеу уақытында немесе байланыстың электрондық құралдары арқылы кеңес сұрауыңызға болады.