Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет91/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева
Жүсіпкалиева
 
10.2. Демонстрациялық экспериментке  
қойылатын талаптар 
Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құн-
дылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді: 
1. Тәжірибе  өтіліп  жатқан  оқу  материалымен  тікелей  органи-
калық байланыста көрсетілуі керек. 
2. Демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс. 
3.Сабақта  көрсетілетін  физикалық  тәжірибе  көп  уақыт 
алмауы керек және барлық құралдарды бірден көрсетудің қажеті 
жоқ.  Олардың  ең  негізгілерін  ғана  тақырыпты  түсіндіруде 
қолданып,  қалғандарын  оқушылардың  сұрау,  қайталау  сабақ-
тарында пайдаланған тиімді. 
4. 
Физикалық 
тәжірибелер 
негізінен 
физикалық 
заңдылық-тардың сандық мағынасын дәлелдеуге тиісті.  
5.Демонстрациялық 
эксперименттің 
эврикалық 
түрде 
болғаны  жөн,  мұндай  жағдайда  тәжірибенің  негізінде  оқушылар 
өздері "жаңалық" ашады немесе тиісті қорытындыға келеді. 
6.Тәжірибенің  бірнеше  нұсқаларынан,  жаңа  сабақты  түсін-
діруде олардың ең көрнекісі, әсері (эффектісі) күштісі көрсетілуі 
керек. 
7.Тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керек-
ті  құралдар  ғана  қойылуы  тиіс.  Оның  көрнекілігін  күшейту  үшін 
мұғалім түсті қағаздарды, ақ-қара экрандарды, түрлі түсті боялған 
сұйықтарды пайдаланып, құралдарды жарықтандырғаны жөн. 
8. 
Көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен сұлбаларды 
дер кезінде тақтаға сызу қажет. Ең дұрысы - суретті динамикалық 
түрде салу. 
9. 
Физикалық  экспериментті  нәтижелі  көрсетуде  физика 
мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет