Оқу-әдістемелік материалдар «Кіріспе. Биофизика пәні және оның мәселелері. Термодинамика» Биофизика пәні және оның мәселелері



бет35/65
Дата15.09.2017
өлшемі7,56 Mb.
#33508
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65

2 Электролиттердің транспорты.

Электр тогы дегеніміз электр тогы әсерінен зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. Зарядталған бөлшектер электрондар немесе оң және теріс иондар болуы мүмкін. Электр өткізгіштік барлық металдар мен көптеген жартылай өткізгіштерге, ал иондық электролиттер ерітіндісі, кейбір тұздар мен иондық кристалдардың қосындысында болады.



Биологиялық жүйелерді таза электрондық өткізгіштік болмайды. Қан, цитоплазма және көптеген сұйықтықтар электролиттер ерітінділері болып табылады. Цитоплазманың меншікті кедергісі тұрақты токта аралығында, көптеген ұлпаның меншікті кедергісі -ға дейін жетеді. Электр тогын жақсы өткізетіндер жұлын сұйықтығы, қан, лимфа, ал нашар өткізетіндер – еттер, бауыр, өкпе. Кедергілері ең үлкендері май және сүйек ұлпалары, тері. Терінің кедергісі сыртқы себептерге байланысты. Мысалы, су қолдың кедергісі зақымданған қолға қарағанда едәуір аз. Дененің электр өткізгіштігі деп уақыт бойынша өзгермейтін электр өрісі әсерінен заттың электр тогын өткізу қабілетін айтамыз. Плазмалардағы электр тогын тасымалдайтын электрон және ион болып саналады. Металдарда дәлме-дәл орындалатын Ом заңы биологиялық организмде сол күйінде орындалмайды. Өткізгіш арқылы өтетін токтың шамасы кернеуге тура пропорциональ екеін белгілі: . Ал осы заң тірі организмдерде орындалмайды екен. Тірі организм арқылы ток жүргенде оған берілген кернеу өзгермесе де, одан өтетін ток өзгереді. Дәлірек айтқанда ток күші кемиді. Ол ұлпада болып жатқан поляризацияға байланысты. Ұлпалардың сиымдылық, диэлектрлік қасиеттерінен ток күші азаяды. Биологиялық объектілер үшін Ом заңы былай жазылады:



Мұндағы - поляризация қозғаушы күші. Поляризация дегеніміз байланысқан зарядтардың электр өрісі әсерінен қозғалуын, сөйтіп электр қозғаушы күшінің пайда болуын поляризация деп атайды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет