Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат. Тақырыбы: Табиғатты аялайық. Мақсаты



бет2/11
Дата23.05.2018
өлшемі2,37 Mb.
#40674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ауаның қасиеттерін.

Болу керек: ауа туралы түсінік.

Үйрену керек: ауаны ластамаудың амалын.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы


Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: «Табиғат әлемі»

Мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсінік бере отыра оларды табиғатты аялауға , қамқорлық жасауға шақыру.  Табиғаттың адам өмірі үшін пайдасын түсіндіру. Табиғаттағы өсімдіктердің  қалай жетіліп өсіп дамуы туралытүсніктерін  қалыптастырыу.   Өсімдіктердің   күнделікті ортадағы  қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту.  

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер «Күнбағыс», «Жемістер пайдасы»,  

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ойын.

Қостілдік компонент.   Жемістер – фрукты, күнбағыс – подсолнух, растение – өсімдіктер.



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Күн сәуле шашқаның үшін рахмет

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Аспан, таза ауаң үшін рахмет

Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!


Балалар табиғатқа қимылдармен көрсете отырып ризашылығын білдіреді

Ұйымдастыру кезеңі


«Табиғат әлемі» сайысына бармас бұрын біз алдымызда тұрған кедергіден өтуіміз керек, ол үшін әрқайсымыз көзімізбен қарап досымызды табамыз, содан соң досың екеуің мына екі тақтайшалар арқылы аяғымызды су қылмай мына өзеннен өтуіміз керек.

 

Тәрбиеші: «Табиғат  әлемі» сайысына хош келіпсіздер.



1 тапсырма

Топтарының атын қорғау.



«Күнбағыс»

 Таңертең де күнге қарап тұрасың

Түсте дағы күнге қарап тұрасың, 

Кеш  болса да күнге бетті бұрасың,

Сонда өзің айтшы, кім болып сен шығасың?

Таптым, таптым,

Күнді баққан,

Үкі таққан

Күнбағыс боп шығасың.
«Жемістер пайдасы»

 Көктем келіп жеткенде

 Хабар келіп  біздерге

 Бау бақшада жайқалып

Біз өсерміз  гүлдене               

Денсаулыққа пайдалы

Шырынымыз әні бар

Табиғаттың жайдары

Жемістерміз пайдалы
Әңгімелесу және сұрақ - жауап

1 сұрақ: Көктемде қар астыннан шығатын бірінші гүл?

 1.Бәйшешек 2. Қызғалдақ. 3. Түймедақ

 

Сұрақ. Құстар бізге қай мезгілде ұшып келеді?



 Қыс. 2. Күз. 3. Көктем

 

Аюдың ұясы қалай аталады?



 Ұя. 2. Ін. 3. Апан

 

 Аю ұйқыдан қашан оянады?



 Көктемде 2. Қыста. 3.Жазда  

 

Орман дәрігері қай құс



 Тоқылдақ 2. Қарға 3. Қарлығаш

 

Табиғатты  аялау үшін не істеу керек



 Өртеу керек  2. Қамқорлық жасау керек 3. Ластау керек

Ойын : «Дәндер қалай өседі» Балаларға ойын шартын түсіндіру.
Қостілдік компонент.   

Жемістер – фрукты, күнбағыс – подсолнух, растение – өсімдіктер.



Әр кім өз досына көмектеседі.

 


Балалар өз тобын қорғайды

 (Бастарын алға, жоғары артқа бұрып қаратып, күннің бағытына қарайқозғайды, алақанын жайып, қолдарын ақырын көтереді,сұраған кейіпте шапалақтау,бір – бірлерінің қолдарын мықтап ұстап,жоғары көтеріп күнбағыс бейнесін келтіреді.)

 

 

 



 

Балалар қолдарын аспанға көтеріп шапалақтап, гүлге ұқсап отырады, , екі аяқты тыпырлатып қол соғады)


Балалардың жауабы тыңдалады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап шығады.


Қайталайды.

Рефлексивті түзету

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:табиғатты аялай.

Болу керек:табиғат туралы түсінік .

Үйрену керек:
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы



Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: «Табиғат ана».

Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсіндіру. Табиғат байлықтарын бағалауға, қадірлей білуге, табиғатқа қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу. Салауаты өмір салтына тәрбиелеу. Табиғат әсемдігін қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру.  

Көрнекілігі: хрестоматия

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Табиғатқа саяхат.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Күн сәуле шашқаның үшін рахмет

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Аспан, таза ауаң үшін рахмет

Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!


Балалар табиғатқа қимылдармен көрсете отырып ризашылығын білдіреді

Ұйымдастыру кезеңі


Әңгімелеу

«Табиғат-Ана» ертігісін оқу.

 Әңгімелесу

Табиғат ананың ұлдары қандай игілікті істер жасады.

Табиғат – Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?

Балалар! Табиғатпен Адам бір-бірімен байланыста екен. Адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ.

Бізді қоршағанның бәрі – табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар.

Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат Ана» деп атайды?

Балалар бізге ауаның не үшін қажет екенін білгілеріңкелеме?

Олай болса тәжірибежасапкөрейік. Тереңдемалып, аузымызбен мұрнымызды қолымызбен жауып, демді іште сақтайық. Қиналып кеткенде демдеріңдішы ғарыңдар, демала бастаңдар.

Ауасыз қандай қиын екенін сездіңдер ме?

Біз ауасыз өмір сүре аламыз ба?



Тренинг ойын – «Табиғатпен сырласу».

Отырған сыйқырлы орындығымыз арқылы табиғатқа саяхатқа барамыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер.Сулар мөп-мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан таза мөп – мөлдір  Бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:

1. Алға иілу 2. Аламыз. 3. Ішеміз 4. Рахат-ай

Алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.

1.Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі. 2. Алу 3. Қырт етіп тістеу 4. Тәттісін-ай

Раушан гүліне кездесеміз.

1.Алға иілу. 2. Аламыз 3. Иіскейміз. 4. Қажет емес  ауаны сыртқа шығарасыз.

Балалар:


Бұлақ-денсаулық,

Алма-рухани байлық

Гүл – бақыт құсын сыйлайды. Ғажайып сөздер.

Балалар бүгінгі біздің үйренетін ғажайып сөздеріміз: Күн, су, ауа – табиғаттың бізге берген сыйы.



Ауаны жұтамыз

Күн жылулығын, жарығын береді.

Жер-Ана бізді азықпен қамтамасыз етеді.

Сусыз тіршілік жоқ.

Білгіміз келеді.

 

 



 Ауасыз дем алу қиын.

Жоқ.


Балалар қимылмен көрсетеді.


Рефлексивті -түзету

Балалар біз бүгін табиғаттың не екенін білдік. Оны аялаудың, қадірлеудің қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. «Табиғат - Ана» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол себептітабиғатты, қоршаған ортаны қорғап, қамқорлық көрсетіп, аяласақ, ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

 Нені біледі: Табиғат құндылығының маңыздылығы.

 Қандай түсініктерді игерді: Жер, су, ауа, Табиғат-Ана.

 Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Табиғатты аялау, қадірлеу, табиғатпен адамның үйлесімділігі. 


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы


Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: Өсімдіктердің өсіп өнуі.

Мақсаты: Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуытуралы түсініктерін қалыптастырыу.  Өсімдіктердің  күнделікті ортадағы қажеттіліктегімен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту.  Тәжірбиелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту. Экологиялық тәрбиеберу.

Көрнекілік: Гүлдер, трексхемалары, өсімдіктердің суреттері, дәндер, сұйықмай, бауырсақ.

Әдіс–тәсілдер: сұрақ–жауап, тәжірбиелікжұмыстаржәне ойын.

Қостілдік компонент: Гүлдер- цветы, күнбағыс–подсолнух, растение – өсімдіктер7

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Балалар жиналды бір топқа

Сен менің, мен сенің досыңмын

Кәне қолды бер досым

Бірге ойнайық қуана.

Балалар бір – бірімен дос болады



Ұйымдастыру кезеңі


Балалар бір біріміздің көңілімізді  көтердік , ал енді  айта қойыңдаршы қазір қай жыл мезгілі?

Күз айларын атаңдар.


Күз айларының ерекшеліктері

Күз туралы кім өлең тақпақ біледі?


Есікті  тақылдатып Буратино көңілсіз болып  келеді, қолында жасанды гүл және күнбағыс бар.

 Тәрбиеші: Балалар мынау кім?

 Буратино сен неге көңілсізсін, саған не болды?

Буратино: Мен кішкентай балаларға жақсы бір іс жасайын деп едім , қолымнан келмеді, топтарына әдемі, сәнді, таза ауа болсын деп гүл сыйлаған едім. Ол топтың тәрбиешісі маған: Буратино саған көп рахмет сен бұл жасанды гүлдерді қай дүкенен алдың деді. Мен таңқалып тұрмын, неге жасанды, олардың жапырақтары жасыл, сабағыда жасыл, гүлі қызыл.

Жоқ мен әкелген гүлдер тірі , тәрбиешіні түсінбедім.

Тәрбиеші: Балалар Буратино бір  нәрсені түсінбей тұр екен кәне түсіндірейік.

Гүлдер дегеніміз орысша - цветы

Бұл жасанды гүлдердің тірі гүлдерден қандай айырмашылығыбар?

Жасанды гүлдер не?

Тірі гүлдердегенімізне?

 Тәрбиеші: Кәне балалар Буратиноға тұқым дегеніміз не ол не үшін керек?

 Тәрбиеші: Кәне ненің тұқымдарын білесіңдер?

 Буратино: Жоқ мен сенбеймін мына кішкене жанғақты қорапқ асалып орамалменжауып, тибиду- тибидудух–емен өс десем мынандай ағаш өседі ме? Мен сенбеймін.

Тәрбиеші: Жоқ Буратино саған бұлжерде сыйқырлы сөздер көмектеспейді, бұл жерде біліммен еңбек керек кәне менің балаларым саған мына тірексхема арқылы түіндіріп береді.
Тәрбиеші: Түсіндің бе Буратино?

 Түсіндім, түсіндім ал жарайды мынау менің күбағысым қалай?

 Ия бұл күнбағысыңда жасанды, ал тір ікүнбағыстан не шығатынын меніңбалаларым саған көрсетеді, күнбағыстың балалар орысшасы – подсолнух.

 Буратино: Мен енді түсіндім, тірі өсімдіктерге біз қамқорлық жасауымыз керек екен ғой балалар.

 Тәрбиеші: Иә Буратино егер көп күбағыстың тұқымын сықсақ мынандайсұйық май шығады, одан біз бауырсақ пісіреміз ал сенің күнбағысыңнан не шығады?

Балалар жауабы.

Күз.

 Қыркүйек, қазан, қараша.



Суретпен жұмыс.

Балалар жауабы.


Балалар  таңқалады.

 

 



 Буратино.
Балаларда аяушылық сезім оянады

Балалар жауап береді

 

Жасанды гүлдерді біз ойнағанда , үйімізді сәндеу үшін қолданамыз. Ондай гүлдер біздің топта да бар.



 

 

Тірі гүлдер өседі, олардың тамырлары болады, суғарамыз, өскен сайын өзгереді, тұқымдары шығады, гүлі болады.



Тұқым өсімдіктерді өсіру үшін керек.

 

Балалардың әрекеті .



Мынау асқабақ тұқымы одан асқабақ шығады (Асқабақ суретін көрсету) т.б

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Балалардың іс–әрекеті




Рефлексивті түзету

Балалар мен қазір жерде өсетін жемістерді айтқанда қолдарыңды көтересіңдер, талда өсетін жидектерді айтқанда қолдарыңды төмен түсіресіңдер.

Буратино қоштасып рахметайтып кетеді.



Балалар ойын ойнайды

 

 



 Балалар қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Тірі  өсімдіктер әлемі туралы білу.

Игеру: Тірі өсімдіктердің даму жолдарын игеру.

Меңгеру: Тірі өсімдік пен жасанды өсімдіктерді ажырата білуді меңгеру.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы


Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін
толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.
Көрнекіліктер:  құстар бейнеленген атрибуттар, құстар жайлы
диафильм, үнтаспа, ойындар, үш қорапша, тапсырмалар, қаз бен тауықтың қауырсындары, ақ қағаз, күнбағыс майы, су.

Әдіс–тәсілдер: сұрақ–жауап, тәжірбиелік жұмыстар және ойын.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Келді көктем қоңыр салқын желімен,

 Келд ікөктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.

Балалар тыңдайды.



Ұйымдастыру кезеңі


Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейікші, ол үшін менсендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
      Шарлап келіп даланы,
      Үйіме, үйінсалады.      

      Су бетін сүзіп,


      Ақ құман жүр жүзіп.   

      Түнде жортады,


      Жарықтан қорқады.      

      


Тақылдатып,мазаны ап,
      Ағаштарды тазалап,
      Ормандарды емдейді, зиян кесті тазалар.     
  Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.
-Көктем құстарын кім атайды?
- Осы құстар нені қорғайды?
- Ағаштар неүшін керек? 
Ендеше сол таза ауамен демалып көрейік.(балалар тыныс алу жаттығуын жасайды).
    
Құстар туралы мақал-мәтелдер жаттап алайық.
Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,
Жоғары ұшса күн жылы болады.
Сауысқан шиқылдаса, жақсы хабар естиміз.
-Құстар-достар. Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.

Құстар туралы тыйым сөздер үйренейік.


Құсқа тас лақтырма.
Құстардыңжұмыртқасын жарма.
Аққуды атуға болмайды,
Досыңды сатуға болмайды.
Құстың ұясын бұзба,
Қарғысқа қаларсың.

Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.


Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі.
Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек.

Балалар, мен сендерге осы құстардың қауырсынынан 


тәжірбие жасап көрсетемін. Балалар мынау қаздың және тауықтың қауырсыны, яғни қанаттары, оларды көріп, тексереді, сулайды, неліктен қаздың қауырсынында су тоқтамайды. Ақ қағазға күнбағыс майын жағып, сулайды, не болғанын тексереді.

 (су қағаздан сырғанап, қағаз құрғақ болып қалады)


Ол неліктен деп ойлайсыңдар?   Судажүзетін құстардың арнайы
ішкі майлы бездері болады, олар сол майды тұмсықтарымен жүндеріне майлайды.       

(Қарлығаш)

(Аққу)

(Жарқанат)



(Тоқылдақ)

-Қараторғай, қарлығаш, тырна.

- Ағаштарды.

- таза ауа шығарады.


Балалар қайталап жаттап алады.
Тыйым сөздерді қайталайды.

Рефлексивті түзету

-   Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
-   Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?
 

-    Өтежақсыбалалар



-   Ұнады. Құстартуралыәңгімелестік, мақал-мәтелдер,
құстар туралы тыйым сөздер айттық.    

Күтілетін нәтиже:

Білу: көктемде ұшып келетін құстарды.

Игеру: құстарға қамқор болуды.

Меңгеру: тәжірибе жасауды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы


Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: « Қыстап қалған құстар»

Мақсаты: Қыстағы айналадағы ерекшеліктерді бақылату, қойылған сұраққа жауапты толық беруге дағдыландыру. Қыстап қалған құстарға қамқорлық жасауға, оларды баптап күте білуге тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Әдіс–тәсілдер: сұрақ–жауап, және ойын.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Армысың, Көк аспан!


Армысың, Жер-Ана
Армысың, достарым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос. 

Балалар шеңберге тұрып қайталайды.



Ұйымдастыру кезеңі


Балалар, жылдың қай мезгілі? Кім айтады?
 Қыстың ерекшеліктерін айтып кету. Қане, тыңдйықшы, құстардың дыбысы шығадыма екен? ( үнсіздік)
 Құстардың барлығы қайда кеткен?
 Неге жылы жаққа ұшып кетеді? 
 Қыстап қалған қандай құстарды білеміз?
 Олар неге ұшып кетпеген? Себебі ол құстар қысқа төзімді.Торғай, қарға, сауысқан, кептер балаларға осы құстар туралы тақпақтар айтқызу. Балалар, өткенде біз тіл дамыту сабағынан «қайтпай қалған қарлығаш» деген әңгімені оқыдық. Асан деген ала қарлығашқа қандай амқорлық жасады? ( қанатының сынығын байлап, қыстай үйде жем, суберіп ұстады). Біздерде құстарға тоңып қалмас үшін ұялар жасадық, күнде серуенге шыққанда жем саламыз. Қане бәріміз жем шашайық. 
(жемсауыттарға жем, нан қиқымын салдырту). Ағашқа жем сауытты ілгіздіру.

Торғайларға ұқсап секіріп алайық. Қарғаларға ұқсап адымдап жүрейік.

 

Жылы жаққа ұшпайтын,



 Біздің жаққа қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта


Жем шашуды ұмытпа.
Құстарды біз атпаймыз
Қыста жемдеп баптаймыз.
Қамқор болып бәріне,
Қорғау заңын сақтаймыз.

Қане, балалар енді ағаштардың түбіне қар үйіп, біраз еңбекпен шұғылданайық. Неліктен ағаштардың түбіне қар үйіп қоямыз, себебі ағаштың діңі, тамыры аязға тоңбау үшін. Жарайсыңдар, балалар, енді келіңдер ойын ойнайық.

«Ұядағы қарғалар» ойынын ойнату.Ойынымызды жалғастырамыз.
 ( өзбетінше).

Қимылдар жасайды.



Рефлексивті түзету

Сұрақ – жауап арқылы оқу іс – әрекетін аяқтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: қыстап қалатын құстарды.

Игеру: құстарға қамқор болуды.

Меңгеру: сұрақтарға жауап беруді.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы



Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: «Ормандағы саяхат» 

Мақсаты: Балаларға көктем жайлы түсінік бере отырып, орман көрінісінен мағлұмат беру. Ормандағы аңдарға, олардың ерекшеліктеріне мән бергізе отырып түсіндіру. Баланың ой-өрісін дамыту. Сөздік қорын молайту, өз ойын ашық, еркін айтуға дағдыландыру, табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу. 
Каталог: uploads -> doc -> 1202
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1202 -> Айнур анатолиевна
1202 -> Сабақтың тақырыбы: «Әр қашан күн сөнбесін!»
1202 -> Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл
1202 -> Сабақ жоспары. Тақырып: «Менің елім- Қазақстан». Мұғалім: Шалова Р. К. Павлодар қаласы. Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстан. Сабақтың мақсаты
1202 -> Технологиялық карта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі екінші кіші топқа «Здоровячок»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет