Оқу жылы «Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 «А» сынып оқушыларының жылдық тәрбие жұмысы туралы



Дата18.07.2022
өлшемі53,36 Kb.
#147559
Байланысты:
Тәрбие бағыты жылдық есеп 2022ж
zhay-bөlshekter-men-aralas-sandardy-bөlu

2021-2022 оқу жылы «Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 «А» сынып оқушыларының жылдық тәрбие жұмысы туралы
МӘЛІМЕТ
2021- 2022 оқу жылы 5 «А» сынып оқушылары оқу жылының басында 18 оқушы. 9 қыз, 9 ұл бала бар. Жыл соңында 14 оқушы, 7 қыз, 7 ұл. 3 үздік оқушылар: Маратхан А., Дүйсен С., Рахиман А. 7 оқушы оқу екпінділері: Мұратқызы Б., Әділ І., Қасымханов М., Қадырбек Р., Бейсен А., Мұратұлы Е., Мұратқызы Б. Сыныпта оқушылар ұйымшыл, тәртіптері де өте жаксы, айтқанды уақытында жасайды. Тәртібі қиын оқушылар сыныпта жоқ. Оқушылардың бір – бірімен достық қарым- қатынастары жақсы. Өздерін қоғамдық ортада мәдениетті ұстай біледі. Ойлау қабілеттері, өмірлік көзқарастары қалыптасқан, сондықтан кез келген жағдайда өз пікірлерін айта алады. Сынып ішінде, мектепшілік іс – шараларға белсене қатысады. Оқушылардың ішінде үнемі сыныптағы ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындар: Қадырбек Р., Рахиман А., Дүйсен С., Мурат М., Мұратқызы Б., Маратхан А. Қалған оқушылар да көмектесіп әр – түрлі іс – шараларға қатысады.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие бағыты бойынша мынадай тәрбие сағаттары өткізілді. «Мен-өз елімнің патриотымын», «Құқықтық тәрбие-құқықтық жігер», «Төтенше жағдайлардың алдын алу», «Желтоқсан желі», «Ұлы даланың жеті қыры», Рухани-адамгершілік тәрбие бағытына: «Кішіпейілділік кісінің көркі», «Тілі басқа, тілегі бір», «Адам бойындағы асыл қасиет». Ұлттық тәрбие бағытына: «Тілім менің-тірегім», «Елін сүйген-Елбасы», «Ана-өмірдің гүлі», «Қазақтың ұлттық ойыны көкпар». Отбасы тәрбиесі бағытына: «Отбасым-жан жылуым». Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытына: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат». Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие бағытына: «Интернетсіз бір күн», «12сәуір- Ғарышкерлер күні». Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағытына: «Ұлағатты ұстаздарға ұлылық», «Қарттарым аман-сау жүрші», «Қош келдің-Жаңа 2019 жыл!». Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағытына: «Зиянды әдеттерден аулақ болу», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ». Осы аталған бағыттар бойынша тәрбие сағаттарын әңгіме, сұхбат, жарыс, ойын түрінде өткізілді. Оқу жылы барысында басшылыққа алғынған «Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие» бағыты. Осы бағытты дамыту жолында көбінде ашық тәрбие сағаттарын өткіздім.
«1 қазан - Қарттар күні» мерекесінде оқушыларыммен ауылымыздың қарттарына гүл ұсынып, көмек көрсетіп тұрамыз. Биылғы жылы Абдулданов Ә., Абдулданова А., Бекбаев К.,Бекбаева Г., ата-апаларымыздын үйіне бардық. Қыста «Денсаулық күні» ауылымыздың шетіне сырғанақ тебуге барып, оқушылар жақсы демалып қайттық. Сынып ішінде «Көктем аруы-2019» қыз сыны байқауын ұйымдастырып, өткіздім. Байқауға ұлдар әділ – қазылар болды. Қыздар өте жақсы дайындалып, өз өнерлерін көрсетті. «Көктем аруы-2019» байқауының жеңімпазы Қадырбек Райла атанып, ұлдар қыздарға арнап тосынсый жасады. Қалған қатысушыларға наминациялар берілді.
Қорытындылай келе жыл бойғы жетістіктеріміз: «Күз Ханшайымы - 2018» сайысында 3 орын иеленді. ҚР-ның Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздігім – тұғырым, егемендігім -елдігім» қабырға газет байқауынан жүлделі І орын және 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған қабырға газетінен 2 орын иеленді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сыныптан тыс конкурстарға оқушыларым қатысып жүлделі орындармен марапатталды және сынып жетекшісі ретінде маған алғыс хат берілді. «Qstudy» Халықаралық Ақпарат агенттінінің ұйымдастырылуымен өткен «Әлем балалары бейнелейді» суретшілер байқауына қатысып, сиқырлы сурет өнеріне ерекше ізденімпаздығымен дараланып, жұмыстары үздік деп танылған Дүйсен С. және Тайжахметова А. І дәрежелі диплом. Қыздар «Қара жорға» биімен «Qstudy» Халықаралық Ақпарат агенттінінің ұйымдастырылуымен өткен «Ұлы дала өнері» атты дарындылар байқауына қатыстырып, ерекше жұмыстары үздік деп шығармашылығымен дараланған «Гүлдер» би тобы І дәрежелі диплом. «Qstudy» Халықаралық Ақпарат агенттінінің ұйымдастырылуымен өткен «Ұлы дала өнері» атты дарындылар байқауына қатысып,ерекше жұмыстары үздік деп шығармашылығымен дараланған Рахиман А. Және Қадырбек Р. І дәрежелі диплом. «Qstudy» Халықаралық Ақпарат агенттінінің ұйымдастырылуымен өткен «Ұлы дала өнері» атты дарындылар байқауына қатысып,ерекше ізденімпаздығымен көзге түскені үшін жұмыстары үздік деп «Ұлы дала сазы» наминациясымен Қадырбек Райла І дәрежелі дипломмен марапатталды. Алдағы жылы бұданда жоғары жетістіктерге жетеміз деген ойдамын.

Сынып жетекшісі: Ардабай А.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет