Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет14/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Клиникасы. ЭС көбіне белгісіз дамиды. Көбіне науқас адам кеуде ішінде қатты соққыны сезеді, шалыс соғу, жүрек тұрып қалған сияқты сезімдер болады, бас айналуы, кеуденің ауыруы,ентігу байқалады.Пульсті тексергенде мезгілінен бұрын пайда болатын солқылдар немесе кезекті пульстің түсіп қалуы, сирегірек – пульс тапшылығы (дефицит) анықталады. Аускультацияда кезектен тыс əлсізтондар естіледі, одан белгілі бір үзілістен кейін, экстрасистоладан кейінгі бірінші қарыншалықкомплекске сəйкес келетін, жүректің күшейген тондары естіледі.Науқас адамды тексеріп қараған кезде экстрасистоланың себебі туралы мəлімет алуға болады.Функциональдық экстрасистолаларға тəн белгілер: көрініп тұрған органикалық патологияныңболмауы, невроздық симптоматика белгілерінің (психоэмоциональдық тұрақсыз-дық, тезренжігіштік т.б.) болуы, ЭС-ның жүйке тозуымен байланысының болуы, вегетативтік нерв жүйесі дисфункциясы белгілерінің болуы, функциональдық экстрасистолалардың күш түскен кезде
жойылып кетуі. Органикалық экстрасистолияларда органикалық аурулардың (ЖИА, ГА, жүрекақаулары т.б.) белгілері болады.
Жиі политопты жəне топтасқан қарыншаүстілік ЭС жыбыр аритмиясын немесежүрекшеліктахикардияларды тудырады. Ерте топтасқан қарыншалық ЭС қарыншалық тахикардияның жəнеқарыншалар фибрилляциясының дамуына түрткі болады.
Емі. Емді экстрасистоланың пайда болу тегіне, түріне жəне болжамына қарап іске асырады.ЭС-ң кез келген түрін емдеуде түрткі факторларды жою мен негізгі себеп ауруларды емдеудіңмаңызы зор.
Миокардтың органикалық аурулары жоқ жағдайда кездескен клиникалық белгілері жоқ ЭСемді қажет етпейді.Функциональдық (нейрогендік) ЭС емдеу шараларына еңбек жəне демалыс тəртібін сақтау,диетаны сақтау, жүйелі түрде спортпен шұғылдану, психотерапия, транквилизаторларды қолданужатады.
Антиаритмиялық препараттарды тағайындау көрсетпелері:
1) ауыр субъективтік сезімдер
(жүректің шалыс соғуы, жүректің тұрып қалуы, үрейлену сезімдері);
2) миокардтың органикалық
ауруларының жəне миокардтың жиырылу функциясының əлсіреуінің фонында кездесетін жиі
қарыншалық экстрасистолалар;
3) гемодинамикалық бұзылыстар тудыратын экстрасистолалар.
ЭС-ң əр түрін емдеу сəйкес бөлімдерде келтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет