Түсінік хат 2023-2024 оқу жылындағы 10-11 сыныпқа арналған география пәні бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспарды құруға негіз болған құжаттар; 2023-2024оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «ҚазақстанРеспубликасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
–«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта жәнежалпыорта,техникалықжәнекәсіптік,ортабілімненкейінгібілімберудің мемлекеттікжалпығаміндеттістандарттарынбекітутуралы»(бұданәрі–МЖМБС) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы№ 348бұйрығы;
Жалпығаміндеттібілімберустандартындағыоқупәнінебайланыстыенгізілгенөзгерістерментолықтырулар
Жалпыортабілімберудіңмемлекеттікжалпығаміндеттістандартының71және72-тармақтарынасәйкес«География»жаратылыстану-математикалықжәне қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегіоқу пәндеріне жатады.
ҚазақстанРеспубликасыОқу-ағартуминистрінің2022жылғы3тамыздағы№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпығаміндеттістандартының34-тармағынасәйкес10-11сыныптарда«География»оқупәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санынақарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталғанмектептердесабақөткізукезіндесыныптытоптарғабөлугежолберіледі.
2.Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш,негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларының 24-тармағынасәйкесбілім беруұйымдарыменшік түрінежәненысанына қарамастаноқупроцесіжүзегеасырылатынүлгілікоқужоспарларын,оныңішіндеқысқартылғаноқужүктемесібаржоспарларындербестаңдайды.(өзгерістерментолықтырулар2021жылғы29желтоқсандағы№614бұйрығымененгізілді). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы ортабілім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «География» міндетті пән болыптабылады.(өзгерістеріменжәнетолықтыруларҚРБілімжәнеғылымминистрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілді, 6, 87, 88-қосымшалар).
География интеграциялық ғылым ретінде жаңа салаларды қамтиды. География пәнінің мұғалімі жұмысы енді ақпараттық технологиялар мен геоақпараттық жүйелермен тығыз байланысты.
«География» пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:
оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;
геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;
оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;
оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.
«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, жалпы оқу жылында 72 сағатты;
2) Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты,
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
1) географиялық зерттеу әдістері;
2) картография және геоинформатика;
3) табиғатты пайдалану және геоэкология;
4) геоэкономика;
5) геосаясат;
6) елтану;
7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Оқу пәнінің 10-11-сыныптарға арналған базалық білім мазмұны: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптарын қамтиды. Оқыту «шиыршықты» принциптің негізінде оқыту мақсаттарын кеңейту, күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.