Оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі Мектеп мамандарыныа сараптама


Азаматтық – патриоттық тәрбие және құқықтық тәрбие



бет5/13
Дата20.07.2020
өлшемі3,85 Mb.
#63393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1.Азаматтық – патриоттық тәрбие және құқықтық тәрбие:

1.09.Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.Жиынға ата-аналар,ауылдың үлкен қарттары және Қызылегіс селолық округінен келген қонақ қатысты.Оқушыларға, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жақсы тілектер тіледі,баталарын берді, шашуларын шашты. Жиыннан соң, әр сынып өз сыныптарына кіргізіліп, «Мен,өз елімнің патриотымын» атты алғашқы оқу жылының сынып сағаты өткізілді.

Алғашқы қоңырау рәсімін 1-сынып оқушысы Думан Аян мен 11-сынып оқушысы Өтежан Санжар соқты.

Алғашқы қоңырау рәсімі аяқталған соң, 1-11 сынып аралықтарында барлық сыныптар ашық сабаққа келіп отырды. Әр сынып жетекші сабақтарына мұқият дайындалып келген. Ашық сабақтарға ата-аналар қатысты. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер туралы толық мәліметтер берілді.



16. 09-22.09 аралығында тілдер апталығы болып өтті. «Тіл – әр халықтың байлығы» тақырыбында кітапханашы Ш.Балташқызының ұйымдастырған көрмесімен ашылды, мемлекеттік тіл мәселесі ең маңызды рөл атқарып тұрған кезеңде тіл тұнығы кітапта екенін шәкірттер санасына ұялату, зердесіне құю мақсаты көзделді. Көрме кітапханаға саяхат жасаумен ұласты.

«Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» байқауын орыс тілі пәнінің мұғалімі Қ. Оспанова мен ағылшын пәнінің мұғалімі Г.Шекенованың басшылығымен байқау өтілді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар «Бүркіт», «Қырандар» деген топтарға бөлінді. Оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын пәндерінен сұрақтар берілді. Оқушыларға тілдердің қадір-қасиетін ұғындыру, тілдік құндылықтарды дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсаты көзделді.

«Қазақстан көп ұлтты мемлекет» тақырыбында Н.Қабаева 8-сынып оқушы-ларымен ашық сабақ өткізді. Әр елдің өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, тілі болатыны жайлы айтылды. Атаның қасиетті сөзінен, ананың ақ сүтінен бастау алатын тәрбиеміз адамдыққа, достыққа үндеуді ұғындыру мақсатын-да сабақ жақсы өткізілді.

«Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында шығармалар жарысын тіл мамандары ұйымдастырды. Туған тілдің қазіргі мән – жайы қай қазақты болса да бей – жай қалдырып отырмағаны, Тәуелсіздік алып, аңсаған бостандыққа қол жеткізгеніміз, қазіргі қоғамның тіл жайындағы ой-пікірлерін ашық жазып бере алды.

«Тіл – халықтар достығының кепілі» тақырыбында әр сыныпта ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы түсініктерін, оның қоғамдық өмірдегі алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету болды.

«Тіл – халық мұрасы» тақырыбында мектебіміздің психологы Ф.Қайырбай танымдық ойын ұйымдастырды. Ойын барысында оқушылармен бірге тақырып төңірегінде ой – өрістерін қалыптастырып, ойын ашық айтуға баулуды және ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту мақсаты көзделді.

«Сен де бір кірпіш дүниеге ...» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында Р.Койкенқызы мен Г.Қалымтайқызы мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейту, сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту мақсаты көзделді. Оқушылар сайыста өздерінің білетін өлең жолдарын оқи отырып, 3 топқа бөлінді. Ерекше атап өтетін оқушымыз 6-сыныптан Жанбек Ұлболсын, Қойкен Дильназ, Жеңіс Мұратхан. 5-сыныптан Теміртас Айдын, Серік Ерхан болды.

«Тілден артық қазына жоқ» тақырыбында 7-8-9 сынып оқушылары арасында Ш.Рымбекқызы әдеби кеш өткізді. Кеште бабалардан қалған ұлағатты ғиб-рат аларлық сөздерді (бата, тыйым сөздерді) балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, ырым – тыйым сөздерді дұрыс түсінуге үйрету мақсаты көзделді. Оқушылар сынып бойынша жарысқа түсті. Кеште басымдылық көрсетіп жеңіске жеткен 1 орында 9-сынып оқушылары болды.

2 орында 7-сынып оқушылары, 3 орында 8-сынып оқушылары болды.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында Ш.Балташқызы байқау өткізді. Жерін сүйіп, елін қорғай білуге, батыл, ержүрек болуға тәрбиелей отырып оқушының үлкенге деген, ата – анаға деген құрмет –сыйын арттыру, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсаты көзделді. Жалпы айтқанда, өткізілген онкүндіктен оқушылар мен ұстаздар қауымы да зор әсер алды. Олай болса құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие алу біздің еншімізде екенін ұмытпауға тиіспіз.



11.10. 8-9сынып оқушыларының арасында « Мәңгілік ел- күш қуатымыз» атты әдеби – монтажды сайыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар өз ілімзі айлы. Өз отанымыз және мәңгілік ел туралы тақтақтар айтып сайысқа түсті.

19.10 «ҚР негізгі діндері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, оқушылар арасындағы діндер туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар қазіргі замандағы діни экстремизм туралы, теріс ағымдағы діндер туралы біршама мәліметтер берілді. Оқушы балаларға қазақ халқының мұсылман діндері туралы айтып, толық айтып шықты.

17. 11. Қазақстан балалар конвенциясымен таныстыру жұмысы болды. Мектеп психологі оқушыларға жалпы балалар конфенциясы туралы мәліметтер бере отырып, оқушылардың өз құқықтары туралы ақпараттар берді. Оқушылар отбасындағы құқықтар, мектеп пен қоршаған орта әсерлері туралы ақпараттар алды.

«Мемлекеттік рәміздер –дербестік нышаны» 8-11-сынып оқушылар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау барысында дебат, сөз сайысы болып өтті. Дебаттың мазмұны рәміздердің шығу тарихы мен оның статусы, рәміздердің қандай нышандарда және қайдай мемлекеттік маңызы бар жиындарда қолданылатыны туралы толық мәліметтер берілді. Тәрбие сағатын ұйымдастырушы АӘД мұғалімі Қ.Ахметов.

29.11. «Қазақстандағы ең алғашқы Президент күні» тақырыбында онкүндік өтті. Жоспар бойынша «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке өмір дерегі» атты стенд жасалып, 8-11сыныптар аралығында «Дүние жүзі саясатындағы алғашқы Президенттің аты» кітапхана сағатын жас маман қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Құсайынова Шынар Балташқызы оқушыларға ел жетістіктері, Президенттің қажырлы еңбектеріне, халқымыздың тұрмыс- тіршіліктерінің даму жағдайларына оқушыларға тапсырмалар бере отырып сөйлетті. Кітапхана сағатында туындаған сұрақтарға кітапханашы жауап берді. 7- сынып жетекшісі ҚайырбайФ.Ж. «Ең алғашқы көшбасшы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Ашық тәрбие сағаттары көрнекілікке толы болды. Кітапханада Елбасына арнап бұрыш ұйымдастырылып, еңбектері жайлы кітап көрмесімен оқушылар танысты. Онкүндік ішінде көптеген спорттық іс-шараларды 1-11сыныптар аралығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмағұлов Е.С. ұйымдастырды.

Онкүндікке байланысты өтетін іс-шараларға жауапты әр ұстаз өз шеберліктерін танытып, әр оқушыға Елбасына қошемет танытып құрмет етуін талап етті.



15.12.Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойына байланысты үлкен іс –шара ұйымдастырылды. «Елімнің еркіндігі» тақырыбында жалпы мектептік іс –шараның І бөлімінде еліміздің тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында, Жас ұландарды қабылдау рәсімі болып, мектептің 2-сынып оқушылары салтанатты түрде «Жас ұландар» қатарына қабылданды. Іс-шараның екінші бөлімінде оқушылардың күшімен дайындалған тарихы маңызы бар сахналық көріністер, концерттік нөмірлерді ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің көңілінен шыға білді.Тәрбие сағаттарының негізгі мазмұны тәуелсіздік күні туралы тарихи деректер мен оқушы балаларға еліміздегі қазіргі бейбітшілік жағдайдың маңызы туралы мәліметтер берілді. Елімізде тұратын әртүрлі халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы туралы маңызы бар мәліметтер беріліп, оқушылардың пікірлері тыңдалды.



Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын байланысты жоспар бойынша жұмыстар атқарылды атап айтқанда:

Бастауыш сыныптар арасында «Бір шаңырақтың астында» атты тақырыппен суреттер көрмесі болып өтті. Суреттерде балалар елімізде тұратын әртүрлі халықтар өкілдерінің тату- тәтті өмір сүріп жатқаны жайлы өз ойларын сурет бойынша бейнеледі.

Оқушылардың жұмыстары соңынан ескеріліп, марапатталды.



4-6 сынып оқушыларының арасында «Халық даналығы» атты тақырыппен рефераттар сайысы болып өтті. Бұл сайыс үй жұмысы ретінде беріліп, оқушылар өздерінің дайындап әкелген жұмыстарын қорғады. Әр оқушы өздері білетін, ата-әжелерінен сұрап алған және интернеттен алған жұмыстарының ішіндегі ең негізгі мағынасы зор деген даналы сөздерге тоқтап, өз ойларымен толық тарқатып берді.



«Менің құқықтарым мен міндеттерім» атты ойын 8 - 9 сынып оқушыларының арасында болып өтті. «Озат құқық танушы» атты тақырыппен өтіп, оқушы балаларға әртүрлі сұрақтар қойыла отырып, өз жауаптарын ұсынып отырды. Бұл ойын оқушы балалардың қазіргі замандағы қоғам алдындағы өз міндеттері мен құқықтары туралы ой қозғап пікірлерін ортаға салып отырды. Соңында «Ең үздік құқық танушы» номинациясы беріліп, оқушылар марапатталды.


5-7 сынып оқушыларының арасында «Бүкіл әлем мен үшін» атты презентация жоспарланып өтілді. Бұл іс-шарада оқушы балар өз әлемін өз көзімен қалай көореді . Олар үшін өз әлемі қандай түсінік, олар нені өз әлемім деп атар еді деген тапсырма бойынша жұмыстар жасалып қорғалды. Бұл жұмыста әр сыныптың балалары өз отбасы, туған елдің табиғаты, өз отаны жайлы презентациялар жасап жұмыс атқарды.



8-11 сынып оқушыларының арасында «Адамның жан сұлулығы» атты тақырыппен өзін –өзі тану мұғалімі пікірталас ұйымдастырды. Бұл пікірталаста оқушылар өздерінің адами қасиеттері мен адамгаршілік қағидалары туралы түсінік алды. Топтарға бөліну арқылы оқушы балалар өз пікірлерін қазіргі өмір ағымымен салыстыра отырып, жақсы жақтармен келеңсіз жақтарын ортаға салып, салыстырды.

Елбасының халықаралық құқықтық процессіндегі мемлекеттік шекараның құндылығы жайындағы баяндама 9-сынып оқушыларының арасында баяндама оқылды. Бұл баяндамада оқушы балаларға өз мемлекетіміздің шекарасы мен оның маңыздылығы жайлы айтылды. Сонымен қатар ел басының нақты саясаты арқылы қазіргі кезеңдегі мемелекеттік шекараны қорғау қаншалықты маңызыдлығы сөз етілді. Сондай-ақ елбасы ұстанған саясаттың маңыздылығымен алыс жақын ТМД елдерімен байланыс жасау түрлеріні туралы айтылып өтілді.



2 - желтоқсан жоғары сынып оқушыларының арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыппен плакаттар сайысы болып өтті. Плакаттар сайысына аталған сыныптар толық белсенді қатысып, өздері жасаған жұмыстарды қорғап не себептен жемқорлыққа қарсы екеніне өз ойларын айтып шықты. Плакаттарды қорғау барысында сынып 1 орын, сынып 2 орын, сынып 3 орындар алды. Бұл жұмыстарды жасай отырып, оқушылар қазіргі заманда өте күрделі мәселе болып тұрған жемқорлық туралы және оның алдын алу туралы ой пікірлерімен бөлісті.

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты сынып сағаты бастауыш сынып оқушыларының арасында болып өтті. Бұл сынып сағатында оқушылар туған еліміз Қазақстан туралы болды. Оның 25 жыл ішінде алған жетістіктері туралы сөз қозғалды. Оқушылар жалпы елімізде неше облыс, неше қала бар екенін атап, әр қаланың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Жалпы сынып сағаты өте қызықты өтті.



Мектебімізде «Жемқорлыққа барлық қоғам болып қарсымыз» атты тақырып бойынша флеш – моб ұйымдастырылды. Флеш мобтың мақсаты оқушы балаларға қазіргі қоғамда дерт алып тұрған сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ат салысу. Оқушы балаларды бала жастан жемқорлыққа қарсы тұру әрекеттерін бойларына сіңдіре отырып, отанына адал, нағыз жан ашыр азамматар болып өсуіне үлес қосу болды. Флеш- мобқа 5-9 сынып оқушылары қатысты.






Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет