Оқу жылының облыстық олимпиадасы географиядан практикалық тур тапсырмалары



бет2/12
Дата10.03.2022
өлшемі2,46 Mb.
#134960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1536919532276 2
000060ac-8f9c3da8 (1)
Бағалау өлшемдері:
Әрбір дұрыс шешілген есеп үшін– 1 ұпайдан. Барлығы – 8 ұпай.


ТАПСЫРМА 2
Желдің таралуы жергілікті жердегі атмосфералық қысым мен жер бедеріне байланысты. Қазақстан орналасқан ендіктерде тұрақты батыс желдері басым екені белгілі. Алайда, біздің республикамыздың аумағында «жергілікті» желдер де соғады. 1-кестедегі сипаттамалар бойынша осы жел түрлерін анықтаңыз.

Кесте 1





Атауы

Сипаты

Жылдамдығы

Басымдыққа ие аумағы

1




Алғаш рет бұл желді Ш.Уәлиханов сипаттаған. Жылы жел жылына орта есеппен 70-100 күн соғады.



60-80 м/с

Жетісу Алатауының оңтүстік-шығысында Қытай аумағында орналасқан көл шұңқырының үстінен соғады

2




Бұл желдің ұзақтығы 2-3 күн, ол қатты қарлы боранмен және бұрқасынмен қатар жүріп, мал шаруашылығы мен балық аулауға зиянын келтiріп, көлік жұмысын қиындатады.



50-60 м/с

Жетісу қақпасы арқылы атауы бір жотадан Орталық Азияға қарай және керісінше соғатын жел



3




Іле аңғарында Шелек өзенінің бастауындағы мұздықтар аймағынан суық ауаның қозғалысы нәтижесінде пайда болған таулы-аңғарлы жел. Бұл жел күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай өзені аңғарын бойлай, ал түнде - қарама-қарсы бағытта соғады. Қыста бұл жел күшейе отырып, күртік қар қалыптастырады және көлік қозғалысын қиындатады.



8-10 м/с

Іле аңғары



4




Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан Арыстанды өзенінің бойымен үздіксіз соғатын таулы-аңғарлы жел. Мойынкұм шөлі арқылы өткенде құмды дауылға айналады.



35 м/с дейін

Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан өзен бойымен үздіксіз соғады

5




Атауы бір асу үстінен соғады. Жазда ең жоғарғы жылдамдығы 28 м/с, көктемде және күзде 34 м / с. Кейде желдің жылдамдығы 40 м/с (144 км/сағ) дейін жетеді. Осы жел күшін пайдаланатын жел электрлік құрылғылар жақын жатқан Мұзбелді елді мекенін электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

40 м/с дейін
Жазда ең жоғарғы жылдамдығы 28м/с, көктемде және күзде 34 м/с.


Кіндіктас тауы мен Жетіжол жотасы арасында соғады



6




Бұл желдің пайда болуы жер бедері және атмосфералық циркуляциямен байланысты. Бұл желдің жылдамдығы 50 м/секундке жеткенде, ол күшті дауылға айналады.

20-30 м/с

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының аумағында байқалады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет