Оқу құралы Қарағанды 2010 Әож 615. 03 Ббк 52. 81 я 7 К17 Рецензенттер



бет2/6
Дата13.11.2019
өлшемі1,02 Mb.
#51683
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Калиева Ш.Балалар тәжірибесіндегі
tus-Joru , Достык туралы накыл создер, Jarnama psihologiasy , 10 esep-bilet , konspekt Delphi

Когортты зерттеулер дәрілерді тестілеуде қолданылмайды, тек қауіп-қатер себептерін айқындуға қолданылады.

  • “Жағдай-бақылау” түріндегі зерттеулер – бұл ретроспективті зерттеулер, онда топтар зерттелетін клиникалық ақыр соңының анықталуына сай құрастырылады. Бір топта мысалы, зерттеу басталғаннан бері лейкоз немесе склеродермия дамыған сыналушылар ал, екінші топта ақыр соңында мұндай жағдай тіркелмеген сыналушылар жинақталады. Бұл жағдайда зерттеушінің міндеті осы топтардың бірінде жиі кездесетін себепті анықтау және сол шешуші себептің патология дамуына әсер ету мүмкіндігін айқындау болады. Мысалы, алкоголизм дамуына генетикалық жақын болуды сау және алкоголизммен ауыратын науқастар популяциясында белгілі-бір гендер аллелінің таралу жиілігін салыстыра отырып анықтайды.



3 сурет. «Жағдай-бақылау» зерттеуінің схемасы

• Жағдайлар сериясын зерттеу – бірдей ем қабылдайтын бірнеше жекеленген адамдарды бақылау, бұл салыстыруда бақылау тобы болмайды.
   • Жеке жағдайларды суреттеу – бір адамдағы емдеу мен оның ақыр соңы зерттеледі, синонимдары: тәжірибедегі жағдай, ауру тарихы, бір реттік жағдайды суреттеу.

Жоғарыда көрсетілген тізімде зерттеу қорытындыларының дәлелділігі төмендеуіне сай берілуі зерттеу қорытындыларында жүйелік қателердің пайда болуымен байланысты. Қателер көбейген сайын зерттеу негізінде жасалған қорытындылар күмән туғызады. Осы қағидаға сәйкес дәлелділік дәрежесі жоғары рандомизирленген клиникалық зерттеулер болады. Ол әдістемесі жағынан классикалық ғылыми сынаққа неғұрлым жақын клиникалық зерттеу түрі егер, зерттеуді дұрыс жоспарласа, жүйелік қателерді ең төменгі деңгейлерге түсіруге болады.

Педиатрияда дәрілік заттарды клиникалық зерттеуге болатын түрлері – ашық және жай «соқыр» зерттеулер. Екі жақты және үш жақты соқыр плацебо бақыланатын фармакологиялық зерттеу түрлері тек ерекше жағдайларда әсері ұқсас препараттарды салыстырмалы зерттеуде ғана қолдануға болады. Өйткені, емдеуші дәрігер препарат жөнінде ақпараты жоқ болса, жас емделушіге төнген қауіп дәрежесін анықтай алмайды. Жаңа және көшірме (генерикалық) дәрілік заттардың фармакокинетикалық зерттеулерін сау балаларға жүргізуге рұқсат берілмеген, мұндай зерттеулердің тек зерттелуші дәрілік затты қажет ететін патологиясы бар балаларды емдеуде жүргізілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет