Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мəселесі



Дата08.11.2023
өлшемі17,24 Kb.
#190151
түріОқулық
Байланысты:
Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау
Инновацияның негізгі қағидалары, Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері, Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Білім берудің инновациялық əдістері

Оқу-тəрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің
өзекті мəселесі
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты
мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін
халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына
сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби
шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-
əдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары
мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру,
тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару –
еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз
демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан
қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал
қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп,
ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын
мектеп шаңырағы қажет.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие
үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі.
Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тəрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру – оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар:
білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік
желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай
білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа
электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім
мазмұны да өзгерері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет