Кататониялық ступор Кататониялық ступор – кататониялық қозудан соң іле-шала немесе аурудың ең басында, кейде күтпеген жерде пайда болады. Ол үнсіздікпен, қимылсыздықпен, кейде бұлшық ет тонусының жоғарылауымен болады. Кататониялық ступор қатты қозудан ерекшеленеді. Кататониялық ступорда бірінші шайнау бұлшық етінде, одан мойын және желке, одан иық бұлшық еттерінде, білезік, соңында аяқ бұлшық етінде жоғарғы тонус байқалады (кататония). Кататониялық ступордың жиі симптомына пассивтік бағыну жатады. Науқастың аяқ қолдарын, позасын және басқа іс әрекеттің өзгерісіне қарсылық болмайды. Каталепсия бұлшық еттің тонусының жағдайын ғана
сипаттамай, пассивтік бағынуының бірі болып табылады.Жоғарғы бұлшық еттің тонусында науқас алдыңғы тұрған қалпын сақтайтын күйде болады (балауыздық икемділік) мойын бұлшық етінде, одан кейін аяқ бұлшық еттерінде, көпке мәншіл болып келеді. Сондай – ақ көз қарашығының ұлғаюы, ауырсынуға жауап болмайды. (Бумке симптомы). Ступор жағдайда ауру сұраққа жауап бермейді, бірде дыбыс шығармайды. Маңайындағыларға да, өз жағдайына да көңіл бөлмейді. Кататониялық ступордың негізгі симптомы - науқасты төсекке жатқызып басынан жастықты алып тастаса, ол ұзақ уақыт басын көтеріп жата береді, егер шалқасынан жатқан науқастың басын көтерсе, оның басы, кейде иығы да біраз көтеріліп тұрады – бұл
ауалы жастық симптомы (психикалық жастық симптомы , E Dupre). Ақырғысымен, ступор кезінде қарама қарсы бұзылыстар байқалады - науқстың сөзге және әсіресе сөйлесетін адамдар әрекетіне себепсіз қарсы әрекетпен көрсетеді. Негативизмнің бірнеше түрі бар. Пассивтік негативизм кезінде науқас айтылған бұйрықтар мен ұсыныстарды елемей, орындамайды, ал егер біреу істесе (тамақ ішкізгісі, киіндірмекші, тексермекші болса және т.б.) бұлшық ет тонусы күрт жоғарылауымен жүретін қарсылық көрсетеді.
Активтік негативизм айтқан істердің орнына басқа әрекеттерді немесе тура қарама қарсы әрекеттер жасайды. Мысалы: науқасқа ас бергенде ішпейді, егер ыдысты әкетпекке іс қылса науқас қайтадан жармасып, тамақты жейді.
Кататониялық ступорда сөз бұзылыстары мутизммен көрінуі мүмкін, сөз сөйлеу мүмкіндігі сақталады, бірақ науқас айналасындағы адамдармен сөз қатынасы жоқ. Кататониялық ступоры бар науқастар жиі ауруға тән позаларда болады. Жатқанда бүйірінде, эмбрионалды (жатыр) кейіпте жатады, отырғанда басын түсіреді және қолын дене бойымен созады, отырғанда тізесін бүгіп отырады. Кейбір науқастар бетін ашық қалтырып, басын халатпен немесе көрпемен жауып алады «капюшон симптомы»
( П. А. Останков, 1936). Кататониялық ступор соматикалық бұзылыстармен жүреді. Науқастар ариды, авитаминоз симптомы болуы мүмкін. Аяқ қолдары
цианозды, табандары мен алақандарында ісіну бар. Теріде эритематоздық дақтар пайда болады. Секреторлық функциялар бұзылысы - сілекей ағу, тершеңдік, себорея әрқашан болып тұрады. Қарашықтары кішірейген, көп жағдайларда қарашық реакциясы ауырсыну тітіркендіргішіне болмайды, артериялық қысымы төмен.
Кататониялық ступордың түрлері:
1. Балауыздық икемділік пен
2. Негативизммен
3. Бұлшық еттерінің мелшиіп қатып қалуымен
Кататониялық синдром арнайы емес және түрлі психикалық бұзылыстар \шизофрения, аффективті психоз, олигофрения және т.б.\ құрылымында байқалуы мүмкін.