Оқулық а лматы, 2012 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата19.10.2019
өлшемі2,78 Mb.
#50297
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Mektepte deyingi pedagogika Aralbaeva

118

Ойында  балалардың  арасындағы  екі  түрлі  қарым-қатынас 
байқалады:
-  ойын  мазмұнымен,  ережесімен  анықталатын  ойын  қарым- 
қатынасы;
-  ойын  үстінде  көрінетін  нақты  қарым-қатынас  (ойынға  келісім 
жасау,  рөлдерді  бөліп  беру,  келіспеушіліктен  шығу,  ұстанатын ережені 
қою).
Олар  балалар  қоғамын  ұйымдастырудың  негізі  болады,  ол  өз 
кезегінде  ойынды  олардың  өмірін  ұйымдастыру  түрі  етеді.  Ойынның 
мазмұнын  көрсететін  тура  немесе  қосымша  ережелердің  болуы  оны 
дамытудың логикалық және уақытша реттілігін қамтамасыз етеді.
Ойында  өзінің  ішкі  мазмұнына  қарай  жеке  адам  үшін  маңызды 
мақсаты бар амалдар жасалады.
Сонымен,  біз  мектеп  жасына  дейінгі  бала  ойынының  әрекет 
ретіндегі  жалпы  ерекшеліктерін  бөліп  көрсеттік.  Ойынның  әрбір 
түрінде  өзінің  әлеуеті  мен  ерекше  белгілері  бар,  олар  оларды  бірінен 
бірін  айырып тұрады.  Сонымен  бірге  жалпы  белгілер  педагогтар  мен 
ата-аналарға  балалармен  ойын  әрекетін  ұйымдастыру  және  дамыту 
тәсілдерінде бағдар береді.
Педагогикалық  ғылымда  ойын  мектеп  жасына  дейінгі  баланың 
жетекші  іс-әрекеті  ретінде  қарастырылады  (Н.  П.  Аникеева,  В.  С. 
Выготский, Я.  Л.  Коломинский, А.  П.  Усова, Д.  Б.  Эльконин).  Жетекші 
іс-әрекет  бала  психикасындағы  басты  өзгерістерді  анықтайды  және 
дамудың жаңа сатысына көшуге дайындайды.
Іс-әрекеттің  жетекші  түрі  туралы  айта  келіп,  А.  Н.  Леонтьев: 
«Жетекші  іс-әрекет  -   дамуы  дамудың  осы  кезеңінде  тұлғаның 
психикалық  процестерде  және  психологиялық  ерекшеліктерінде 
дамудың басты өзгерістеріне себепші болатын іс-әрекет» деп көрсетеді.
Жетекші  іс-әрекет  бірден  дамыған  түрде  болмайды,  өзінің 
қалыптасуында белгілі бір жолдан өтеді, оның қалыптасуы оқыту және 
тәрбиелеу процесінде үлкендердің жетекшілігімен жүреді.
Мектепкедейінгіжастаойынныңжетекшірөлібаланыңоғанжіберген 
уақытымен  емес,  негізгі  сұраныстарын  қанағаттандырғандығымен 
анықталады,  ойынның  негізінде  іс-әрекеттің  басқа түрлері  туындайды 
және дамиды; ол психикалық дамуға үлкен ықпал етеді.
Л.  С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д.  Б.  Эльконин және т.б. ғалымдар 
ойында балалардың негізгі сұраныстары көрініс табады: өзіндік әрекетке 
ұмтылу,  үлкендердің  өміріне  белсенді  араласу,  қоршаған  дүниені  тану 
ниеті, белсенді қозғалыста, қарым-қатынас жасауда деп көрсетеді.
119

Ойынның негізінде еңбек, үйрену сияқты іс-әрекеттің басқа түрлері 
туындап дамиды. А.  С. Макаренко  ойында тұлғаның сапасы мен еңбек 
әрекетіне қажетті дағдылар қалыптасады деген.
Л.  С.  Выготский,  В.  В.  Давыдов,  А.  В.  Запорожец,  Д.Б.  Эльконин 
және  т.б.  ойын  көбінесе  бала  психикасында,  оның  процестерінде  (ой- 
лау,  елестету,  зейін  және  т.с.с.)  жаңа  өзгерістер  қалыптасуына  ықпал 
етеді деп атап көрсеткен.
Педагогикалық теорияда ойынды  үйретуге  мектеп  жасына дейінгі 
балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ерекше назар аударылады. Мектеп 
жасына  дейінгі  баланың  іс-әрекетінің  негізгі  түрі  бола  тұрып,  ойын 
тәрбиелеу  мен  дамытудың  басты  құралы  болып  табылады.  Бірақ  бұл 
ойынды  ұйымдастыруға  және  басқаруға  болатын  педагогикалық  про- 
цеске енгізген жағдайда ғана болады.
Білім беру бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, пе­
дагог бағдарламалық мазмұнды жоспарлайды,  міндеттерін,  амалдарын 
анықтайды,  яғни  ойынның  өзіндік  ерекшелігін  және  өзіндік  сипатын 
бұзбай, оның барысын жобалайды.
С.  А.  Козлова  мен  Г.  А.  Куликованың  пікірінше  ойынға  мынадай 
сипаттар тән болуы тиіс:
•  мазмұнның 
тәрбиелік-танымдық 
құндылығы, 
бейнелетін 
көрсетілімдердің толыққандылығы мен дұрыстығы;
•  қажеттілігі, 
белсенділігі, 
ұйымдастырылғандығы, 
ойын 
амалдарының шығармашылық сипаты;
•  жекелеген балалардың және барлық ойыншылардың мүдделерін 
ескере  отырып  ережелерге  бағыну  және  ойында  оларды  басшылыққа 
алу қабілеті;
•  ойыншықтарды, 
ойын 
амалдарын 
және 
материалдарды 
мақсатты пайдалану;
•  жылы қарым-қатынас және балалардың жағымды көңіл-күйі.
Ойында педагог бала тұлғасының барлық жағына әсер етеді:  оның
санасына,  сезіміне,  еркіне,  тәртібіне;  ойынды  ақыл-ой,  адамгершілік, 
эстетикалық, дене тәрбиесі мақсатында пайдаланады.
Ойын  барысында  баланың  өзін  қоршаған  айналасы  жөніндегі 
білімі,  түсінігі  нақтыланады  және  тереңдейді.  Ойында  қандай  да  бір 
рөлді  орындау  үшін  бала  өз  түсінігін  ойын  амалына  көшіруі  керек. 
Бірақ ойын балалардың бар білімі мен түсінігін бекітіп қана қоймайды, 
үлкендердің  жетекшілігімен  жаңа  білім  алу  процесіндегі  белсенді  та- 
ным іс-әрекетінің өзіндік бір түрі болып табыдады.
Ойында  баланың  айналасындағы  шындықты  өзгерту  талабы,
120

жаңаны жасау қабілеті  дамиды.  Бала ойын сюжетіндегі нақтылы және 
ойдан  құрылған  құбылыстарды,  таныс  заттарды  жаңа  қасиеттермен 
және  функциялармен  байланыстырады  (мысалы,  кресло  -   космостық 
ракета). 
Бұл  процестердің  нәтижесі  баланың  елестетуі  мен 
шығармашылығының дамуы болады.
Өзіне  қандай да бір  рөлді  алып  (дәрігердің,  шофердің)  бала  өзіне 
мамандықты  және  басқа тұлғаның  ерекшеліктерін  жай  ғана қолданып 
қоймайды,  ол  сол  рөлге  кіреді,  кірігеді,  оның  сезімі  мен  көңіл-күйіне 
енеді, сөйтіп өз тұлғасын байытады және тереңдетеді.
Дегенмен,  кез  келген  ойынның  жағымды  маңызы  бола  бермейді.
Н.  К.  Крупская іс-әрекет мазмұнына қарай ойынның баланың дамуына 
кері  әсері  болуы  да  мүмкін  екендігін  атап  көрсетті:  ойынмен  аңды  да 
тәрбиелеуге  болады,  қоғамға  пайдалы  тамаша  адамды  да тәрбиелеуге 
болады.
Балалармен дұрыс, әдепті өзара әрекеттестік орнаса, ойын баланың 
ақыл-ойын  кеңейтуге,  танымның  бейнелік  түрлерін  дамытуға  (бейне- 
леп ойлау, елестету), мүддесін реттеуге, тілін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның  өзара қарым-қатынас  ережелерін,  социумда тәртіп  нор- 
маларын  меңгеруде  маңызы  зор.  Ол  балалардың  қоғамдық  тәртібі, 
өмірге және бір-біріне қарым-қатынасы неғұрлым жақсы қалыптасатын 
іс-әрекет түрі.  Бірге  ойынды  ұйымдастыру  арқылы  балалар  ұжымына, 
ал ұжым  арқылы  -   әрбір  балаға әсер  етеді.  Ойында бала  белгіленген 
тәртіпке  бағына  отырып,  өз  ойын,  істерін  басқалармен  келісу 
қажеттілігіне  тап  болады.  Бала  тек  қана  ойын  тәжірибесін  ғана  алып 
қоймайды,  өзін-өзі  көрсету,  өз  аяғына  тұру  және  коммуникативтік 
тәжірибесін алады.
Ойындарда  шығармашылдық  қабілет  дамиды.  Ол  ой  құрауда, 
рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм элементтерін 
жасағанда көрініс табады.  Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет 
әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.
Ойын  мектеп  жасына  дейінгі  мекемеде  балаларды  тәрбиелеу  мен 
дамытудың басты құралы.  Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс- 
әрекеті ретінде жетекші болады, онда мектепке дейінгі балалық шақтың 
барлық  жаңа  түрлері  қалыптасады.  Бала  ойынының  мектеп  жасына 
дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемеде және одан тыс іс-әрекет 
түрлерін бір-бірінен айыратын өзіндік ерекшеліктері бар.
121

7.3 О йы нны ң адамзат мәдениетінің феномені ретіндегі функция- 
лары . Б алалар  ойы ндары ны ң классификацііясы
Функция -  бұл міндет, іс-әрекет аясы, рөл, амалдар жиынтығы.
Ойын іс-әрекеті, С. А. Шмаковтың пікірінше, - адам жаратылысының 
таң  қаларлық  феномені.  Адамзат  практикасында  ойын  бірқатар  функ- 
циялар орындайды.
Әлеуметтік-мәдени функция.  Ойын -  баланы әлеуметтендіруде  ең 
күшті құрал. Ол тұлғаның, оның қасиеттерінің, мінез-құлқының, еркінің 
қалыптасуына  әсер  етеді;  балалардың  білім,  білік,  құндылықтарды, 
тәртіп нормаларын,  қарым-қатынас  амалдарын меңгеруге  көмектеседі. 
Ойындағы 
әлеуметтік  тәжірибені  меңгеру  балаға  кез  келген 
қоғамдастықтың  (балалардың,  үлкендердің)  толық  құқылы  мүшесі 
ретінде  міндеттерін  атқаруға  мүмкіндік  туғызады.  Ойын  -   мәдениет 
эталоны,  ұлт  ерекшелігін,  оның  салт-дәстүрін  толық  бейнелейтін, 
бақыланатын  феномен.  Ойын әлеуметтік тәртіптің типтік дағдыларын, 
құндылықтардың  өзіндік  жүйелерін,  кооперацияны,  топтық  немесе 
жеке амалдарды бейнелейді. (Мысалы, итальяндықтар өздерінің ұлттық 
белгілерін  карнавалдарда,  театрларда іске  асырады.  Испандықтар  кор- 
ридде еркінсиді).
Ұлтаралықкоммуникация функциясы. Ойындар -  жалпы адамзаттық 
құндылықтар  банкісі.  Олар  -  әмбебап,  әртүрлі  ұлт  қоғамдастығы 
оларды  жеңіл  меңгереді.  Бұл  -  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасуға 
жағдай  жасайтын  жалпы  қабылданған  тіл.  Ойындар  өмірдегі  әртүрлі 
жағдаяттарды модельдеуге, келіспеушіліктен шығуға мүмкіндік береді, 
эмоцияны  түрлендіріп  отыруға үйретеді,  сезімнің  бүкіл  бір  гаммасын 
бойға  сіңіреді.  Бұл  адамның  тұлға  ретінде  өзін-өзі  көрсетуі.  Оның 
үстіне  балаға  ойынның  нәтижесі  емес,  процесі  маңызды.  Ойын  іс- 
әркетке,  практикаға  өз  тәжірибесін  қолдану  мен  тексерудің  тәсілдерін 
көрсететін  жол.  Ойын  нәтижелері  баланың  практикалық  әрекетін 
жетілдіруге  ауысады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балада  нақты  белсенді 
өмір  үшін  тәжірибе  аз,  сондықтан  ойын  -   өз  түсінігіндегі  ситуаци- 
яда  белсенді  іс-қимыл  жасауға,  үлкендерге  тән  рөлдерді  орындауға 
мүмкіндік. Үлкендердің рөлі бұл процесте -  айналасындағы заттар мен 
құбылыстарды түсінуге, оларды өзінің ойнау контекстіне енгізуге ынта- 
ландыратын ойнау кеңістігін ұйымдастыру.
Коммуникативтік  функция.  Балалар  қауымдастығында  қарым- 
қатынасты  ұйымдастыру  функциясы.  Ойын  -   коммуникативтік  іс- 
әрекет, онда коммуникацияның екі жоспары бар -  нақты және ойындық.
122

Ойын балаға қарым-қатынас нормаларын меңгеруге көмектеседі,  оның 
коммуникативтік белсенділігін  арттырады.  Ойында балалар тез тіл та- 
бысады,  тәжірибе  алмасады.  Қарым-қатынас  жасау  О.  С.  Газман  бой­
ынша,  - ойынның негізгі энергетикалық көзі.  Ойындар балада адаммен 
тіл  табысу,  араласу  әрекеттерін  қалыптастырады.  Ойын  іс-әрекетінде 
қоғамдық қатынас бар. Ойында әркім өзінің тұлғалық, шығармашылық, 
әрекеттік  әлеуетін  іске  асырады  және  өз  әрекетін  басқа  ойынға 
қатысушылармен ақылдасып келісуге үйренеді.
Ұжымдық 
ойын 
тәжірибесі 
еңбек, 
ұйымдастырушылық, 
коммуникативтік тәжірибеге  ауысады.
Баланың  «ойыннан  тыс  қалуы»,  яғни  оны  ойыншылардың 
қабылдамауы  назар  аударуға  белгі  болып  табылады  және  ол  мектеп­
ке  дейінгі  мекемеде  педагогтың  бұл  баламен  жеке  жұмыс  жүргізуін 
қажет  етеді.  Мұндай  жұмыс  орын  алған  ситуацияның  себептерін 
диагностикалауға  негізделеді  және  оны  мақсатты,  бағытты,  ретімен 
және  корректі түрде  өзгерту қажет болады.
Ойынның 
диагностикалық 
функциясы. 
Ойында 
баланың 
сапалық  қасиеттері,  белсенділігі,  білімі,  білігі,  оның  басқалармен 
қарым-қатынасы,  басқалардың  оған  көзқарасы,  жанұялық  ситуаци- 
ясы,  қорқынышы,  толғанысы,  эмоционалдық  күйі  туралы  барын- 
ша  ақпараттар  байқалады.  Бала  ойында  өзінің  күшін,  қабілетін,  өзін 
көрсету  мүмкіндігін  диагностикалайды.  Ойын  баланың  өзін-өзі  тану 
сезімін  оятады.  Көпшілік  ойындар  «Өзіңді-өзің  таны»  принципінде 
(дидактикалық, қозғалыс, ұжымдық, компьютерлік ойындар) құрылған.
А.  С.  Макаренко:  «Бала ойында қандай  болса,  ол  өскенде  жұмыста да 
сондай  болады.  Сондықтан  болашақ  қайраткерді  тәрбиелеу,  ең  алды- 
мен, ойында болады».  Ойында баланың қасиеттері, өмірден алғандары, 
оған  не  жетіспейді,  тәрбиеші  немен  шұғылдануы  тиіс  деген  сияқты 
мәселелер айқын көрінеді» деген.
Ойынның 
терапиясы 
(емдік) 
функциясы. 
Бұл 
баланың 
ойнағандағы  күйзелісін,  толқынысын,  қорқынышын  сейілту  функ­
циясы.  Ойын  -   басқалармен  қарым-қатынаста,  оқуда,  тәрбиеде  кез- 
дескен  қиыншылықтарды  жеңу  құралы.  Мысалы,  әзіл-өлең,  мазақ- 
өлең,  санамақ,  жаңылтпаш  ойын  терапиясының  қуатты  құралы  және 
мәдени  салт-дәстүрді  жеткізуші  болып  табылады.  Д.  Б.  Эльконин: 
«Ойын  терапиясының  тиімділігі  баланың  рөлдік  ойында  алған  жаңа 
әлеуметтік  қатынас  практикасымен  анықталады»  деп  көрсетті.  Жаңа 
қарым-қатынас  практикасы  баланың  өз  проблемаларын  шешуге  алып 
келеді.  Ойынның  терапиялық  функциясы  релаксациялық  функцияны
123

эмоционалдық  күйзеліс,  ауыр  ой  еңбегі  салдарынан  жүйке  жүйесіне 
түскен салмақты, эмоционалдық, дене, интеллектуалдық жүкті алып та- 
стау немесе азайтуды қамтиды. Қазіргі күнде арнайы ойын тренингілері 
бар («ән салатын төсектер», тыныштандыратын ойыншықтар).
Ойынның 
түзету 
функциясы. 
Жеке 
адамның 
тұлғалық 
көрсеткіштерінің құрылымына жағымды  өзгерістер енгізу функциясы. 
Ойын танымдық, эмоционалдық-еріктілік,  іс-әрекеттік, тұлғалық сфе- 
раларды түзету, психикалық процестер мен сөйлеуді дамытудың, ойлау 
процестерінің, қозғалыс әрекетінің құралы ретінде жүреді.
Сарапшылар мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарының 96%- 
ы  психокоррекцияға  мән  бермейді,  ойынды  бұл  мақсатта  пайдалан- 
байды  деп  көрсетеді.  Бүгінде  мектепке  дейінгі  балалар  мекемелеріне 
ЗПР  бар  балалар,  яғни  жанұя  қарым-қатынасының  бұзылуының, 
туғандағы алған зақымның, экологиялық, экономикалық және басқа да 
проблемалардың салдарынан шошынған, жүйкесі әлсіз, ызалы балалар 
барады.  Бұл факт  ойынның барлық міндеттерімен және көріністерімен 
қоса тағы да бір рет маңызды екендігін дәлелдейді.
Алдандыру  функциясы.  Ләззат,  қуаныш,  жағымды  эмоция  беру, 
өзара  қарым-қатынаста,  әрекетте  сұранысты  қанағаттандыру  құралы 
функциясы.  Бұл 
көңілдендіру,  бір  нәрсеге  ынтасын  ояту  құралы. 
Функция  жайлы жағдай жасайды,  эмоционалдық хал-ахуал туғызады. 
Ойын  -   баланы  өзінің  тікелей  шеңберінен  тысқа  шығаратын  бірден- 
бір  іс-әрекет.  Ойын  -   баланың  алданыштан  дамуға  өтетін,  қиялына 
азық  беретін  стратегиялық  тұрғыда  нәзік  ұйымдастырылған  мәдени 
кеңістік.
Дж.  Локк:  «Балалар  бақытты  және  көңілді  өмір  сүруі  керек. 
Алданыш  та  еңбек  пен  тамақ  сияқты  қажет.  Алданыш  рахатсыз  бо­
луы  мүмкін  емес,  ол  көбінесе  ақыл-парасатқа,  қиялға  байланысты. 
Сондықтан  балаларға  өздеріне  ұнаған  істі  істеуге  мүмкіндік  беру 
қажет,  тек  денсаулығына  және  басқа  адамдарға  зиян  келмейтіндей 
болуы  тиіс»  деп  көрсеткен.  Қалған  жағдайларда  ойынды  тыйым 
салушылықпен байланыстырмау керек.
Э. 
Фроммның тұжырымдауынша: «Тура үлкен адам жұмыс істегені 
сияқты  баланың  ойнауы  қажет.  Ол  үшін  ойын  үлкендердің  жұмыс 
істегені сияқты, екеуі де бірдей жемісті. Балалар ойнай жүріп, ең алды- 
мен, үйренеді, соңынан алданады» деп түйіндейді.
Балалардың 
ойындары 
алуан 
түрлі. 
Олар 
мазмұны, 
ұйымдастырылуы,  ережесі,  көрініс  сипаты,  балаға  әсері,  пай- 
даланылатын  тәсілдері,  шыққан  тегі  және  т.б.  жағынан  әртүрлі.
124

Балалар  ойындарының  көптүрлілігі  оларды  классификациялау- 
ды  күрделілендіреді. 
Ойындарды  классификациялауға  көптеген 
көзқарастар мен негіздер бар.
Б алалар ойындарын классификациялау
Ф.  Фребель  классификацияның  негізіне  ойындардың  әсерін  сара- 
лау принципін қояды:
•  ақыл-ойды дамытатын -  ойлау ойындары;
•  сезімнің сыртқы органдарын дамытатын -  сенсорлық ойындар;
•  қозғалысты дамытатын -  моторлы ойындар.
К.  Гросс  ойындардың түрлерін  олардың  педагогикалық  маңызына 
қарай бөлуді қарастырады:
S   «жай  әдеттегі  функциялы  ойындар»  -  қозғалыс,  ойлау, 
сенсорлық, дамытушы;
S   «арнайы 
функциялы 
ойындар» 

инстинкті 
жетілдіру 
мақсатындағы ойын-жаттығулар  -  жанұялық ойындар, аң аулау ойыны, 
қызмет көрсету ойындары.
Ж.  Пиаже  ойынды  ақыл-ой  дамуы  факторы  ретінде  ашып  берді. 
Ойынның құрылымында ол жаттығуларды, символды, ережелерді бөліп 
көрсетті.  Барлық ойындарды ол былайша бөлді:
•  ойын-жаттығулар немесе сенсорлық-қозғалу ойындары;
•  символикалық (ойдан шығарылған)  ойындар;
•  ережелері бар ойындар.
Ф.  Лесгафт ойындарды екі топқа бөлді:
•  имитациялық  (еліктеушілік)  -   өзіндік  шыгармашылдық  ойын­
дар;
•  цозгалыс ойындары  (ережесі бар ойындар).
Н.  К.  Крупская былай көрсетеді:
  балалардың  өздері  ойлап  тапқан  ойындары  -   шығармашылық 
ойындары;
  үлкендердің ойлап тапқан ойындары  - ережесі бар ойындар.
Мұндай классификация шартты түрде, шығармашылдық ойындар- 
да да оларды реттейтін, рөлдерді анықтайтын және өзара әрекетті сипат- 
тайтын ереже болады. Ережесі бар ойындарда балалар шығармашылығы 
орын алады.
В. 
В.  Давыдов  Ресей  педагогикалық  энциклопедиясында  балалар 
ойындарының екі негізгі түрін бөліп көрсетеді:
- жасырын ережелі ойындар -  сюжеттік-рөлдік ойындар,  онда ере­
желер жасырын сипаттағы сюжетпен және рөлмен анықталады;
-  ашық  (бекітілген)  ережелі  ойындар,  онда арнайы  ереже  жасала-
125

ды, олар дайын және ойынның міндетті бөлігі болып саналады, ойынға 
жол  береді  (дидактикалық,  қозғалыс,  дамытушы,  көбінесе  музыкалық, 
ойын-ермек, интеллектуалдық ойындар).
И.  Я.  Михайленко,  Н.  А.  Короткова балалар  ойынының  классифи- 
кациясына мыналарды кіргізеді:
  сюжеттік ойындар -  ерекшелігі амалдардың шартты сипатында;
  ережесі  бар  ойындар  -   нақты  анықталған  және  орындау  үшін 
міндетті  ережелері  бар,  қатаң,  формалды  іс-әрекет.  Бұл  ойындардың 
ерекшелігі  -   қатысушылар  арасындағы  жарыс,  нәтиженің  ерекше  бо­
луы (ұтыс) және үлкен табысқа жеткен жеңімпаздың болуы.
Сюжеттік ойындар жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ережелі ой­
ындар, кем дегенде, екі адамы бар іс-әрекеттің біріккен түрі.
Ережелі ойындардың үш типі бар:
•  шанстық ойындар -  жеңіс ойыншылардың күш-жігеріне тәуелді 
емес;
•  физикалық  (дене)  компетенциясына  тәуелді  ойындар  -   жеңіс 
физикалық білігіне, дағдыларына, сапаларына тәуелді;
•  ойлау  компетенциясына тәуелді  ойындар  (стратегиялық  ойын- 
дар)  - онда зейін, ес, комбинаторлық қабілеттер қажет;
•  ойынның аралас түрі, онда  физикалық та, ойлау компетенттілігі 
де талап етіледі, жеңіске жетудің барлық элементтері қатыстырылады.
С.  Л. Новоселова балалар ойындарын 3 топқа бөледі:
Ойынның  1-ші  тобы  -   балалардың  қалауынан  туған  ойындар. 
Олар  сюжеттік  (сюжеттік-бейнелеу,  сюжеттік-рөлдік,  режиссерлық, 
театрландырылған) 
ойындар 
және 
ойын-эксперимент 
(табиғи 
объектілермен, 
құбылыстармен, 
материалдармен, 
жануарлармен, 
ойыншықтармен және заттармен) ойындар.
Ойынның  2-ші  тобы  -   үлкендердің  қалауынан  туған  ойындар: 
оқытушылық  (автодидактикалық,  заттық,  сюжеттік-дидактикалық, 
қозғалу, музыкалық, оқу-заттық ойындар; қол бос уақыттағы (ойын-ер- 
мек, алданыш, театрлық, мерекелік, карнавалдық, компьютерлік) ойын- 
дар.
Ойынның  3-ші  тобы  -   этностың  тарихи  қалыптасқан  дәстүрінен 
келетін  ойындар  (халықтық):  салттық  (культтік,  отбасылық,  кезеңдік; 
тренингілік  (интеллектуалдық,  бейімділік,  сенсомоторлық);  қол  бос 
уақыттағы (ермектік, алданыш) ойындар.
П.  Г.  Саморукова  барлық  балалар  ойындарын  үлкен  екі  топқа 
бөледі:  шығармашылық және ережелі ойындар.
Шығармашылық  ойындарда  балалар  өз  әсерлерін  білдіреді,
126

қоршаған  дүние  жөніндегі  және  оған  қатынасы  туралы  түсінігін 
білдіреді.  Шығармашылық  ойындардың  негізгі  түрін  сюжеттік-рөлдік 
ойындар  құрайды.  Бұл  топқа  сол  сияқты  құрылыстық-конструктивтік 
ойындар, 
драматизациялық, 
театралдық, 
театрландырылған, 
режиссерлік ойындар да кіреді.
Ережелі  ойындарды  балаларды  оқыту және  тәрбиелеу мақсатында 
үлкендер  жасайды.  Дидактикалық  ойындарда ең  алдымен  балалардың 
ойлау  қабілеттері  дамиды,  олардың  білімі  жүйеленеді.  Дидактикалық 
ойындар үстелдік-баспалық, заттық, сөздік болып бөлінеді. Қозғалу ой- 
ындарында әртүрлі қимылдар жетілдіріледі. Сонымен қатар музыкалық 
қабілетті дамытатын әртүрлі музыкалық ойындар, ермек-ойындар және 
т.с.с.  бар.  Авторлық  классификацияның  көптігіне  қарамастан  онда 
жалпы және ортақ белгілері байқалады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің сипаты жаста- 
рына қарай өзгереді.
Мектепке  дейінгі  кіші жаста балалар үшін қарапайым  өмірлік  си- 
туацияларды  көрсететін  сюжеттік  ойындар  маңызды.  Ереже  көбінесе 
оқиғаның өзінде,  жасырын сипатта болады.  Сол сияқты бұл жаста зат- 
тармен  -   доппен,  шеңбермен  ойын  жиі  қолданылады,  қозғалыс  ойын- 
дары да маңызды.
Мектепке  дейінгі  ересек  жаста  неғұрлым  қозғалыс  ойында­
ры,  ережелі  ойындар,  шығармашылық  ойындар  (театрландырылған, 
драматизацияланған, режиссерлік ойындар) аса қызықты болады.
7.4 М ектеп ж асы на дейінгі балаларды ң ойын әрекетінің 
құры лы м ы , оның элементтерінің сипаты
Ойынға іс-әрекет құрылымының барлық компоненттері тән: мотив, 
мақсат, жоспарлау, орындау құралдары, ойын әрекеті, нәтиже.
Ойынның құрылымдық элементтеріне қысқаша сипаттама берейік.
Ойын  әрекетінің  мотивациясы  оның  еріктілігімен, 
таңдау 
мүмкіндіктерімен және жарыс элементтерімен, балалардың белсенділік 
танытудағы  сұранысын  қанағаттандырумен,  қолдаумен,  аяғынан 
тұрғандығымен,  өзін көрсете алумен қамтамасыз етіледі.
Ойынның  мақсаты.  Әрбір  ойынның  мақсаты  болады.  Ол  нақты 
әрі  бала түсінген  (қуыршақты  тамақтандыру,  космосқа ұшу,  тығылып 
қалғандарды  табу,  карточкаларды  түсіне  қарай  бөлу  және  т.с.с.). 
Мақсаттар  еліктеуден  ойланғанға,  мотивтендірілгенге  қарай  эволюци- 
яландырылады.
127

Ойын  әрекетін  жоспарлау  дегеніміз  -  алдын  ала  немесе  ойын  ба­
рысында  оның  процессуалдық  жақтарын  ойластыру  (амалдардың 
реттілігі,  сюжетпен жұмыс  істеу,  рөлдер  кешені,  олардың  қатынастық 
үлесі,  өзара  ықпалдастық  ережесі).  Бұл  компонент толыққанды  түрде 
мектепке дейінгі ересек жасқа қарай көрінеді.
Ойын  үшін  балалар  өздері  немесе  үлкендердің  көмегімен  ойын 
құралдарын 
-   ойыншықтарды,  заттарды,  материалдарды,  ойын 
жағдайын таңдайды.
Ойын  амалдары  көмегімен  ойын  сюжеті,  рөлдер  орындалады. 
Рөлдердің әрқайсысына өзінің негізгі ойын амалдарының комплексі тән 
болады. Мысалы, дәрігер тыңдайды, дәрі жазып береді, ауруды емдейді 
және  т.б.  -   ережелі  ойындарда  ойын  амалдарының  сипаты  мен  реті 
анық белгіленеді,  өйткені онсыз ойын ойнау мүмкін емес.
Ойын нәтижесі іс-әрекеттің өнімді түрлерінен айырықша, жағымды 
эмоцияда, 
баланың 
негізгі 
сұранысын 
қанағаттандырғандықта, 
белсенділікте, 
қолдауда, 
қорғалғандығында, 
қарым-қатынаста 
көрінеді.  Жасына  сай  ойын  әрекетін  дамыту  деңгейінде  ойынның 
тәрбиелік, оқытушылық, дамытушылық эффектісі бар және әлеуметтік, 
коммуникативтік,  психотерапевтік,  коррекциялық,  диагностикалық, 
алдандырушылық  функцияларын орындайды.
7.5 М ектеп ж асы на дейінгі балаларды ң күн  тәртібіндегі  ойынның 
орны
Ойынның педагогикалық теориясының негізгі ережелерінің бірі оны 
мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі  мен іс-әрекетін ұйымдастыру 
норма деп қабылдау. Педагогикада балалар бақшасының өмірі түрлі ой- 
ындармен  толы  болуы  керек  деген  ойды  белсенді  түрде  дамытқан  Н. 
К.  Крупская.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  ойынның  ерекше 
маңызын  айта  келіп,  Н.  К.  Крупская:  «...ойын  олар  үшін  -   оқу,  ойын 
олар  үшін  -   еңбек,  ойын  олар  үшін  -   тәрбиенің  парасатты  түрі,  ойын 
мектепке  дейінгі  жастағы  бала үшін -айналадағы  дүниені  тану тәсілі» 
деп жазды. Педагогтың басты міндеті,  Н.  К.  Крупскаяның пікірінше,  - 
балаларға ойын ұйымдастыруда көмектесу.
Кішкентай баланы  «өмір  бойы ойынмен қоректендіру» қажеттілігі 
туралы  идеяны А.  С.  Макаренко  айтты.  Ол  ойынды дамытуда бірнеше 
кезеңді, әр кезеңде -  басқарудың белгілі бір міндеттерін көрсетті.
Балабақшасында  балалардың  өмірі  мен  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
түрі  ретінде  ғылыми  негіздеу  А.  П.  Усованың еңбектерінде  бар.  Оның

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет