Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Қайың және өрік ағашының жасымықшаларын микроскопсыз



Pdf көрінісі
бет95/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
 Қайың және өрік ағашының жасымықшаларын микроскопсыз 
да көруге болады
а)
ә)
2
1
4
3
а)
б)


85
Қабықша  немесе  тоз  астында  беріктік  қасиет  беретін  тіректік 
ұлпалары болатын қабық қабаттары бар. Жас бұтақтарды сындырғанда 
бірден  жұлынып  алынбайды,  себебі  оны  қабығы  ұстап  тұрады.  Бұл 
созылған жасушалар – оның талшықтары. Олар тез сынбайды, өйткені 
жас сабақта олар тірі. Сондықтан оны кескен дұрыс. Зығыр, кендір, 
кейбір пальмалардың талшықтарынан жіптер жасалады.
Қабықтың ішкі қабатында маңызды өткізгіш ұлпа – 
флоэма 
болады. 
Ол туралы келесі сабақта айтылады. 
Камбий
  –  түзуші  ұлпа  қабаты.  Камбийдің  барлық  жасушалары 
бірдей және қабық пен сүрек арасында нашар ажыратылатын жіңішке 
сақина  түзеді.  Оны  жаңадан  араланған  ірі,  бірақ  кәрі  емес  ағаштан 
көруге болады. Бұл қабат жасушалары шырынды және бұзылған кезде 
қабық пен сүрек арасынан ылғал сақина ретінде сезіледі. Камбий жа-
сушалары ұрық жасушалары сияқты тез көбейеді. Сөйтіп қабық пен 
сүрек  қабаттарына  қарай  жинақтала  береді.  Камбий  жасушаларына 
байланысты ағаш сабағы (діңі мен бұтақтары) жуандап өседі. Жаз бойы 
камбийдің көбейген жасушаларынан көп жағдайда сүрек, аз дәрежеде 
қабық  жасушалары  қалыптасады.  Ал  қыста  қоректік  заттардың 
жеткіліксіз  болуынан  көбеюі  тоқтайды.  Күзде  жапырақтардың 
сарғайып, түсуімен фотосинтез тоқтайды. Көктемде жас жапырақтар 
шыға  бастағанда  камбий  жасушалары  қайтадан  тез  көбейеді.  Сөйтіп 
сүрек жасушалары қалыптасады және  қабық өсуін жалғастырады.
Сүрек 
(
ксилема
)  –  ағаш  сабағының  негізгі  қабаты.  Ол  ең  қалың 
әрі ең қуатты қабат. Сүректі тақта, жиһаз, фанера (шере) жасау үшін 
қолданады.  Сабақтың  басқа  қабаттарымен  салыстырғанда  ол  берік 
болады.  Сүрек  жасушалары  алуан  түрлі. 
Сүрек құрамына әртүрлі: тірек, өткізгіш, 
негізгі қызмет атқаратын жасушалар мен 
ұлпалар кіреді.
Тірек ұлпасының жасушалары сүрекке 
берік  әрі  қатты  қасиет  береді.  Неліктен 
олар ағашты кескеннен кейін де қасиетін 
сақтайды? Себебі олар – тірі ағаш ішіндегі 
өлі  жасушалар.  Сондықтан  ол  өте  берік 
және  өсімдік  тіршілігін  жойғаннан  кейін 
де қасиетін сақтайды (56-сурет). 
Сүректің  өткізгіш  ұлпалары  тамыр-
дан  өсімдіктің  жерүсті  бөліктеріне  суды 
жеткізеді. Осы қызметіне байланысты оны 
ксилема
 деп те атайды. 
1
2
3
56-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   278




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет