Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет9/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   187
Философиялық негіздері. 
Педагогикалық зерттеулер мен 
педагогикалық процестерді ұйымдастырғанда және жүзеге асырғанда 
диалектиканың - материяның дамуының, сананың және қоғамның 
(қозғалыстың үздіксіздігі және материяның дамуы, санның сапаға 
ауысуы, детерминизм, жүйелілік, дамудың қозғаушы күші ретіндегі 
қайшылықтардың бірлігі мен күресі, таным мен практиканың бірлігі 
және т.б.) неғұрлым жалпы заңдары туралы ғылымның жалпы 
принциптері ескеріледі.
Мектепке дейінгі педагогиканың
жаратылыстану ғылыми 
негіздерін
И. М. Сеченов және И. П. Павловтың жоғарғы жүйке әрекеті 
туралы ілімі мен олардың оқушылары және зерттеушілер - В. М. 
Бехтеревтың, Н. Е. Введенскийдің, А. А. Ухтомскийдің, П. К. Анохинның, 
Н. М. Щеловановтың, Н. И. Касаткинның, Н. Л. Фигуринның, Н. М. 
Аксаринаның және т.б. онтогенезде жоғарғы жүйке әрекетінің да-
муы жөніндегі зерттеулері құрайды. Олар баланың психикалық 
әрекетінің нейрофизиологиялық тетіктері шартты рефлекторлық сипат 
алатындығын, ол мектепке дейінгі жастағы баланың қалыптасуына, 
генетикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға, сол сияқты сыртқы 
әсерді, оның ішінде тәрбиені де жүзеге асыруға пісіп жетілу процесі 
ретінде әсер ететіндігін көрсетті.
Зерттеушілер баланы туған сәттен бастап тәрбиелеген жөн екендігі 
туралы тұжырымға келді, себебі шартты рефлекторлық әрекеттің даму 
заңдылықтарының бірі сол, баладағы әрбір келесі рефлекс алдыңғыдан 
тезірек және жеңілірек болады.
И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың үш тұтастық - ағза мен сыртқы 
ортаның, барлық органдар мен ағза жүйесінің біртұтас ашық биожүйе 
ретіндегі және психикалық және физикалық даму тұтастығы мек-
тепке дейінгі мекемелерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың 
физиологиялық негіздемесі болады.
Динамикалық стереотип жөніндегі ілім мектепке дейінгі балалардың 


10
күн тәртібін құру негізінде жатады. Динамикалық стереотип – білік, 
дағды, тәртіп әдеттерін қалыптастыру негізі, ол жаттығудың оқыту 
мен тәрбиелеудің әдісі ретіндегі тиімділігін көрсетеді. Тәрбиелеудегі 
даралау әдісіне қойылатын талаптар жоғары жүйке әрекетінің түрлері 
жайындағы ілімнен, жеке адамның түрлі анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктерінен тұрады.
Онтогенезде сигнал беруші екі жүйенің дамуы туралы теория-
лар баланың тілінің, ақыл-ойының, физикалық, эстетикалық және 
тәрбиелеудің басқа да бағыттарының дамуының психологиялық-
педагогикалық негізін анықтайтын табиғи-ғылыми базасы болады. 
Солардың негізінде оқытудың әдістері мен құралдарына ұсыныстар 
жасалады.
Мектепке дейінгі педагогиканың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   187




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет