Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жердің жасанды серіктерімен позициялау



Pdf көрінісі
бет41/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

1.4. Жердің жасанды серіктерімен позициялау.
Координатты анықтаудың біршама жетілдірілген əдісі 
Жердің жасанды серіктерін пайдалануға негізделген. Ол қатаң 
белгіленген орбитамен ұшып бара жатқан жердің жасанды серігі 
нақты белгілі координатты қас-қағым сəтте радиосигналмен 
үздіксіз шағылыстыралып, алынған деректерді Жердегі арнайы 
жерсеріктік қабылдағыштарда тіркеу арқылы жүзеге асырыла-
ды. Бұл радиотехникалық құралдардың көмегімен қабылдағыш 
пен жердің жасанды серігінің арақашықтығын өлшеуге жəне 
қабылдағыштың орналасқан орнын (координатын) немесе екі 
қабылдағыштың векторын (координат өсімшелерін) анықтауға 
мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың соңында пайдаланылатын 
екі жерсеріктік жүйе геодезиялық өлшеулерге революциялық 
өзгерістер əкелді. Бұл – американың 
Global Positsioning system 
(
GPS 
) Ғаламдық позициялау жүйесі (GPS) жəне ресейлік 
Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйе (ГЛОНАСС). 
Жердің жасанды серіктерімен позициялау əдісімен шешетін 
негізгі міндеттерге жататындар:
– барлық деңгейдегі геодезиялық торларды дамыту;
– ІІІ тіпті ІІ сыныпты дəлдіктегі нивелирлік жұмыстарды жүргі зу;
– біртұтас жоғары дəлдіктегі уақыт шкаласын тарату;
– геодинамикалық үдерістерді зерттеу;
– қоршаған ортаның жағдайын мониторингін жасау жəне 
оның динамикасын оқып-үйрену;
кадастрлық, жерді орналастыру, ауылшаруашылық жəне 
тағы да басқа жұмыстарды координаттық қамтамасыз ету;
– арнайы датчиктермен (электронды тахометр, эхолат, 
анеройд, магнит өлшегіш, сандық фотокамера жəне тағы да 
басқа) жалғанған жерсеріктік қабылдағыштардың көмегімен 
далалық тақырыптық түсірулер мен инженерлік-геодезиялық 
жұмыстардың координатын қамтамасыз ету;


38
– Жер серіктік қабылдағыштарды электронды тахометрлер-
мен, сандық бейнекамералармен, иннерциялық навигациялық 
жүйелермен кешендеу негізінде географиялық ақпараттық 
жүйелердің (ГАЖ) деректер базасын жаңарту.
Жерсеріктік жүйелердің негізгі артықшылықтарына ғаламды-
ғы, жеделдігі, қосалқылығы, оңтайлы дəлдігі мен тиімділігі жата-
ды. Дəстүрлі геодезиялық өлшеулерден айырмашы лығы белгілі 
бір қосындардың өзара көрінуі қажет емес. Ғаламдық позициялау 
жүйесі WGS-84 координаттар жүйесінде, ал ГЛОНАСС ПЗ-90 ко-
ординаттар жүйесінде жұмыс істейді. Олар жер бетіндегі бақылау 
мен басқару (ЖББ), ғарыштық аппарат тар (ҒА) жəне пайдалану-
шылар аппаратуралары (ПА) жүйе тармақтарынан тұ ра ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   439




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет