Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Жанғыш отындардың эксплуатациялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет46/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
6.3. Жанғыш отындардың эксплуатациялық қасиеттері
Дизель деп аталатын, сығудан тұтанатын іштен жану қоз-
ғалтқыштарында 4 тактілі жұмыс процесі ұшқынынан тұтанатын 
қозғалтқыштарға қарағанда едəуір басқаша жүреді. Дизель 
қозғалтқыштарында бірінші 2 тактіде таза ауаны сорады. Ауаның 
температурасы қысу қозғалысының соңында 550-650°С-ге жетеді, ал 
қысым 4МПа -ға дейін өседі. Қысу қозғалысының соңында сығылған 
жəне қызған ауаға белгілі бір уақытта жоғары қысым мен отынның 
порциясы бүркіледі. Отынның майда тамшылары бу қалпына келеді 
де, ауада тарайды. Аз уақыт өткен соң отын өзінен-өзі тұтанады жəне 
толық жанады. Отын жануы нəтижесінде газ қысымы 6-10 МПа-ға 
жетеді. Дизель қозғалтқыштары – экономикалық жағынан ең тиімді 
жылу қозғалтқышы, оларда отын шығыны аз жəне ПƏК карбюратор 
қозғалтқыштарына қарағанда жоғары. Дизельдер тракторларда
тепловоздарда, теңіз жəне өзен кемелерінде, ауыр жүк машиналарында 
жəне автобустарда, ауыстырмалы электростанцияларда орналасқан. 
Жердегі жəне судағы техникалардың тез жүргіш дизельдері жəне 
газтурбиналы қозғалтқыштары үшін: Л (жазғы), З (қысқы), А (арк-
тикалық), тағы да орта жəне аз айналушы дизельдер үшін ДТ жəне 
ДМ маркалы мотор отынын шығарады. Дизель отындары мұнайдың 
орта дистиллятты 180-360°С аралығында айналатын фракциялардың 
каталитикалық крекингтің жəне гидрокрекингтің жеңіл фрак-
цияларынан алынады. Дизель отындарының пайдалануында негізгі 
сипаттама болып, тұтану, фракциялық құрам, тұтқырлық, кокстену, 
лап ету, лайлану, суу температурасы, шайырлы жəне коррозиялы 
активті қосылыстар мөлшері жатады. Дизель отындарының ең 
маңызды пайдалану қасиетінің бірі – олардың тез тұтанып, жай 
жануы, бұл қысымның біртіндеп көтерілуін жəне қозғалтқыштың 
тықылдаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Отындардың тұтану 
қасиеті олардың химиялық жəне фракциялық құрамына байланысты. 
Бұл бірінші кезекте отынның тұтану температурасымен байланысты. 


99
Мысалы, арендердің тұтану температурасы өте жоғары (500-600°С), 
сондықтан арендері көп өнімдер дизель отыны бола алады. Керісінше, 
алкандарға ең төменгі тұтану температурасы тəн, сондықтан парафинді 
мұнайлардан дайындалған дизель отындары жақсы пайдаланылады.
Көмірсутектермен отындардың тұтану қасиетін бағалауды 
бензиндердің детонациялық тұрақтылығы сияқты зертханалық 
сынақ қондырғыларында эталонды отындармен салыстыру əдісімен 
немесе химиялық құрамы арқылы анықтайды. Ең көп қолданылатын 
əдіс – цетан саны арқылы бағалау. Цетан саны деп %-бен алынған 
цетанның С
16
Н
34
(гексадекан) α-метил-нафталинмен қоспасындағы 
стандартты жағдайда салыстырғанда тұтануы жағынан сынаушы 
отынға эквивалентті мөлшерін айтады.
Гексадеканның цетан саны 100, α – метилнафталиннің санын 0-ге 
тең деп алады. Цетан саны дизель отындарында 40-50 аралығында 
нормаланады. Цетан саны тек тұтану қасиетін ғана емес, дизель 
отынының кейбір пайдалану сапасын көрсетеді: дизель отындарының 
цетан саны жоғары болған сайын оның іске қосылу қасиеті жоғары, 
тұтануды баяулату кезеңі аз, отын толық жанады, пайдаланылған 
газдың түтіндеуі жəне жану камерасымен форсункаларда отынның 
күйеленуі аз болады. Ең төменгі цетан сан арендерге, əсіресе, 
сақиналыларға тəн. Циклоалкандар жəне бициклді алкандар аралық 
орында. Ең көп цетан саны түзу тізбекті алкандарға тəн. Алкан 
молекулаларының көп тармақталуы цетан санын көп төмендетеді. 
Қос байланыста цетан санын төмендетеді.
Дизель отындарының басқа өте маңызды қасиеттеріне жылдам жү-
ру ші дизельдер үшін олардың фракциялық құрамы, тұтқырлық, суу 
тем пературасы, кокстену, күкірт мөлшері жатады. Қолдану жағдайы-
на байланысты дизель отындарының Л маркасында суу температура -
сы 35°С-ден -45°С-ге дейін, З маркасында -55°С, А маркасында 60°С-
ден жоғары болмау қажет. Қысқы жəне арктикалық дизель отында ры 
жалпы өңдеу көлемінің 30%-ын құрайды. Оларды карбамидпен па-
рафинсіздендірген жəне сұйық парафиндерді адсорбциялау арқылы 
алған фракциялардан, керосин-газойл фракцияларынан дайындайды. 
Дизель отындары құрамындағы күкірт мөлшері бойынша 3 түрге 
бөлінеді:
1. Күкірттің массалық үлесі: 0,025%-дан көп емес.
2. Күкірттің массалық үлесі : 0,2%-дан көп емес.
3. Күкірттің массалық үлесі: 0,5%-дан көп емес.


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   150




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет