Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет8/142
Дата10.03.2022
өлшемі4,14 Mb.
#134958
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   142
Байланысты:
burunbetova genetika neg

1.2 Генетиканың басқа ғылымдар мен 
тəжірибе үшін маңызы
Генетиканың əдістемесінің маңызы тұқым қуалаудың жеке 
ақпараттық бірлігі – генмен жұмыс істейтіндігінде. Бұл генетиканың 
басқа биологиялық ғылымдардың арасындағы орнын ғана анықтап 
қоймай жалпы барлық жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі 
орнын да анықтай алады. Г.Мендельдің ашқан жаңалықтарының 
арқасында биология басқа да физика, химия сияқты ғылымдармен 
қатар ХХ ғасырдың басында заманауи атомдық дүниетанымды 


16
қалыптастыруға қатысты. Атомдық дүниетанымның негізін қалаушы 
Демокрит (б.э.д. 460-370 ж.) пен Эпикур (б.э.д. 341-270 ж.) болған.
Заманауи генетика өзінің тəжірибелік салаларымен бірге жалпы 
адамзаттық ғылым болып саналады, өйткені қоршаған орта белгілі 
бір элементарлы мəннен құралады. Физика мен химия молекулалар, 
атомдар, элементарлы бөліктермен жұмыс істесе, биология – жеке 
адаммен, жасуша жəне гендермен жұмыс істейді. 
Басқа биологиялық ғылымдардың арасындағы генетиканың ор-
нын оның зерттеу нысаны, яғни тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік 
те анықтайды, өйткені ол екі құбылыс барлық тірі ағзаларға тəн 
қасиет болып табылады.
Генетика жəне селекция.
Генетика өсімдіктер, жануарлар, 
микроағзалар селекциясының теориялық негізін құрайды. Əртүрлі 
нысандардың жеке генетикалық қасиеттеріне сүйеніп селекцио-
нерлер өсімдіктің жаңа сорттары, жануарлардың жаңа тұқым-
дары, микроағзалардың жаңа штаммдары үшін бастапқы мате-
риал таңдайды. Бұл мақсатта будандастырудың əртүрлі жүйелері 
қолданылады: гибридологиялық талдау, индукцияланған мутация 
жəне т.б. Мысалы, соңғы жылдардағы «жасыл революция» астық 
тұқымды əртүрлі өсімдіктердің ергежейлі немесе бойы аласа, сабағы 
қысқа, желге жатып қалмайтын, машинамен жинауға ыңғайлы сорт-
тарын шығарып, бидай, күріш, тары, арпа жəне т.б. өсімдіктердің 
өнімдерін жоғалтудың алдын алды. Кең етек жайып қолданылып 
жүрген əдістердің бірі өсімдіктердің полиплоидтылығы немесе 
хромосомалар санының көбеюі, өйткені полиплоидты өсімдіктер 
өздерінің диплоидты туыстарына қарағанда əрі төзімді, əрі өнімді 
жақсы беретін болып келеді. Адамзат бидайдың полиплоидты 
сорттарын ерте замандардан бері қолданып келеді, қазір поли-
плоидты қара бидай, қант қызылшасы, бүлдірген, қарбыз жəне 
т.б. мəдени өсімдіктер қолданылады. Гетерозис немесе өсімдіктің 
будандық күштілігін И.Г.Кельрейтер ашқан, ол да өсімдік жəне мал 
шаруашылығында кең қолданыс тапты. 
Мендель заңдылықтарына сүйене отырып селекционерлер терісі 
бағалы аңдардың жаңа тұқымдарын шығаруда, мысалы, норка, түлкі, 
үй қояны, ондатра жəне т.б.
Генетиканың əдістері балық жəне құс шаруашылықтарында өз 
орнын табуда. Селекция сандық белгілердің генетикасы негізінде ірі 
қара малының сүттілігі мен еттілігін жəне өсімдіктердің өнімділігін 
арттыруда қолданылуда. 


17
Мутациялық селекция микробиологиялық өндірісте: 
продуценттердің ақуыздық-витаминдік штаммдарын ашытқыдан 
алуда, антибиотик продуценттерін алуда, витаминдер мен амин 
қышқылдарын жəне тағы басқа биологиялық белсенді заттарды алу 
үшін төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар мен бактерияларды өсіруде 
пайдаланылады. 
Гендік инженерияның жаңа əдістері мен тəсілдері жануарлар-
дың өсу гармондарын, адамның интерферонын, гепатит ауыруы 
-
ның вирусының антигенін жəне басқа инфекциялық аурулардың ви-
рустарымен күресу үшін қажетті антигендерді синтездеу мақсатын-
да бактериялар мен ашытқыларды алу үшін қолданылады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушалық жəне гендік инже-
нериясы дамып келеді. Оның мүмкіндіктері бір өсімдік түрлері мен 
туыстарының гендерін екінші бір өсімдік түрлері мен туыстарына 
көшіру болып табылады. Мысалы, бұршақ тұқымдастарының сома 
жасушаларының ақуыз қорының фазеолин гені күнбағыс жасушала-
рына салынған. 
Сома жасушаларының будандастырылуы табиғатта ешқашан бу-
дандаса алмайтын өсімдіктердің геномдарын біріктіруге мүмкіндік 
береді. Сол жолмен картофель жəне томат, декоративті жəне т.б. 
өсімдіктерінің соматикалық будандары алынған.
Генетика жəне медицина.
Адам генетикасының дамуымен 
бактериалар, вирустар жəне тағы басқа инфекциялар арқылы пай-
да болатын қауіпті аурулармен қатар 2500 шамасында тұқым 
қуалайтын аурулардың бар екендігін білу мүмкіндігі туды. Адам 
популяциясының генетикалық гетерогенділігі, себебі гендік мута-
циялар мен хромосомалық абберациялар болып табылатын зат ал-
масуы, конституцияларының бұзылуы, психикалық жағдайының 
ауытқуы сияқты көптеген аномалиялардың болуын туындатады. 
Белгілі генетик Ф.Г.Добжанский: «Егер біз əлжуаз жəне генетикалық 
жағынан ауруларды сақтап, оларға ұрпақ қалдыруға мүмкіндік бер-
сек генетикалық ақырға жетеміз. Ал егер олардың өлуіне немесе 
азап шегуіне мүмкіндік берсек моральдық азғындауға жетеміз» деп 
жазған еді.
Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды ерте диагностика арқылы 
анықтау, оларды диетологиялық немесе медикаментоздық жолмен 
емдеу арқылы ауру адамды аномалиялық өзгерістерге ұшыратпай 
немесе өлімнен алып қалуға жағдай жасайды. Мысалы, галактозе-
мия немесе сүтте болатын қантты сіңіре алмайтын, фенилкетонурия 
2–1156


18
немесе ароматты аминқышқылдарына төзе алмайтын жас сəбилерді 
ерте диагностика жасау, олардың қоректену рационынан қажет
емес заттарды алып тастау арқылы, адам өмірін аман алып қалуға 
болады. 
Ерте диагностика жасау арқылы əлі туылмаған баладағы тұқым 
қуалайтын ауруларды немесе гетерозиготалы тасымалдаушы бола-
тын гендік жəне хромосомалық аномалияларды анықтау, жанұяны 
жоспарлауда үлкен көмек көрсетеді. Ол үшін халыққа медициналық-
генетикалық кеңес беру өте тиімді əдіс болып табылады. 
Гендік инженерияның дамуымен, медицинаның гентерапия 
бөлімі адам ағзасындағы аномальды генді алмастыруға мүмкіндік 
тудырады. 
Генетика жəне экология
. Адамның шаруашылық іс-əрекеті 
қоршаған ортадағы табиғи құбылыстарға араласумен тығыз бай-
ланысты, осыған орай орман алқаптары азайып, су балансы өзгеріп, 
суда, ауа мен топырақта ластандырушы қосылыстар пайда бола 
бастады. Тиімді емес, қажетсіз жағдайларды болдырмау қоршаған 
ортаның экологиялық жағдайы мен табиғи популяциялардың ге-
нетикасын, яғни табиғи ортада гендерімен алмасатын ағзаларды 
білмейінше оларды болжау мүмкін емес. Ол үшін өсімдіктер, жануар-
лар мен микроағзалардың тіршілік етуіне қажетті популяциялардың 
оптималды көлемін білу керек. Тірі ағзалардың генофондын сақ -
тау – баға жетпес табиғи гендерді сақтау болып табылады, өйткені 
адамзат болашақта оларды селекциялық мақсатта пайдалана алады. 
Белгілі кеңес генетигі Н.И.Вавилов 1926 ж. жер шарының, оның 
өз теориясы бойынша өсімдіктердің шығу орталығы болып табыла-
тын жəне генетиктер мен экологтардың көңіл аударуларына міндетті 
бөліктерін атаған болатын. 
Экологиялық генетиканың маңызды аспектілерінің бірі қоршаған 
ортаға адам əрекеті арқылы түсіп жатқан əртүрлі физикалық, 
химиялық агенттердің мутагендік белсенділігін анықтау болып 
табылады. Күнделікті тіршілікке мутагендерді қолдану аномал-
ды гендердің концентрациясын арттырып, ол өз кезегінде тұқым 
қуалайтын аурулардың пайда болу жиілігін жоғарылатып жіберуі 
мүмкін. Сол себепті медицинаға, ауыл шаруашылығына немесе 
тамақ өнеркəсібіне арналған əрбір жаңа əрекет, əрбір жаңа заттың 
генетикалық белсенділігі тексеріледі. Осы мақсатта генетиктер ар-
найы тест-жүйелер дайындайды: микроағзалар штаммдары, дро-
зофила культуралары, тышқандар тізбегі, адам жəне жануарлар 


19
жасушаларының культуралары. Тек осы культуралар арқылы тест-
тен өткеннен сон, мутаген емес екендігіне көз жеткеннен кейін ғана 
жаңа заттарды пайдалануға рұқсат етіледі. 
Генетика жəне басқа биологиялық ғылымдар.
Генетиканың 
əдіс-тəсілдері мен принциптері барлық биологиялық ғылымдар са-
ласында қолданыс табады. 
Гендердің дискреттілігі олардың кодтайтын макромолекула 
ла-
рының – ақуыздар мен рибонуклеин қышқылдарының дискретті-
лігін көрсететіндігін анықтау үшін генетика биологиялық химиямен 
қосылып молекулалық биологияның негізін қалады. 
Синтетикалық эволюциялық теория генетиканың Ч.Дарвиннің 
табиғи сұрыпталу барысындағы түрлердің пайда болуы туралы тео -
риясына сүйене отырып жасаған əдістемелерінің бірқатарын өз 
қолданысына алды. Осыған байланысты элементарлық эволюция-
лық оқиға туралы, яғни популяциядағы аллельдердің жиілігінің 
өзгеруі туралы ұғым қалыптасты.
Жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар генетикасы зоология, бо-
таника, микробиологияда қолданыс табады. Биохимияның көптеген 
мəселелері метоболизмі өзгертілген мутанттар арқылы шешілуде. 
Қорыта келе, генетика адам тіршілік əрекетімен, яғни тірі 
ағзалармен өсімдіктермен, жануарлармен, микроағзалармен байла-
нысты барлық ғылымдар саласымен тығыз қарым-қатынаста деп 
айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   142




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет