Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет51/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#151187
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96
Байланысты:
ГЕНЕТИКА
Биореакторы (ферментеры). Ферментерді байлау.(4 сабак), Аминқышқылы жане витамин, 1621919003455
МУ Т АЦИЯНЫҢ ТИПТЕРІ
Мутациялық процестің өзін секірмелі түрде, яғни кенеттен 
пайда болатын жэне индукциялық деп екіге белуге болады. Егер 
мутация кэдімгі табиғи факторлардың әсерінен, атап айтқанда, 
сыртқы ортаның немесе қалыпты физиологиялық жэне биохимиялық 
процестер өзгерісінің нэтижесінде өздігінен пай да болса, оны 
секірмелі мутация дейміз. Ал арнайы эсер ету арқылы, яғни 
радиоактивті сәулемен, химиялық заттар мен немесе температурамен 
эсер етудің нәтижесінде пайда болатын өзгеріс индукциялық мутация 
деп аталады. Осы аталған екі мутацияның арасында айтарлықтай 
өзгешелік жоқ. Дегенмен, соңғы аталған, яғни индукциялық мутация 
генетиктерге тұқым қуалайтын өзгергіштікті қолдан жасауға және 
оны тереңдеп зерттеуге мүмкіндік туғызды. Өзінің пайда болу 
орнына қарай немесе организмнің қандай клеткаларында пайда 
болатындығына 
байланысты 
мутация 
генеративтік 
(жыныс 
клеткасында болатын) жэне сомалық (дене клеткаларында болатын) 
болып екіге бөлінеді. Сомалық мутация мен генеративтік мутацияныц 
бір-бірінен айырмашылыгы жоқ, дегеңмен, олардың эволюциялық
146


мэні эртүрлі. Сондықтан ол жеке-жеке қарастырылады. Егер 
мутантты гені бар гамета үрықтануға қатынасатын болса, онда ол 
мутация келесі ұрпаққа тікелей беріледі. Бірақ ол мутантты ген 
рецессивті болып келсе, онда организмде болатын өзгеріс бірнеше 
ұрпақтан соң білінеді, ал егер ол доминантты ген болса, онда бірінші 
үрпақтьщ өзінде-ақ білінеді.
Сомалық мутация организмде онтогенез барысында пайда 
болады. Жыныстық жолмен көбейетін организмдерде олардың 
эволюциялық дамуы барысында сомалық мутация ешқандай роль 
атқармайды, себебі дене клеткаларында пайда болған өзгеріс ұрпаққа 
берілмейді. Ал жыныссыз жолмен көбейетін организмде оның 
айтарлықтай ролі бар. Мысалы, вегетативтік жолмен көбейетін 
жеміс-жидек 
өсімдіктерінде 
кездесетін 
сомалық 
мутацияның 
селекциялық маңызы зор. Сомалық мутацияны зерттеудің адам мен 
жануарда болатын қатерлі ісік (рак) ауруларының себептерін білу 
үшін де маңызы айтарлықтай. Осы күні көптеген қатерлі ісіктер, яғни 
қалыпты клеткалардың рак клеткаларына айналуы сомалық мутация 
жолымен болатындығы туралы деректер бар. Генотиптің өзгеру 
сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомдық және геномдық 
болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет