Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет9/96
Дата04.06.2022
өлшемі8,63 Mb.
#145987
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96
Байланысты:
pdfkarnegi kak-priobretat-druzey-i-okazyvat-vliyanie-na-lyudey lql3xa 195738, pdfkarnegi kak-priobretat-druzey-i-okazyvat-vliyanie-na-lyudey lql3xa 195738, lesson 3, №4 МӨЖ, Положение о порядке проведения открытых учебных занятий и взаимопосещения учебных занятия ППС, Актер2, 1 Ñðà ò øàíøóûíà òí ì³íåçäåìåí³ êëèíèêàëû áåëã³ëåð³í³ æè, Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.
ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ Қ¥РАМЫ
Хромосомалардың 
химиялық 
құрамы 
негізінен 
нуклео- 
протеидтерден (90 
92%) тұрады. Ал нуклеопротеидтердің өзі ДНК
(дезоксирибонуклеин қышқылы) мен белок - гистоннан тұрады. 
Сонымен қатар хромосоманың құрамында РНК (рибонуклеин 
қышқылы), аз мөлшерде кальций, магний, темір иондары жэне РНК- 
мен комплекс түзетін гистонсыз белоктар болады.
ДНК құрамына төрт түрлі азотты негіздер: пурин туындылары -
аденин, гуанин және перимидин туындылары - цитозин, тимин енетін 
күрделі биополимер. Олардың әрқайсысы - дезоксирибозамен жэне 
фосфор қышқылының қалдығымен қосылып дезоксирибонуклеотидті 
қүрайды. Сол төрт түрлі нуклеотид ДНК молекуласын қүрайтын
33


мономерлер болып есептеледі. 1949 жылы Америка оқымыстысы 
Э.Чаргафф кез-келген ДНК молекуласында аденин мен тимин және 
гуанин мен цитозин мөлшерінің тең болатындығын көрсетті. Оны 
Чаргаффтың ережесі дейді.
1953 жылы Америка оқымыстысы ДЖ. Уотсон мен ағылшын Ф. 
Крик 
осы 
ережеге 
сүйене 
отырып 
және 
өздерінің 
рентгенқұрылымдық 
талдау 
әдісімен 
жүргізген 
зерттеулерін 
қорытындылай келіп ДНК-ның молекулалық моделін жасады (4- 
сурет).
4-сурет. 
ДНҚ қос спиралының құрылым схемасы 
(Уотсон-Крик моделі)
34


Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер ДНК-ларының 
химиялық құрылымын зерттеу барысында олардың әрқайсысында 
пуринді және пиримидинді негіздердің орналасу реті мен молярлық 
қатынасының эртүрлі болатындығы анықталды. Мысалы, гуанин мен 
цитозиннің молярлық мөлшерінің аденин мен тиминнің молярлық 
мөлшеріне қатынасы 0,45-тен 2,8-ге дейінгі аралықта. Сонымен бірге 
олардың ДНК-ларында нуклеотидтердің орналасу тэртібі де түрліше. 
Мүның тұқым қуалаушылық заңдылықтарын үғуға тікелей қатысы 
бар.
Ал енді ДНК молекуласының құрылымына келетін болсақ, ол 
полинуклеотидтердің 
тізбегінен 
қүрылатын, 
шиыршықталып 
орналасқан екі жіпшеден тұрады. Қалыпты жағдайда бір жіпшедегі 
аденинге екінші жіпшедегі тимин, сол сияқты цитозинге гуанин 
сәйкес келіп отырады, яғни комплементарлы принципте орналасады 
жэне олар бір-бірімен сутекті байланыстар арқылы жалғасады.
Хромосома қүрамына РНК да енеді, ол да ДНК сияқты төрт 
түрлі нуклеотидтердің тізбегінен тұрады. Бірақ азотты негіз тиминнің 
орнына урацил, ал дезоксирибозаның орнына рибоза қанты болады. 
Сондықтан да рибонуклеин қышқылы қысқаша РНК деп аталады. 
Тагы бір айырмашылығы РНК молекуласы жалгыз ғана жіпшеден 
түрады.
Көп уақытқа дейін ДНК молекуласы оңға бүралған шиыршық 
түрінде болады делініп келді, бірақ 1979 жылы Америка оқымыстысы 
А. Рич ДНК-ның солға бұрылатын шиыршық түрінде де бола 
алатындығын дәлелдеді.
35


1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет