Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет105/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Бернард Шоу (1856-1950) – өзі өмір сүрген дәуірдегі театрдың қайта құрылуына үлкен үлес қосқан ХХ ғасырдағы ағылшын әлеуметтік драмасының негізін салушы. Б. Шоу үшін театр - дәуір мәселелерін талқыға салатын арена, ал актер - қоғамның жетілуіне өз үлесін қосып, шындықты қорықпай айта алатын адам. Драматург-новатор Шоу ағылшын театрында өзі «талқылау – пьесасы» деп атаған пьесаның жаңа түрі интеллектуалды драманы енгізді. Онда жетекші рөл шиеленіске емес, кейіпкерлердің арасында талқыға түсіп, оларды қатты толғандырған мәселелерге беріледі. «Актерлік театрды» жақтаушы Шоу үшін шеберлік пен актердің моральдық бейнесі өте маңызды болды. Өзінің басты құралы ретінде күлкіні таңдаған Бернард Шоу – сатира шебері.

Б. Шоу Ирландия астанасы Дублинде дүниеге келеді. Оның ата-анасы кедей дворяндық ортадан шыққан. Әкесінің жұмысы алға баспағандықтан, шешесі музыкадан дәріс беру арқы­лы отбасын асырайды. Шоу 1879-1883 жылдары «Жетілмеу», «Қисынсыз неке», «Әртістер­дің махаббаты», «Кэшель Байронның кәсібі» және «Жалғыз социалист» атты романдарын жазады. Шоу адам өміріндегі еңбектің орны туралы жазып, қанаушылықты айыптап, социализм мәселелеріне көңіл бөлсе де, оның жоғарыда аталған еңбектері ешқандай табыс әкелмейді.

Нағыз жаңашыл ретінде Шоу өзін драма саласында көрсете алған. «Ибсенизм квинтэссенциясы» (1891) атты еңбегі жазушының үндеухатына айналады. Шоу әйел теңдігі, отбасы тәрбиесі және қоғамдық құрылыстың жетілмеуі сияқты сол заманында орын алған түрлі мәселелерге аса назар аударады.

20-30 жылдары «Әулиеі Ионна» (1923), «Алма жегілген арба» (1929), «Ащы шындық» (1931) атты пьесалар жарыққа шығады. 1925 ж. Шоу әдебиет саласындағы Нобель сыйлы­ғы­ның лауреаты атанады. 1929 ж. «саяси экстраваганция» деген атқа ие болған «Алма жегілген арба» атты өткір саяси памфлеті жазылады. Мұнда ол өз елінде болып жатқан саяси жағдай­лар мен оның болашағы туралы сөз қозғап, буржуазиялық демократияны әшкере­лейді. Бұл пьесада Англияның экономикалық және саяси өміріне АҚШ-тың араласуы туралы сөз болады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмге қарсы болған Б.Шоу ұлт­шыл­дық­пен күресуге шақырады. Жазушы Кеңес үкіметі жеңіске жеткеннен кейін Кеңес үкіметінің «әлемнің рухани орталығына» айналатынына сенген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет