Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет85/205
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#109867
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205
Байланысты:
Әлем әдебиеті by Көптілеуова Д.Т. (z-lib.org)

Филипп Сидней (1554-1586) білімді гуманист, мемлекет қызметкері, жауынгер, сол дәуірдегі ұлы тұлға болған. Оның ақын және теоретик ретінде жазған еңбектері ағылшын әдебиетінің да­муы­на айтарлықтай әсер еткен. Ол ағылшын поэзиясының алғашқы теоретигі болған. Оның 1580 ж. жазылып, ақынның өлімінен кейін 1595 ж. жарық көрген «Поэзияны қорғау» атты еңбегі тек поэзияда ғана емес, сонымен қатар жалпы әдебиет сала­сын­да да ең құнды шығарма болып есептелінеді. Сидней халық дәстүрлері мен жоғарғы шеберліктің қағидаларына сүйене отырып, жаңа дәуірге тән поэзияны жан-жақты қарастырады. Ол ақын ретінде «Аркадия» романы (1590) мен «Атро­фель мен Стелла» (1591) жинағының құрамына кірген сонеттер мен махаб­бат өлеңдерінің жаңа үлгілерін жазады. Оның бұл шығарма­ла­ры ағылшын әдебиеті тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына негіз болған.

Спенсер өмір сүрген ХYІ ғ. 80-90 жылдары Англияда сапасы мен саны жағынан поэтикалық төңкерістер толқыны болады. Англия поэзиясы шарықтау шегіне жетеді.

Лирикалық ақындардың қатарына Шекспир де жатады. Шекспир сонеттері43 өз заманын­дағы жаңа батыл қадам, әлем лирикасының биік шыңы болған. Шыншыл әрі психолог болған Шекспир өз замынын баса озып, әлем әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан. Шекспир көптеген сонеттер жазған. Сонет (сың­ғырлау, сылдырлау деген италия сөзінен шыққан) – әр шумағы 14 тармақтан құрылатын өлең түрі. Тармақтар екі рет төрт-төрттен, одан соң екі рет үш-үштен топтасады. Оның 154 сонеттен тұратын жинағы сақ­талған. Бұл жинақ ақынның ал­ғашқы, оның көзі тірі кезінде жарық көрген жинағы болып табылады. Кітапқа кірген 126 со­нет ақынның досына, ал 128 қарашашты сұлуға арналған. Зерттеушілердің ойынша, Шекспир­­дің досы ретінде шығатын бейне – граф Саутгемптон, ал қарашашты сұлудың кім екені белгісіз, оның аты тарихта сақталмаған. Сонеттерді бірнеше циклға бөлуге болады. Олардың тақырыптары – достық, сүйіспеншілік, қызғаныш, тағдыр туралы толғау. Сонетте­рінде ақын достықты, сұлулықты, махаб­батты мадақтап, бақытсыз махаббат пен әлеуметтік, философиялық мәселелерді сөз етеді. Оның сонеттері өзінің философиялық тереңдігі жағынан «Гамлет», «Ромео мен Джульетта», «Дауыл» пьесаларынан кем түспейді.

Сонеттер - Шекспирдің артында қалған жалғыз ғана лирика­лық мұрасы. Өзінің драмаларында өз кейіпкерлерімен бірге, біте қайнап кеткенімен, бірде-бір пьесасында өзі туралы ашып ешнәрсе айтылмаған. Ал сонеттерінде өзі, өзінің көңіл күйі, ішкі жандү­ние­сі, қуаныш-реніштері туралы айтып ағынан жарылады. Шекспир өмірін зерттеушілердің де оның сонеттеріне көбірек үңілетіні осыған байланысты.

Қала мәдениетінің гүлденуіне байланысты негізі ертеден бастау алатын түрлі театр­лан­ған ойындар мен көріністер дами бастайды. Қала өміріндегі маңызды тарихи оқиғаларға байланысты ұйымдастырылған ойындар халық арасында кең тарай бастайды. ХІY-ХY ғ. ерте ортағасырлық діни жанр миракль (латын тілінен miraculum - таңғажайып) жанрының әлсіреп, мистериялар дами түсіп, кейін бұл жанрлардың орнына моралите (танымдық драмалық көрініс) келе бастайды. Мистерия, әдетте бірнеше күнге жалғасып, жүздеген орындау­шы­ларды қамтыған.

ХYІ ғ. екінші жартысында, дәлірек айтқанда, 1570 жылдан Англияда театр мен драма­тур­гия­ның қарқынды даму кезеңі болады. «Гамлетте» көрсетілгендей ағылшын театры бастапқы кезде кезбе әртістер тобы арқылы қалыптасқан. Қойылымдарда кәсіпқой әртіс­терден басқа өнер ұйымдары мен университет студенттері де белгі­лі бір рөлдерде ойнаған. Театр жоғары тап өкілдерінің арасында да үлкен беделге ие болады. Италия князьдарының өзін-өзі ұстау мәнері мен олардың сарайдағы көңіл көте­рер ойын-сауықтарын толық қабылдаған ағылшын сарайында үлкен шебер­лік пен кәсіпқой әртістерді талап ететін кең көлемді маскарад-қойылымдар жиі орындалған. Осын­дай қойылымдардың әсерін күшейте түсу үшін мәтіндер қажет бола бастайды. 1561 ж. жас ғалымдар Томас Нортон мен Томас Сек­вил көпшіліктің алдына «Горбодук» трагедиясын қояды. Бұл трагедия ежелгі дәстүрлер мен кельттіктерден мұра болған британдық эпикалық материалдардың қосындысынан пайда болған.

ХYІ ғ. 70 жылдары ағылшын театры қарқынды дамып, қалалық жерлерде орныға бас­тайды. Лондонда кезбе әртістер топтары тұрақтаған түрлі театр ғимараттары пайда бола­ды. Сол кезде Лондонда үш түрлі театр болған: жалпыға ортақ, жеке және сарай маңындағы театр. Ағылшын театрының даму жолында да көптеген кедер­гі­лер кездеседі. Себебі театр буржуазия мен монархия­ның қақтығысу алаңы болып, сонымен қатар театрды жоғарыдан басқарып отырған король билігі де түрлі сылтауларды желеу етіп, пьесаларды қоюға рұқсат бермей, тіпті театрлардың жұмысын тоқтатып та отырған. Ағылшын театры мен драма­тур­гиясының дамуында Томас Кидтің (ш. 1558-1594) 1587-1600 жыл­дарға дейін Лондон сахна­сы­нан түспеген «Испан трагедия­сының» алатын орны зор.

Театр мен драматургияның зор қарқынмен дамуы Шекспир секілді аса дарынды, біртуар азаматтың сахна төрінде пайда болуына ықпал жасайды. ХYІ-ХYІІ ғ. Шекспир шығарма­шы­лы­ғы қалыптасады. Шекспир - қарапайым халық арасынан шыққан дарынды тұлға, орта деңгейлі мектепті бітірсе де, өз қаламынан туған туындылары мен асқан шеберлігінің, бойын­дағы талантының арқасында халықтың біртуар азаматы болған. Шекспирдің асқан дарын­дылығы оның алғашқы еңбектерінен-ақ белгілі болады. Шекспир шығармашылық ор­та­дан өзіне демеу тауып, аз уақыттың ішінде драматургия саласында биік тұлға ретінде танылып, театрдың королі атанады.

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 ж. 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэрі болып та сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін Стратфорд грамматикалық мектебінде 1671-1678 жылдары білім алып, латын және көне грек тілдерін терең меңгереді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр бо­лады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям өзінен 8 жас үлкен Анна Хесуэй деген шаруаның қызына үйленеді.

1585-1612 ж. Лондонда әуелі театрға келушілердің атын бағушы, соңынан әртіс, режиссер, драматург болады. Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студент­термен тығыз байланыс орнатады. Оның пьсалары алғаш рет студент-жастардың күшімен қойылып, сол кезден бастап Уильям Шекспирдің барлық өмірі театрмен байланысты болады. 1590 ж. Лондондағы «Глобус» театрының актері болады. Оның драматургтық қызметі осы жыл­дан басталады. 1590-1600 ж. аралығындағы пьесалары оптимис­тік сарында болып ке­леді.

Өзінің «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта» және басқа траге­дия­ларында Шекспир қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдар арман­дарының жүзеге аспайтындығын көрсеткен. Ол күшті, ер жүрек кейіпкерлерді, олардың жо­ғары сезімдерін – сүйіспеншілік пен дос­тықты, адалдық пен ерлікті мадақтайды. Шекс­пир­дің кейіпкерлері тағдырдың әлсіз құрбандары емес, олар қиналады және күреседі, бірақ дүниені өзгер­туге қабілеті жетпейді.

Жалпы алғанда, Шекспирдің шығармашылығын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңге «Ромео мен Джульет­та», «Юлий Цезарь» (1590-1599) секілді алғаш­қы туындыларын жатқызамыз; екінші кезеңге «Гамлет», «Тимон Афинский» (1600-1608) сияқты туындылары, яғни, трагедия­лары жатады. Соңғы кезеңге «Боран», «Генрих YІІІ» (1609-1613) жатады.

Шекспирдің барлық трагедияларының ішіндегі ең күрделісі – «Гамлет»44. Әлем әде­биетінде ешбір шығарма мұндай әр алуан пікір туғызған емес.

Көптеген ғасырлар бойы Гамлет образы түрлі пікірлер туғы­зады. Ол әдебиетте әлі адамдарды толғандыратын образдар­дың бірі болып қала бермек.

Шекспир 1616 жылы дүниеден өтеді, алайда артынан өшпес мұра қалдырады. Қазіргі таңда Шекспир шығармашылығы әлем әдебиетінің баға жетпес мұрасы болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   205




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет