Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73



бет37/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz

Ашық суғару желісі

Ашық суғару желісі ауылшаруашылық өндірісінде көп тараған, ол жер бетіне ойып жасалған арықтардан, іргетас немесе тіреулерге орнықтырылған науалардан құрастырылады жəне ондағы судың деңгейін жəне шығынның өнімін реттеп отыратын гидротехникалық құрылыстар жəне қондырғылар бар. Бас су алғыш құрылысы суғару жүйесіне қажетті суды алуды қамтамасыз етуі. Шаруашылықтың ішкі тарату желілерін, барынша қысқа етіп, егістік танаптардың ше- карасына орналастырады.



Ауыспалы егістіктегі жəне танаптың тарту желілерін, оның шекарасына орналастырады жəне əрбір ауыспалы егістіктің жəне танаптың бір-біріне байланыссыз тарату арықтары болуы керек. Шаруашылықтың ішкі тарату арықтарына су бас арна немесе шаруа- шылық тарату арықтары арқылы жеткізіліп берілуі керек.

Уақытша суғару желісіндегі білектер дегеніміз – уақытша арықтағы судың деңгейін жəне шығынның өнімін реттеп отыра- тын құрылыс немесе қондырғы. Оған құбырлы су өткізгіштер, су- дың жолын бөгейтін қалқандар жəне жыралардан суды өткізетін құрылымдар жатады (110-сурет).

    1. сурет. Жүйектеп суғаруға арналған ашық суғару желісі

а – суғарудың қима желісі; б – суғарудың көлбеу желісі;

1 – тарату арығы; 2 – уақытша арықтар; 3 – үйінділер; 4 – суғару жүйектері;

5 – оқ арықтар;

b –жүйектің арақашықтығы; B – уақытша арықтардың арақашықтығы ; L – егістік танаптың ұзындығы; l – оқ арықтардың арақашықтығы; 10 – танаптағы суғарудың бағыттары

Су жолын бөгейтін қалқандарға – ауыстырылып отыруға ыңғай- лы болу үшін, қалыңдығы 2 мм қаңылтырларды пайдаланады.

Суғару желілері ауыспалы егістіктің танаптарындағы, шаруашы- лықтағы жəне ауыспалы егістіктегі суғару жүйесінің орналасу жоба- сының ерекшеліктеріне байланысты қарастырылады (110-сурет).

Танаптағы суғару желілерінің орналасу жағдайы негізінен, ауылшаруашылық дақылдардың биологиялық ерекшелігіне, жер жағдайына, суғару техникасы жəне өрісіне байланысты.

Суғару арықтары тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін жəне олар егістік танапқа түзу бір-біріне параллель орналасады.



Суғару арықтарының негізгі сипатамасы олардың пішіні жəне су ағынының кесе-көлденең қимасының өлшемі болып табылады. Ашық арықтардың пішіні əртүрлі болуы мүмкін, яғни төртбұрышты, жартылай дөңгелек, парабола, трапеция жəне күрделі қисық болуы мүмкін (111-сурет).




    1. сурет. Ашық суғару арықтарының кесе-көлденең қимасының пішіні

а – трапеция; б – жазық; в – төртбұрыш; 4 – жартылай дөңгелек
Ашық арықтардың қимасының көлбеулігі (m) суғару арықтары өтетін топырақтың механикалық құрамына байланысты жəне мынаған тең: m= ctg α =a/ h.

Ашық арықтардың табиғи арналардан ерекшелігі гидравликалық тұрғыда, олардың өте ыңғайлы кесе-көлденең қимасын жобалауға жəне тұрғызуға болады.

Жалпы ашық арықтардағы су ағынының біркелкі қозғалу жағда- йында есептеледі жəне ондағы су өтімінің (Q) жəне су ағынының жылдамдығын (V) Шезидің мына өрнегі арқылы анықтайды:

V C R I ;

Q w C R I ,

мұнда, V – орташа су ағынының жылдамдығы, м/с; C – арықтың бойындағы ысылуға қарсылық көреткіші (Шези көрсеткіші); R гидравликалық радиус, м; I – гидравликалық еңештік; w – су ағынының кесе-көлденең қимасының ауданы, м2.



19–1125

289

Ашық трапеция пішінді арықтардағы су ағынының кесе-көлденең қимасының ауданы мына өрнек арқылы анықтайды (94-сурет):

w = (b+m· hh.

мұнда, h – арықтағы судың тереңдігі, м; m – арықтардың қимасының көлбеулігі; b – ашық трапеция пішінді арықтың табанының ені, м.

Ашық трапедция пішінді арықтардағы кесе-көлденең қимасының ұзындығын мына өрнек арқылы анықтауға болады:
b 2 h 1 m2 .
Жылдамдық көрсеткішін Н.Н. Павловскийдің өрнегін пайдала- нып анықтауға болады:

C 1 Ró ,

n

мұнда, n – ашық арықтардың бетінің кедіргі көрсеткіші.

Ашық арықтардағы судың деңгейн анықтау үшін алдын ала арықтың табанының ені (b), арықтардың қимасының көлбеулігі

(m) жəне ашық арықтардың бетінің кедергі көрсеткіші (n) туралы ақпараттық мəліметтерді пайдалана отырып, ондағы судың тереңді- гінің (h) əртүрлі мəнін беру арқылы арықтың өтімін (Q) жəне он- дағы су ағынының жылдамдығын (V) анықтау нəтижесі бойынша тұрғызылған сызбалық қисықтарды пайдалануға негізделген таңдау əдісімен анықталады (112-сурет).






    1. сурет. Ашық арықтағы судың деңгейін (h) жəне су ағынының жылдамдығын (V) есепке алынған су өтімінің шамасы (Q) бойынша анықтауға арналған сызба

Ашық арықтардағы су ағынының топырақты шайып кетпейтін жылдамдығын Б.И. Студеничниковтың өрнегін пайдаланып анықтау- ға болады:

V  1715

h 1/4

g h ,
d

 


мұнда, d – топырақтың бөлшектерінің орташа өлшенген диаметрі, м. Кейбір жағдайда, ашық арықтардағы судың жылдамдығы оның алмағайып жылдамдығынан төмен болуы мүмкін, ал бұндай жағ- дайда су ағынының құрамындағы шөгінділер, арықтардың табаны- на шөгіп, судың ағуына кедіргі тудырады. Сондықтан ашық арық- тардағы су ағынының шайып кетпейтін жылдамдығымен бірге тұнбалар тұнбайтын жылдамдықты да анықтау қажет жəне ол үшін

С. А. Гиршканың өрнегін пайдаланған жөн:



Vнез = 0.2· k· Q,

мұнда, k – тұнбаның гидравликалық бөлшектердің ірілігіне байла- нысты қабылданатын көрсеткіш жəне ол 0,33-0,55 аралығында бо- лады.



Қазындыдағы ашық арықтар жер бетіне басшылық жасау қажет емес телімдерде, сонымен қатар арық көлбеулігін жер бетінің көл- беулігінен кіші етіп қабылдағанда, арықтардың қазындысында орындалған тиімді (113-сурет).




    1. сурет. Қазындыдағы ашық арықтардың қимасы

1 – үйінді; 2 – үйіндінің ішкі көлбеулігі; 3 – арықтың қимасы;

4 – үйіндінің сыртқы көлбеулігі
Арықтар терең қазындыда орындалған жағдайда, беткейлердің пішіні бұзылмас жəне арықты механикалық тəсілмен тазалауды мүмкіндігін туғызу үшін, арнайы сатылар қарастырылады. Сатылар- дың текпішегінің ені d =( t– h)/2 өрнегі арқылы анықталады, мұнда

(t– h) сатының үстіндегі қазындының тереңдігі (1 метрден кем бол- мау керек) (114-сурет).




    1. сурет. Терең қазындыдағы ашық арықтардың қимасы

Жартылай қазынды жəне жартылай үйінді арықтары суғармалы егістікжүйесінде, суғармалыауданғасуғаружелілерінің басшылығын қамтамасыз ететін, кеңінен тараған құрылым (115-сурет).




    1. сурет. Жартылай қазынды жəне жартылай үйіндідегі арықтың қимасы

Үйіндідегі арықтар, арықтың өтетін ізі жер бедерінен төмен орналасқан тұстармен немесе көлбеуліксіз жайпақ жерлермен өткен- де, суғармалы жерлердегі суғару желісіне басшылық жасауды талап ететін жағдайларда қолданылады (116-сурет).




    1. сурет. Үйіндідегі ашық арықтың қимасы

Қия беткейдегі арық, беткейдің қиялығы 20°-қа жететін жерлерде арықтарды жобалағанда, саз топырақтарда өтетін арықтардың көлде-

нең қимасы жер беті, беткейдің, арықтың судың тасқынды деңгейінен қиылысу нүктесі арқылы өтетіндей етіп қабылдау қажет (117-сурет).






    1. сурет. Қыраттардағы ашық арықтардың қимасы

1 – баспалдақ; 2 – қырат жапарындағы арна

Көлбеулігі 20° жəне одан да жоғары мəндерге жететін жерлерде арықтарды орналастырғанда, арықтың көлденең қимасын толықтай қазындыда өтетіндей етіп жобалайды. Қия беткейдің жоғарғы жа- ғынан ені 3 метрден кем емес сатылы текпешік орналастырылады. Суғару жүйелеріндегі тұрақты арықтардың беткейлерін, ұқсас жағ- дайда пайдаланылатын, қолданыстағы арықтардың беткейлерінің орнықтылығын ескере отырып қабылдайды.

Арықтардың бұрылу радиусы, су деңгейі бойынша алынған арық енінің 5 еселі мəнінен кем болмауы қажет.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет