Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет150/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

2.  Маңғыстаудағы  көтерiлiс.
  Жаңа  ереже  енгiзiлгеннен  кейiн  Маң -
ғыстау түбегiндегi адайларда жер мәселесi қатты шиеленiсiп кеттi.
1870 
жылдың наурызында Маңғыстау приставы подполковник Ру кин 
құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбiрегi бар әскери жасағын бас тап және 
беделдi деген рубасыларын ертiп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшiп 
бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың 
көтерiлiске шығуына түрткi болды. Бозашы деген жерде 
досан Тәжiұлы

Иса Тiленбайұлы 200-ге жуық қарулы  қол жинады. Кескiлескен шайқас 
басталып  кеттi.  Көп  ұзамай  Рукин   бастаған  әскери  жасақ  тас-талқан 
болып жеңiлдi. Жаралы болған Рукин өзiн-өзi атып өлтiрдi. Бұл жеңiс 
көтерiлiсшiлердiң рухын кө те рiп, оларды жiгерлендiре түстi.
Көтерiлiс Маңғыстау түбегiн түгел қамтыды. Алек-
сандровск  фор  тының  және  Николаев  станицасының 
балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық 
бiлдiрдi. Қайықтарды тартып әкету бас талды. Сарытау 
шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар  өзде рiнше флотилия 
құрып  алды.  Кейiнiрек  ол  флотилия  Алексан  д ровск  фортын  қоршауға 
қатысты. Көтерiлiске қатысушылардың са ны 10 мың адамға жеттi.
1870 
жылдың сәуiрінде көтерiлiсшiлер Александровск форты  мен Ни-
колаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын  өртедi және 
Нижнее бекiнiсiн қиратты. Алайда зеңбiректiң үстi-үс тiне жарылған сна-
рядтарына шыдай алмай, кейiн шегiнуiне тура кел дi. Көтерiлiс жергiлiктi 
отаршыл өкiмет билiгiнiң ғана емес, сонымен  қатар орталық үкiметтiң де 
зәресiн ұшырды.
Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуiр күшейе түскен едi. 
Патша  үкiметi  Хиуа  хандығына  қарсы  шабуыл  жасау  мақсатымен   өз 
әскерiн  Красноводск  төңiрегiне  шоғырландыра 
бастады.  Маңғыс таудағы  көтерiлiс  орталығы 
олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерiлiстi 
басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелдi. 
Сөйтiп,  ма мыр  айының  аяқ  кезiнде  Кавказдан 
Маңғыстауға  әс кер  күшi  жеткiзiлдi.  Адай-қа-
Рукиннің  іс-әрекетіне 
баға бер.
ХІХ ғасырдың 60–70-жылда-
рындағы ұлт-азаттық көтері-
лістердегі халық талаптары-
ның сабақтастығы неден 
көрінді?


125
зақ тардың  жан  аямай  қарсы  тұрғанына  қа рамай,  көтерiлiс  жеңiлiске 
ұшырады, күштi қаруланған тұрақты әс  керлерге төтеп бере алмады. Патша 
әскерлерi көтерiлiсшiлердi жазалау үшiн оларды барлық жерден тiмiскiлеп 
iздестiрумен болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   260




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет