Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Абылайдың қазақ тарихында алатын орны



Pdf көрінісі
бет50/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

5. Абылайдың қазақ тарихында алатын орны. 
Абылай хан 
1781
 жы-
лы дүние салып,  Қожа Ахмет Ясауи кесенесiне жерлендi. Абылай ханның 
қайтыс бол ғанын естiген Қытай өкiметi көңiл айтып, елшiлерін жіберді. 
Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын ала ды. 
Абылайдың күш-жiгерi ең алдымен мықты және тәуел сiз Қа зақ мемлекетiн 
құруға  жұмсалды.  Орыс  ға лы мы  И.  Крафттың  сөзiмен  айтқанда,  «
Ол 
(Абылай. 

 авт.) 
қалып тасқан нақты жағдайларға қарай бiрде Ресейге, 
бiрде Қытайға, ендi бiрде Жоңғарияға шын берiлген болып көрiне бiлдi, 
ал шын мәнiнде ешкiмге де бас иген жоқ».
 
Абылай хан қазақтардың басын қосып бiрiктiру үр дiсiне бас шы лық 
еттi және ұлан-байтақ далада бiр орталыққа бағынатын мем лекет құруға 
зор  ықпал  жасады.  Жоңғар  және  Едiл  қалмақ тарын  тас-талқан  етiп, 
жеңiп шығуда ол аса маңызды рөл атқарды. Қы тай әскерiнiң Қазақстан 
аумағымен iлгерi қарай iшкi аймақтар ға жылжуын тоқтатып қана қойған 
жоқ, сонымен қатар қазақтардың  Тарбағатайдағы және Iле өзенi өңiрiндегi 
байырғы  дәстүрлi  мал  жа йылымдарын  қайтарып 
алуына  қол  жеткiздi.  Алатау  қырғыздарының   қа-
зақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.
Абылай хан қазақтардың өз арасында ғана емес, 
сонымен қатар көр шi халықтардың арасында  да зор 
бедел  мен  сый-құрметке   бө лендi.  Қазақ тар  жауға 
аттанғанда «Абылай! Абылай!» деп ұрандат  ты
. Ә. Бө-
кейхан
 өзiнiң «Қырғыздар» (қазақтар. – авт.) деген 
ойтолғау
Абылай хан туралы берілген 
деректерді талдап, қорытынды 
жасаңдар:
Ш. Уәлиханов
Ә. Бөкейхан
И. Крафт
Сенің пікірің
ойталқы
Абылай қырғыз 
манаптарының ба-
лаларын неліктен 
аманатқа алды деп 
ойлайсыңдар?


42
еңбегiнде Абылайдың атын тiптi Сiбiр казактарының 
ұран  ре тiнде  пайдаланатыны  туралы  былай  деп 
жаз ды: 
«Абылай!»  деп  ұран  тас тау  тiптi  Сiбiр 
ка зак-орыстарында  да  бар.  Олардың  бiреуi  өзiнiң 
ұлын 
1904–1905
 жылдардағы орыс-жапон соғысына 
аттандырып тұрып, оған бата ретiнде: «Абылай! Абылай!» деп атой 
сал... «Абылай деп шабуыл жаса!» дегенiн көрдiм». 
Қазақстан  қалаларының  басты  көшелерi  Абылай  ханның  атымен 
аталады.  Алматыда  Қазақ  мемлекеттiк  халықаралық  қа ты настар  және 
дүниежүзi тiлдерi университетiне Абылай ханның есiмi берiлген. Көк ше-
таудың етегiнде Абылай ханның құрметiне алып ес керткiш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   260




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет