Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет6/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ
күн шұғыласының
1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
16
1
2
3
4
– ақиқатты қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар 
арқылы түсінуде қатаң математикалық 
және физикалық модельдерді біріктіретін 
синергетиканың пәнаралық әдісін тірек ету;
– дүниеге көзқарасты бағдарлау;
– ғылымның парадигмалық сипатына бейімделу;
– дамудың баламалы мүмкін сценарийлерін құру;
– сциентизм және антисциентизм сияқты 
бағыттарды түсіну.
Антисциентистердің бастамасымен ғылыми жетістіктердің қол да ны-
луына әлеуметтік бақылаудың қажеттілігі туралы мәселе көтерілді, әйтпесе 
ғылым өздігінен адамзатты бақыттырақ ете алмасы анық еді және оны 
адамгершілікпен (мораль) ауыстыруға болмайды.
Осының бәрі жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық, техникалық 
ғы лымдар мен нәтиже алуға бағытталған ғылыми зерттеулердің жау ап-
кершілігін көтеру қажеттігін куәландырады, сонымен бірге адам зат тың 
болашақ дамуын жобалайтын ғылыми-теориялық қызметтің ма ңыз ды лы-
ғы на бағыттайды. 
Қазіргі заманғы өркениеттіліктің, қоғамның өмір сүру дағдысының, 
адамзат тағдырының, табиғи орта жағдайының, әлеуметтік-мәдени және 
білім беру прогресініңаса ірі дағдарысына
төтеп беру сауатты ғылыми 
шешімдерге тәуелді.
Ғылым дамуында ғылыми революциялар, құрылымын, таным қа ғи-
даларын, категориялар мен әдістерді, сонымен қатар оны ұйым дас ты рудың 
формаларын өзгертуге әкелетін ғылым парадигмасының өзгеруі сияқты 
экстенсивті және революциялық кезеңдер кезектесіп отырады.
Ғылым үшін оның жіктелуі мен шоғырлануы іргелі және қолданбалы 
зерттеулер дамуының диалектикалық үйлесімі тән.
Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері

Педа го-
гикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
. Қандай жұмысты ғылыми жұ-
мыс деуге болады? Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп, 
пе дагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жат-
қызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың 
біріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты.
Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім ба-
лаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар 
жүргізеді. Егер ол сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда 
өте жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім берсе, бұл әзірге ғылым 
емес. Мұндай білім – эмпирикалық. Ал, егер ғылыми танымдық деңгейде 
мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің тәрбиелік қызметі 


17
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақ-
сат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы нысанын бөліп қарастыру. 
Педагогика ғылымының нысаны – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің 
өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу нысаны сол салаға жа-
тады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. 
Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім пе да-
гогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйым-
дастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және т.б. 
қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау 
және т.б. әдістерін пайдаланады.
Соңғы белгі – терминологияның бірмағыналылығы. Бұл ғылыми қа-
ғидаға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, зом-
былықпен бірмағыналылыққа әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысын да 
түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл – заңды үде ріс. 
Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, ма-
қала сияқты еңбектерінде автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және 
зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ес-
керт пейінше, терминді әртүрлі тұрғыда қолдануға оның құқығы жоқ.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жа-
татындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы объектісінің бөлі ніп 
қа ралынуы, адамның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терми но ло-
гиялық бірмағыналылық сияқты белгілері бойынша анықталады.
Қазіргі ғылым өзінің көпқырлы саласы мен ақиқат дүниені терең 
түсіну жүйесіне негізделген білімді тұтастай талдап қорытуға бағытталған
сондықтан маңызды дүниетаным бағдары дүниенің біртұтас жалпы ғылыми 
сипаттамасын жасауға ұмтылыс болып табылады.
Ғылыми ізденісті жүзеге асырудың басты формасы – жекелеген ға-
лымның және ғылыми ұжымның ғылыми жобасын, ғылыми зерттеуін дұрыс 
ойластырылған жүйеде ұйымдастырылған ғылыми іс-әрекет. Ғылыми 
зерттеу іс-әрекеті – әлеуметтік-мәдени, технологиялық және өндірістік 
мә селелерді шешуге қажетті жаңа білім алуды және оны қолдануды қам-
та масыз ететін күрделі ақыл-ой қызметі. Егер: а) зерттеушінің танымдық 
әлеуетін белсендіретін ғылыми іс-әрекет; ә) зерттеліп отырған саланы та-
нып білудің нақты ойластырылып жасалған зерттеу кезеңдері мен әдістері; 
б) жоспарлы ізденіс жүргізу; в) алынған нәтижені рәсімдеу; г) зерттеу 
қорытындысы бойынша қорғау немесе есеп болмаған жағдайда зерттеу 
жүргізілуі мүмкін емес. 
Ғылыми зерттеулердің таным стратегиясы, тактикасы және логикасы 
оның ерекшелігіне неғұрлым тәуелді болса, солғұрлым оның түрін ажы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет