Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


-сурет. Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері Джини коэффициенті



Pdf көрінісі
бет477/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

14.3-сурет.
Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері
Джини коэффициенті
– бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді 
анықтайтын көрсеткіш, ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің 
олардың тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл 
көрсеткіш Лоренц қисығы салынған фигура алаңының абсолютті 
теңдік сызығы салынған үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде 
анықталады:
К
Дж
 = М ауданы / N ауданы.
К
Дж
шамасы шын мәнінде, 0 мен 1-дің арасында болады, егер 
коэффициент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік 
орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік 
орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады 
деген сөз, алайда, мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.


292
Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне 
байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін 
болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей 
топтағы азаматтар өмір сүреді.
Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың 
берген анықтамасы бойынша
кедейшілік
– бұл өмір сүрудің 
ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. 
Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары 
мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы 
жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін 
өмір сүру 
минимумы
көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы 
көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан 
қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-
ін азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен 
бірнеше көрсеткіштер: минималды жалақы, минималды зейнетақы, 
шәкіртақылар, бірқатар жардемақылар байланысты. Өмір сүрудің 
осындай шегі кедейшілік-тің негізгі сипатты белгісін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   595




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет