Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен



бет91/95
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#88941
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
паразитология кітап

Ancylostoma сапіпит өкілі ерекшеленеді (Scott, 1929).
Мысык түр тармағы мысык ұкпактарының жоғары дэрежеде зақымдануын (45% жасанды енгізілген дернэсілдерімен) жэне күшіктерде томен көрсеткішті (1%) береді. Ал, ит түр тармағы, күшіктердің закымдануын (дернәсілдердің 50% пісіп жетілген) түдырған. Сонымен қатар, анкилостомалардың мөлшері алынған түр тармағына емес, иесінің сипатына байланысты екені аныкталды. Ит пен мысык анкилостомалары иттің организмінде ірілеу, ал мысықтың организмінде кішірек болған, жэне керісінше. Дэл осы тэсілмен. егеукұйрыктар мен тышкандарда паразиттік тіршілік ететін Hymenolepis fraterna өкілінің екі түр тармағының болу- ын Д. Шорб (Shorb, 1933) аныктады. Адам мен маймылдардың Strongyloides stercoralis түр тармактары тіршілік циклдерімен ерекшеленеді.
Паразиттік тіршілік ететін карапайымдылардын кейбір түрлері патогенділігімен, корек қажеттілігімен жэне тіршілік орталарымен ерекшеленетін биологиялык түр тармактарын кұрайды. С.А. Гоар (1956) осындай түрішілік топтарды «дем» (грек тілінен - demos - түрғын) терминімен атауды үсынады. Ерекше сипатына байланысты
«дем» сөзінің алдына кажетті косымша койылады: экодем (тіршілік ету оргасындағы айырмашылыктар), нозодем - клиникалык нұскалар үшін, серодем - иммунологиялық касиеттерімен ерекшеленетін штамдарға арналған, ксенодем - түрлі иелерге мамандануына байла­ нысты, клинодем - географиялық эртүрлілік. «Дем» түсінігінің өзіне С. А. Гоар таксономиялыкмінездемебермейді жэнеол, мэні жағынан, популяция түсінігіне жақын. Ксенодемдерге, мысалы, түйе, жылкы жэне баска да ірі караларға тэн Trypanosoma evansi өкілі жатады. Т. evansi өкілінің кейбір топтарын клинодем жэне нозодем ретінде қарастыруға болады. Еуропада Dermacentor кенелеріне бейімделген, ал Азияда Rhipicephalus өкіліне бейімделген Babesia cams, ксе- нодемалар түзеді. Plasmodium falciparum түрінің түрлі штамдары Anopheles туысының түрлі өкілдеріне бейімделген (Ноаге, 1956).
Эволюция барысында, осындай демдер, сұрыпталу бары- сында қалыптасып жаңа иелердің организмінде тіршілік ету- ге бейімделген үрпақтан ұрпакка түкымқуалау ақпараттар арқылы берілетін түрлер мен түр тармактарына айналуы мүмкін. Физиологиялық жэне экологиялық ерекшеліктерін негізге ала оты- рып калыптаскан түрлер биологиялык түр болып табылады. Олар,

280


әртүрлі иелердің организмінде тіршілік етуге бейімделген жэне морфологиялық жағынан бір бірінен ерекшеленбейді. Мысалы, Entamoeba histolytica адамдарда, Е. гапагит бақаларда, Е. invadens бауырменжорғалаушыларда паразиттік тіршілік етеді. ал Е. moshkowski еркін тіршілік ететін формасы болып табылады (Ноаге, 1956).
Ешкілер мен қойлардың организмінде кездесетін Eimeria arloingi жэне Е. faurei биологиялык түр болып саналады. Себебі, эртүрлі иелердің ооцисталары бір біріне өте ұксас келеді. Бірак, паразитпен айкас зақымдану жүрмейді (Крылов, 1961), Биологиялык түрлерді аньщтау максатында, айқас закымдану тэжірибелерін жүргізу қажет, яғни, әртүрге жататын иелерге айкас зақымдану жүргізу.
Адам мен шимпанзе организмінде малярия ауруын тудыратын плазмодиялар морфология жағынан бір бірінен ерекшеленбейді. Plasmodium falciparum шимпанзенің PI. reichenowi өкіліне сәйкес келеді, бірақ олардың арасында айқас закымдану жүрмейді. PI. vivax адам штаммы маймылдарда жасырын түрде зақымдануды жэне РІ. таіаһае белгілері байкалмайтын закымдануды тудырады. Яғни, адамның организмінде паразиттік тіршілік PI. falciparum жэне PL reichenowi өкілдері биологиялық түр болып, ал PI. vivax жэне PL malariae түрлері екі түр тармағы болып табылады, олардың біреуі адамдарға, екіншісі маймылдардың организміне жаксы бейімделген (Ноаге, 1949).
Биологиялык түр, түртүзілудің дивергентті процесінің бастапқы сатыларын бейнелейді. Олар «жас түрлер» жэне араларындағы морфологиялық айырмашылықтары айкын байкалмайтын «in statu nascendi» түрлері болып табылады.
Демалар сиякты түрішілік өзгешеліктер бір ие шегінде де ту- ындау мүмкін. Мысалы, висцеральді лейшманиоз ауруын туды­ ратын Leishmania donovani екілі, үнділік, жерорта теңіздік (Кала Азар) типтерімен сипатталады (Ноаге, 1949). Олар морфологиясы жағынан ұқсас болғанымен, клиникалық, иммунологиялык жэне эпидемиологиялык белгілері бойыниіа ажыратылады. Тері лейш­ маниоз ауруын тұдырушы L. tropica (Боровский ауруы) кезінде, екі эпидемиологиялык нозодемалармен, ауылдык - өткір некроз тұдырушы және кадалык кейінірек жаралар түзуші топтарымен сипатталған.
Plasmodium vivax жэне PL falciparum вируленттілігімен жэне латентті кезеңінің үзактылыгымен ерекшеленетін географиялык түр

281


тармактарын түзеді (Boyd, 1949). PI. vivax өкілінің инкубациясы ұзак уакытка (7-12 ай) және кыска уақытка (8-23 күн) созылатын екі түр тармағына ие (Николаев, 1949).
Entamoeba histolytica вируленттілігі бойынша ажыратылатын нозо- немесе серодемаларды түзеді (Матевосян, 1951; Ноаге, 1960).
Биологиялык түр тармактарымен катар, бір ие шегінде, паразит- терде морфологиялык сипаты бойынша түрішілік дифференциаци- ясы жүруі мүмкін. С. Добелл жэне М.Джепс (Dobell a. Jepps. 1918) өзара циста мөлшері бойынша ерекшеленген Entamoeba histolytica өкілінің 5 түр тармағын сипаттады. Талшықтылардың ішінде. Trypanosoma brucei өкілі, нозодемалар мен серодемаларды ғана емес. морфологиялык жағынан айырмашылығы бар түр тармактарын ту- дыруы мүмкін. Тері лейшманнозының қалалык клиникалық форма- сын түдырушы Leischmania tropicaf minor, ал ауылдык формасын L. tropica f major болып табылады. Лейшманияның екі формасы өзара мөлшерлері бойынша ажыратылады.
Кей жағдайларда, түр ішінде географиялык жэне экологиялык түр тармактары түзілуі мүмкін.
Көпкылтанды күрттың Travisia forbesi ішегінде паразиттік тіршілік ететін көплеткалы динофлагелат Haplozoon armatum дараларының дене күрылысы тығыз жэне жинакы, ал сілекей бездерінде кездесетін даралары жіңішке жэне созылыңкы болып келетінін В.А. Догель (1910) анықтады.
Грегариналардың екі жакын түрі Urospora intestinalis жэне U. pulmonatis голотурия класының Cucumariajaponica өкілінде паразиттік тіршілік етеді. Бірінші түрі ортаңғы ішектің эпителий кабатында, ал екіншісі өкпесінде мекендейді. Бүл грегариналардың вегетативті саты- лары ұксас болып, ал спораларының пішіні эртүрлі болып келеді.
Адамның организмінде Trichomonas туысының үш түрі; Т. hominis ішскте. Т. vaginalis жыныс жүйесінде, Т. tenax ауыз куысында паразиттік тіршілік етеді. Соңғы екі түрі, бірінші түрден дамып шықты деген түжырымдар бар. Цестодалардың арасында Апоріосерһаіа туысының A. magnet өкілі жылкының аш ішегінде кездеседі, a A. perfoliata гүрі ток ішекті мекендейді. Қойлар мен ешкілердің ішегінде Stialcsia globipunctata паразиттік тіршілік етсе, кслесі түрі S. hepatica от жолдарында мекендейді.
Мұндай түрлердін болуы, паразиттердің, бір организм ішінде жаңа тіршілік орталарын игеруіне байланысты жэне иесінің дивер- генциясына тэуелсіз жүретін түртүзілу процесін сипаттайды.

282




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет