Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Ғимараттар палаталарының терезелері бағытталған жағындағы учаскенің шетіндегі қорғаныс зонасын 30 м дейін үлкейтеді



бет204/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz
Әдемі әріптер, 26 «Перифериялық ж-WPS Office, 49 Балалардың мект-WPS Office, үш вектордың аралас көбейтіндісі және оның қасиеттері туралы жаз, 42 Витаминдер – ті-WPS Office, 46 Сүт — барлық жа-WPS Office, Тест , 11 Вектор ұғымы Документ(2)-WPS Office
Ғимараттар палаталарының терезелері бағытталған жағындағы учаскенің шетіндегі қорғаныс зонасын 30 м дейін үлкейтеді.
Егілген жас ағаштар аурулардың жағдайына қолайлы әсер ететін фактор ретінде де және олардың ауруханада болу жағдайын жақсартатын фактор ретінде де маңызды роль атқарады. Көк желектер арқасында аурухана аумағында қолайлы микроклимат жағдайы жасалады: жазда салқын, қыста қолайлы температура болады, әсіресе оңтүстік аудандарда, күн көзінен қызған ғимараттардан, тротуарлардан, қоршаулардан шыққан радиация төмендейді. Көкжелектер ауаның оттегімен қанығуын жоғарылатады, аумағында шудың деңгейін азайтады, қатты жел соғудан қорғайды, шаң, газ, бу және бактерияларды өзіне тартады. Көптеген ағаштар және өсімдіктер бөлетін фитонцидтері – табиғи антибиотиктер - патогенді микроағзаларды жойып, ауаның биологиялық ластануын төмендетеді. Бұл тұрғыдан айрықша көрнектісі, қылқан жапырақты ағаштардың, қайыңның, аршаның, теректің еменнің бактерицидтік қабілеті болып табылады. Ағзаға қолайлы жағдай жасайтын, гипоксия құбылысын азайтатын табиғат аясында, көкжелектердің арасында болу емдеу үрдісінің алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, таза ауада серуендеу, гипертония ауруы бар адамдардың қан қысымын төмендетіп, жалпы жағдайын жақсартады. Аурухана сая бағында науқастар серуендеуі, олардың қимыл-қозғалысын арттырады, ұзақ уақыт төсекте жатқан науқастарда пайда болатын гиподинамияның теріс көріністерін төмендетеді, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйелері, асқазан-ішек жолдарының жұмысын күшейтеді, ағзаның тонусын жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   304




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет