Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет4/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965
Деформацияланған пісіру құрылымдарын жөндеу, Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
 
Т
АЛШЫҚТЫ
-
ОПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІ
 
Жоғары жылдамдықтағы үлкен көлемді ақпаратты жеткізу үшін 
компьютерлік желілерде талшықты-оптикалық байланыс желісі 
қолданылады. 
Т а л ш ы қ т ы - о п т и к а л ы қ б а й л а н ы с ж е л і с і (ТОБЖ) — 
оптикалық талшық ішінде (жіңішке әйнек не пластик жіппен) жарық 
сигналын пайдаланып ақпаратты тасымалдау жолымен екі электр 
тізбегін байланыстыратын желі. Оптикалық талшық жұмысының 
принципі толық ішкі шағылысу әсеріне негізделген. Кіріс сигнал 
жарықтық сәулелену көзін үлгілейді, ал жарықты қайта электр 
сигналына түрлендіру үшін фотоқабылдағыш пайдаланылады. Сөйтіп, 
ТОБЖ мынадай негізгі құрамдас бөліктерден тұрады:
1)
таратқыш; 
2)
оптикалық талшық негізді кабель; 
3)
қабылдағыш; 
4)
біріктіргіштер (коннекторлар). 
Едәуір күрделі желілер мен коммуникациялық желілер үшін 
тармақтағыштар, мультиплексорлар және таратқыш құрылғылар 
сияқты қосымша элементтер пайдаланылады. Таратқыш ретінде 
жарық диодтары мен жартылай жетекті лазерлер қолданылады.
Ақпаратты жеткізу үшін негізінен оптикалық талшықтардың аз 
бәсеңдеуін қамтамасыз ету үшін 850, 1300 және 1 550 нм ұзындықты 
талшықтары бар сәулелену қолданылады. 
Жарық диодтары толқын ұзындығы толқындар ұзындығы 850 
және 1 300 нм болатын жарық шығара алады. Толқындар ұзындығы 
850 нм сәуле таратқыштар толқындар ұзындығы 1300 нм сәуле 
таратқышқа қарағанда айтарлықтай арзан. Сөйте тұра ұзындығы 850 
нм толқындар үшін кабельдің өткізу жолағы (200 МГц/км немесе 500 
МГц/км). 
Лазерлі сәуле таратқыштар ұзындығы 1300 және 1550 нм 
талшықта жұмыс істейді. Заманауи лазерлердің тез әсері жиілігі 
10ГГц және одан да көп жарық ағынын үлгілеуге мүмкіндік береді. 
Лазерлі сәуле таратқыштар жарықтың конгерентті ағынын жасайды, 
соның салдарынан оптикалық талшықтарда шығын жарық диодынан 
когерентті емес ағынды пайдалану кезіндегіден азаяды. 
Оптикалық талшық орталық жарық жеткізгіштен (ядро) және сыну 
көрсеткіші төмен қоршаған оптикалық қабықтан тұрады. Жарық 
сәулелері ядродан тарала отырып, «ядро – оптикалық қабық» шегінде 
сәулелену арқылы оның шегіне шықпайды. Шектік бұрыштан төмен 
бұрыштағы шекарадан енетін жарық оптикалық қабыққа еніп, онда 
таралған сайын бәсеңдейді, себебі оптикалық қабық жарық таратуға 
арналмаған. Сондай-ақ талшықтың қосымша қорғаныш қабығы бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет