Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Спорт және дене тәрбиесі –



Pdf көрінісі
бет8/244
Дата13.12.2021
өлшемі34,93 Mb.
#100184
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   244
Байланысты:
Бишаева Дене шынықтыру
Оқу практика Алшора Айғаным, case8-9, efc65db7-3a04-11e3-9713-f6d299da70eeпед шебер умкд, 1366194530, ӘЛ ФАРАБИ, 2 мектепке даярлық
1.1. Спорт және дене тәрбиесі –
қоғамдық құбылыс 
Спорт    және  дене  тәрбиесі  адам  қызметінің  өзгеше  сала
-
сы болып біздің эрамызға дейінгі 40-30 мың жыл бұрын ең
-
бектен  бөлініп  шықты.  Дене  жаттығуларының  мемлекеттік 
формада пайда болғанға дейін халық тұрмысында пайда бо
-
луы мен орындалуы оның адам өмірі үшін қажеттілігін көрсе
-
теді. Неліктен дене жаттығулары еңбек қызметінен оқшаулана 
түсті?
Бiрiншiден,  бұның  биологиялық  алғышарты  бар:  дене 
қозғалысы  адамның  даму  кезеңдерінде  жүзеге  асыратын  та
-
биғи қажеттілігі болып табылады.
Екiншiден, ежелгi адам алдын ала дайындалған дене жат
-
тығулары арқылы жұмысты жақсы жасауға болатынын түсін
-
ген. Сол кезеңде жұмыстың басым бөлігі қимыл-қозғалыспен 
тікелей байланысты болған.
Қазіргі дене тәрбиесі мен спорттың негізі келесі нәрселер
-
ден тұрады: еңбек, әскери iс-қимыл (ату, лақтыру, күрес, т.б.), 
үлкен қашықтықтар мен кедергілерді жеңу (ат спорты, ескек 
есу, жүгіру, жүзу, т.б.). Дәрiгерлiк тәжiрибесi емдiк дене шы
-
нықтыру мен массаждың қалыптасуына негіз болды.
Кейінірек,  ХІХ  ғасыр  аяғы  –  ХХ  ғасырдың  басында  тех
-
никаның дамуы  велосипед, мотоцикл, автомобиль спорт түр
-
ЖАСТАР
ДЕНЕ 
ТӘРБИЕСІНІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК 
МАҢЫЗЫ


8
ЖАСТАР
ДЕНЕ 
ТӘРБИЕСІНІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК 
МАҢЫЗЫ
лерінің пайда болуына түрткі болды. 
Осылайша, адам пайда болғаннан бастап табиғат күштері
-
не қарсы тұру арқылы тәжірибе жинақтап, еңбек құралдарын 
жасап,  олардың  өндірісін  жетілдіре  білген.  Бұл  тәжiрибені 
өскелең  ұрпаққа  жалғастырып  отыру  керек  болды.  Осының 
нәтижесінде  оқыту  мен  тәрбиелеудің  формасы  қалыптасқан. 
Алғашқы  қауымдық  құрылымның  пайда  болу  кезеңдерінде 
дене тәрбиесі ерекше орын алды. Алайда ежелгi адамдардың 
дене жаттығулары жалпы еңбек етуден толықтай ажыратыл
-
маған, керісінше магиялық дәстүрлердің, билер мен ойындар
-
дың құрамына кірген.
Алғашқы  қауым  адамдары,  ең  алдымен,  ірі  жануарларды  аулайтын  аңшы  болған.  Олар 
күштерімен,  батылдықтарымен  және  шыдамдылықтарымен  ерекшеленген.  Ол  кезде  ежелгi 
адамдарда сөйлеу қабілеті дамымаған, сондықтан негiзгi оқу формасы көрсету арқылы жүзе
-
ге асқан. Жастар жанып жатқан оттың қасына жиналып,  үлкендердің тастарды қалай ысқы
-
лағанын, сойыл соққандарын, сүйектерді кескендерін, өлтірілген жануарлардың терісін алып, 
еттерін  бөлгендерін,  отты  жаққандарын  бақылап  тұратын  болған.  Осылайша,  үлкендер  мен 
жастардың арасындағы қарым-қатынастың нәтижесінде еңбек машықтары мен тәжірибелері 
беріліп отырған.
Дене  тәрбиесінің  мол  мұрасы  Ежелгі  Грекиядан  қалған. 
Олимпия бейнелеу өнерiнiң, жарыстар мен культтік дәстүрдің 
орталығы болған және барлық гректер үшін киелі орын болып 
есептелген. Мүсінші Фидий жасаған Олимпиялық Зевстің үл
-
кен ескерткішінің алдында қазылар мен қатысушылар спорт
-
тық күрестің ережесін қатаң сақтауға ант беретін болған. Бұл 
ескерткіш жарысқа қатысушы атлеттердің терең адамгершілі
-
гінің символы болып есептеледі.
Тарихта алғашқы ойын біздің эрамызға дейінгі 776 жылы 
ұйымдастырылған  деп  есептеледі,  алайда  Олимпиадағы  жа
-
рыстар жалпы грек мерекесіне айналғанға дейін де өткізіліп 
жүрген. Олимпиада ойындары әр 1417 күннен кейiн қайтала
-
нып өткізіліп отырған және әлем мерекесіне айналған. Ойын 
жеңiмпаздары  туралы  аңыздар  шығарылып,  оларға  ескерт
-
кіштер қойылған. Ойынға тарихшы Геродот, жазушы Лукиан, 
философ Сократ, шешен Демосфен,  математик  Пифагор қа
-
тысқан. 84-ші Олимпиададан бастап (біздің эрамызға дейінгі 
444  жыл)  өнер  конкурсы  олимпиада  жарысы  бағдарламасы
-
ның бір бөлімі болған.


9
Жарыс ойындары жеңімпаздарының қарапайымдылығы мен 
ұлылығы, әдемілігі мен бекзадалығы Мирон, Поликлет, Фидий 
секілді мүсіншілер жасаған ескерткіштер арқылы мәңгілік есте 
қалып, қазіргі таңда сол ескерткіштер бейбітшілік пен халықтар 
арасындағы достық үшін үлкен маңызға ие болып отыр.
ЖАСТАР
ДЕНЕ 
ТӘРБИЕСІНІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК 
МАҢЫЗЫ
Олимпиядағы жарыстар гректердің жоғары құдайы Зевстің оның қатыгез әкесі Кронды 
жеңуіне арналған. Гректер Зевстің өзі оларға күштілік, жылдамдық, ептілік бойынша жа
-
рысуды мұраға қалдырған деп есептейді, сондықтан олар Зевсті Олимпиада ойындарының 
жебеушісі деп жариялаған. Олимпиада ойындары кезінде Грекияда соғыстар тоқтатылатын 
болған. Олимпиядағы храмға арналған Зевстің ескерткішін жасау Ежелгi Грекияның таны
-
мал мүсiншiсi Фидийге тапсырылған. Ағаштан, піл сүйегінен, алтын мен өзге де бағалы 
тастардан жасалған ескерткіштің іргетасымен қоса есептегендегі биіктігі, әр түрлі мәлімет
-
тер бойынша, 12-17 м құраған. Олимпиялық Зевс шамамен 900 жыл тұрған, кейін біздің 
эрамыздың V ғасырында өрт кезінде жойылған. Адамдар оны әлемнің жеті кереметінің бірі 
деп атап кеткен. Ескерткіштің мәрмәрдан жасалған римдiк көшiрмесi Санкт-Петербургтегі 
Мемлекеттiк Эрмитажда сақталған. (1-сурет)
1
Фидий. Олимпиялық 
Зевстің ескерткіші
Олимпиаданы  өткізудің  негізгі  идеясы,  оның  қайталама
-
лығы,  адамдар  арасында  бейбітшілік  орнатуға,  достықты 
нығайтуға,  түсіністікті  күшейтуге  арналғандығы,  дене  мүм
-
кіндіктерін  көрсету,  спорттық  жарыстардың  түрлері  (әртүрлі 
қашықтыққа жүгіру, найза және диск лақтыру, бессайыс, т.б.), 
терминдер (стадион, гимнастика, Олимпиада, марафон, т.б.) – 
бұлардың барлығы дене тәрбиесінің біздің заманымызға дейін 


10
сақталып қалған құндылықтарының толық тізімі емес.
XIX ғасырдың ортасына дейiн дене тәрбиесi жүйесi гимна
-
стикалық деп аталған. Алайда ол уақытта «гимнастика» тер
-
минінің мәні кең болды және ол термин арқылы дене жаттығу
-
ларының әртүрлі түрлері түсіндірілді. Мысалы, 1900 жылғы 
Олимпиада ойындарында гимнастика бойынша өткізілген жа
-
рыстардың бағдарламасына ұзындыққа секiру, кешенді биік
-
тікке  және  ұзындыққа  секіру,  таяқпен  секiру,  50  килограмм 
салмақты  көтеру  кірген.  Тек  XX  ғасырдың  басынан  бастап 
дене  шынықтыру  гимнастика,  спорт,  ойындар  және  туризм 
деп бөлінген. 1924 жылғы  Олимпиада ойындарында гимна
-
стиканың  құрамына  тек  гимнастикалық  жаттығулар  (қазіргі 
уақыттағыдай) ғана енген.
Қазiргi спорт түрлерiнiң көпшiлiгi  XIX ғасырдың екiншi 
жартысынан  бастап  қалыптаса  бастаған.  Дәл  осы  уақытта 
Ресейде  спорт  дами  бастады.  Спорттың  келесі  түрлері  кең 
тарады: ауыр атлетика, күрес, коньки тебу спорты, мәнерлеп 
сырғанау,    велосипед  спорты,  академиялық  ескек  есу,  жүзу, 
шаңғы спорты, футбол, жеңiл атлетика.
КСРО  Халықаралық  Олимпиада  ойындарына  1951  жылы 
қатысты.  XV  Олимпиада  ойындарынан  бастап  (Хельсин
-
ки, 1952 жыл) Кеңес Одағының спортшылары, 1984 жылдан 
басқа жылдары, жүйелi түрде жазғы Олимпиада ойындарына, 
1956 жылдан бастап қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. 
КСРО-ның  Олимпиадаға  қатысушылары  жазғы  және  қысқы 
олимпиада ареналарында тамаша өнер көрсетті (2-сурет).
2
Лидия Скобликова – 
коньки тебу спорты 
бойынша 6 дүркін 
Олимпиада чемпионы
ЖАСТАР
ДЕНЕ 
ТӘРБИЕСІНІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК 
МАҢЫЗЫ


11
Осылайша, 9 жазғы Олимпиада ойындарында КСРО коман
-
дасы 6 рет бірінші орында, 3 рет екінші орынды алды. 
XIX  соңы  –  XX  ғасырдың  басында  Ресейде  дене  тәрбиесі 
термині  кең  тарала  бастады.  Оның  мағынасы  адам  денесінің 
формасын дамыту деп түсіндірілді.
ЖАСТАР
ДЕНЕ 
ТӘРБИЕСІНІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК 
МАҢЫЗЫ
Балалар дене тәрбиесінің теориясын жасауда ірі ғалым-анатом, биолог, белгілі қоғам қай
-
раткері, педагог Лесгафт Петр Францевичтің (1837-1909) еңбегі зор (3-сурет). Оның ойын
-
ша, қозғалыс жаттығулары, қандай да бір қозғалыстарды саналы түрде жасай білу қабілеті 
күшті аз жұмсап, еппен жұмыс жасауда үлкен рөл ойнайды. Ол дене тәрбиесін адамның 
ақыл-ой,  адамгершілік,  эстетикалық  және  тәрбиелік  қырларымен  тікелей  байланысты 
тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды құралы деп есептеген.
1896  жылы  Петербург  қоғамында  дене  тәрбиесінің  дамуына  жәрдемдесу  мақсатында 
Лесгафт «дене шынықтыру жетекшiлерi» атты дайындық курсын ашты.
П.Ф. Лесгафт – «Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесінен білім беру бойынша нұсқа
-
улықтың» авторы, онда дене тәрбиесінің мазмұны мен әдістемесі жазылған.
П. Ф. Лесгафт
XX ғасырдың басында дене тәрбиесiнiң отандық 
жүйесiнің негізін салушы П.Ф. Лесгафт "дене тәр
-
биесі бойынша білім беру" ұғымын енгiзiп, ақыл-ой 
дамуы мен дене дамуының арасындағы тығыз бай
-
ланысты  атап  көрсетті:  дене  жаттығуларын  жасау 
анатомия, физиология, гигиена, медицина, т.б. сала 
бойынша білімді талап етеді.
Лесгафттың ойынша, барлық оқу мекемелерiнің 
бiртұтас  мiндеті  жастарды  өмірге  қажетті  дағды
-
ларға үйрету үшін ақыл-ой мен дененің дамуы ара
-
сындағы байланысты қамтамасыз ету болуы керек.
Қазіргі  таңда  көптеген  дамыған  елдердегі  дене 
тәрбиесi бойынша жасалған бағдарламалар денсау
-
лықты нығайтуға, еңбекке қабілеттілікті арттыруға, 
аурулардың алдын алуға негізделеді.
Дене  шынықтыру  және  спорт  халықаралық,  аймақтық, 
ұлттық деңгейде заманауи қоғамның құрылымына кіреді.


12
Халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын 40-тан аса дене 
шынықтыру-спорт  ұйымдары  бар:    ЮНЕСКО  жанындағы 
дене  тәрбиесі  және  спорт  бойынша  комиссия  (білім  беру, 
ғылым  және  мәдениет  бойынша  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы), 
Дене тәрбиесі және спорттың Халықаралық кеңесі, Халықа
-
ралық Олимпиада комитеті, спорт түрлері бойынша халықа
-
ралық федерациялар, т.б.
ЖАСТАР
ДЕНЕ 
ТӘРБИЕСІНІҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК 
МАҢЫЗЫ
Дене шынықтыру мен спортқа деген ғаламдық қызығушылықтың туындауын қалай түсін
-
діруге болады? Себебі жалпы адамзаттық мәдени құндылықтардың жүйесiне денсаулықтың 
жоғары деңгейі мен адамдардың физикалық дайындығы кіреді. Ол барлық құндылықтар
-
дың негізгісі болып есептеледі, онсыз басқа мәдени құндылықтарды игеру тиімсіз болады. 
Адамның мықты денсаулығы, әдемілігі, жақсы қозғалыс пен шыдамдылығы – бұл жастар
-
дың  ұмтылуы  керек  нәрсе  емес  пе?  Мықты  денсаулық  пен  сергектік  оқу  мен  жұмыста 
жетістіктерге жетуге көмектеседі. Дене шынықтыру мен спортты дұрыс қолдану денсау
-
лықты нығайтудың басты шарты болып есептеледі.
Аймақтық деңгейде келесі ұйымдар жұмыс жасайды: Еу
-
ропа  ұлттық  олимпиадалық  комитеттерiнің  қауымдастығы, 
Панамерикалық  спорт  ұйымы,  Африка  спортының  Жоғарғы 
кеңесі, Азия ойындарының федерациясы, спорт түрлерi бой
-
ынша федерациялар, т.б.
Ресейде ұлттық деңгейде Ресей олимпиада комитеті, спорт 
түрлері бойынша федерациялар, қауымдастықтар жұмыс жа
-
сайды.
"Мәдениет" ұғымы жылдар бойы жинақталған қоғам мен 
адам  дамуының  деңгейін,  материалдық  және  рухани  құн
-
дылықтардың жиынтығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   244




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет