8
енуіне орын қалмайды да, диффузия байқалмайды. Ал кристалдық
торлардың кейбір түйіндері бос болса, ондай ақауы бар кристалдарға
бөгде бөлшектер ене алады да, диффузия құбылысы жүреді.
Ақауы бар қатты денелерге
поликристалдық
(сурет 1.2,
а
және
сурет 1.3) денелер мысал бола алады. Поликристалдың құрамындағы
дәнек
деп аталатын жеке-жеке бағдарланған микрокристалдардың бір-
біріне жанас қан шегараларында ақаулар (бос орындар) мейлінше көп
болады. Ондай бос орындарға басқа заттардың атомдары мен молеку-
лалары өте алады.
Ал ақаулары аз бір бағытта ғана бағ-
дарланған таза
монокристалда
(сурет 1.2,
ә)
диффузия құбылысы байқалмайды. Моно-
кристалдардың мұндай қасиеттері көптеген
аса маңызды техникалық қондырғылар жа-
сау үшін қолданылады. Сондықтан моно-
кристалдық материалдарды жасауға да жә-
не оларды «өсіріп» шығаратын технология-
ларға да үлкен мән беріледі.
6.
Диффузияның зор пайдасымен қоса, зияны да жетерлік. Пайда-
сына келер болсақ, диффузия тіршілік иелерінің өмірінде айрықша
рөл атқарады. Мысалы: оттек (О
2
) диффузия арқылы өкпеге өтіп, адам
ағзасындағы барлық мүшелерін сауықтырады. Ал зиянды өнім болып
табылатын көмірқышқыл газы (СО
2
), керісінше, диффузия жәрдемімен
ағзалардан сыртқа шығарылады. Тағамдардағы қоректік заттар мен
дәрумендер диффузия арқылы адамдар мен жануарлар ағзасындағы
жасушаларға жеткізіледі, ал зиянды қалдықтар мен өнімдер сыртқа
шығарылады. Өсімдіктердің өз тамырлары немесе жапырақтары арқылы
қорек алулары да диффузия құбылысына негізделген. Диффузия арқылы
Сурет 1.2:
Достарыңызбен бөлісу: