Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет9/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû
Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, 11-сынып,орыс сыныбы қазақ тілі, 1 нұсқа, 123, 123, 123, 123, 123, (фото)Ұлттық екпе күнтүзбесі, ӘРБІР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС СҰРАҚТАР, Пробный урок АНГЛИЙСКИЙ, 15,16,17,18 билеттер, 13,14.15 тарбие, instr entkz
Кеуде торының пішіні
Дененің вертикалды қалпымен қолдың қызметінің өзгеруінен жауырын дорсалды бағытта орналасытынына байланысты адамның кеуде торының көлемі алдан артқа қарай тарылды. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесіктері бар.
Кеуде торының жоғарғы тесігі (aperture thoracis superior) – бірінші кеуде омыртқасымен, бірінші қабырғалармен және төстің мойындырық тесігімен, ал төменгі тесігі (aperture thoracis inferior) ХІІ кеуде омыртқасымен, ХІ мен ХІІ – қабырғалармен,
қабырғалар доғасы жиектерімен және алдынан семсер тәрізді өсіндімен шектелген. Оң және сол шеміршектік қабырғалық доғалар арасы төсастылық бұрыш (angulus infrasternalis) деп аталады. Оның көлемі дене бітіміне, жынысына және жасына қарай өзгеріп тұрады. Кеуде торының көлемі мен пішіні адамның жастық, жыныстық ерекшеліктеріне, өмір сүру ортасына және индивидтік дамуы мен өсу жағдайларына тығыз байланысты. Сонымен қатар, созылмалы аурулар, кәсіптік зиянды орта және т.б. үлкен әсер етеді. Кеуде торының пішіні мен көлемін анықтауға келесі үш өлшемнің өзара қатынастары қолданылады:

  1. Алдан-артқа алдыңғы-артқы көлемі, ҮІІ қабырғаның төспен қосылған деңгейінен сол тұста орналасқан омыртқаның қылқанды өсіндісіне дейін.

  2. Көлденең көлемі – ҮІІ қабырғалардың (оң және сол) аса шығыңқы нүктелерін бір-бірімен байланыстырады.

  3. Кеуде торының биіктігі, төстің мойындырық тілігінің жиегін Х қабырғалардың төменгі нүктелері арқылы өтетін горизонталды сызықпен байланыстыратын вертикаль бойымен анықталады.

Ендік индекс формуласы төмендегідей: а
б
х 100; мұнда а – кеуде торының

көлденең, б – алдыңғы-артқы өлшемдері. Өзгерістер 110-180 шамасында болуы мүмкін. 130-дан төмен индексте кеуде торы тар, ал 140-тан жоғары кең деп есептеледі. Кеуде торының басты үш пішінін ажыратады:

  1. Конус тәрізді немесе инспираторлық (демді ішке алғандағы қалып);

  2. Жалпақ немесе экспираторлық (демді сыртқа шығарғандағы қалып); Кеуденің алдыңғы қабырғасы ұзын, жалпақ және тік орналасқан, төсастылық бұрыш үшкір, алдыңғы-артқы көлемі кеңіген;

  3. Цилиндр тәрізді пішін. Сипатталған пішіннің ортасынан орын алған.

Кеуде торының пішіні кәсіби техникалық мамандықтарға оқушыларды іріктеп алуда өте маңызды роль атқарады. Кеуде торының пішініне бірқатар мамандықтар мен спортпен шұғылдану да әсерін тигізеді.
Ауытқулар: көрші омыртқалармен бітісу, құйымшақ омыртқаларының санының көбеюі (атавизм), омыртқалар доғаларының екіге айырылуы (spina bifida), қабырғалардың көп болуы. Айырықша жиі кездесетін ауытқулар: люмбализация – жоғарғы сегізкөз омыртқасының бел омыртқаларына ауысуы, сакрализация – төменгі бел омыртқасының толығымен немесе бөлігінің сегізкөзбен бітісуі. Сондықтан кәсіптік іріктеу кезінде нақты байқалатын люмбализация мен сакрализация ауытқулары бар

адамдар ұзақ мерзім тік тұрғанда, суық тигенде және жарақат алғанда тұрақты радикулит пен ишиалгияға бейім болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   172




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет