Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет174/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Жамбас сүйектердің сынығы
Балаларда жамбас сүйегінің сынуы биіктіктен құлағанда, көлік қаққанда туындайды. Жамбас сүйегінің және оның ішіндегі ағзалардың зақымдалуы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жамбас сүйегінің сынуларының келесі түрлерін ажыратады: жамбас шеңберінің бүтіндігі бұзылмайтын және шеңбердің бүтіндігі бұзылатын сынықтар.


Сурет VI. 23. Жамбас сүйектерінің сыну схемасы

I. Жамбас сүйегіншеңберінің бүтіндігі бұзылмайтын сынықтар:



  • сегізкөздің қиғаш сынуы;

  • құйымшақтың сынуы;

  • ұршық ойындысының сынуы;

  • мықын сүйегінің қалқанының көлденең сынуы;

  • шат немесе отырғыш сүйектерінің бұтағының біреуінің сынуы;

  • мықын сүйегінің айдарының сынуы;

  • отырғыш сүйегінің төмпешігінің сынуы.

II. Жамбас сүйегінің шеңберінің бүтіндігін бұзатын сынықтар:

  • алдыңғы жарты шеңбердің тік сынуы:

а) шат және отырғыш сүйектердің сынуы;
б) шат сүйегінің екі бұтағының сынуы;

  • артқы жарты шеңбердің тік сынуы:

а)мықын сүйегінің қалқанының тік сынуы;
б)сегізкөздің тік немесе қиғаш сынуы;

  • артқы және алдыңғы жарты шеңбердің қосарланып тік (Мальгени) сынуы;

  • сегізкөз-мықын буынның ажырауы;

  • шат симфизінің ажырауы.

Жамбас сүйегінің асқынған сынықтарына жамбас қуысының ағзалары (үрпі, қуық, тік ішек) зақымдалуымен сынықтар жатады. Зәр шығару жолдарының жарақаты көбінесе ұл балаларда кездеседі.
Клиникасы. Жамбас сүйектерінің сыну түрлеріне, сынықтардың ығысуының бар-жоқтығына, ішкі ағзалардың зақымдануларымен байланысты. Шеңбер бүтіндігі бұзылмайтын жамбас сұйектерінің сынықтары кезінде зақымданған жерде ауырсыну сезімі, шектелген ісіну, қанталаулар, өкшесін көтере алмау байқалады.
Жамбас сүйектерінің сынықтары ығысқан және шеңберінің бүтіндігі бұзылған жағдайда шок туындайды. Бала бозғылттанып, шөлсіреп, дауысы шықпай, қол-аяғы мұздап, қан қысымы төмендеп, тамыр қағысы жиілеп, ауыр жағдайда болады. Бұл сынықтардың бар-жоқтығын анықтау үшін рентгенография жасалады.
Емі. Жарақатталған баланы қатты, тегіс төсекке жатқызып санын жамбас, балтырын тізе буындарында бүгіп, сыртқа қарай жазып, «құрбақа» тәріздес жатқызады да, 3–4 күннен кейін ЛФК тағайындайды. Асқынбаған жамбас сүйектерінің сынықтары 3–4 аптадан кейін жетіледі. Жамбас сүйегінің шеңберінің бүтіндігі бұзылған, асқынған сынықтарда шок туындайды. Мұндай жағдайда шокқа қарсы ем шаралары жүргізіледі: физиологиялық ертінділері, қан, полиглюкин құйылып, Школьников–Селиванов бойынша 0,25% новокаиннан блокада жасалады.
Операция тек шат буыны ажырағанда, қуық, үрпі жарақаттанған кезде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   214




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет